Кітапханада жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жылқыбай Нұрбековтің шығармашылығына арналған өлкетанулық әдеби сағаты өтті.
"Беймәлім есімдер" айдары бойынша өткен әдеби сағаттың мақсаты: Жылқыбай Нұрбекұлының шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Ақын туындыларын жан-жақты дәріптеу.
Террористік актілерді болдырмау жөніндегі
халыққа арналған жадынама
Мұқият болыңыздар! Үйіңіздің кіреберісіндегі, аулаларыңыздағы, көшедегі бөгде заттар мен адамдарды дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар.
Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл аударыңыздар.
Үйлеріңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер: кіреберісте домофонымен темір есік орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер.
Көліктегі жолаушының күдікті жүріс-тұрысын көріп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сіздер көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.
Ешқашан, тіпті, өте қауіпсіз болса да, қандай да бір сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат алмаңыздар.
Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкін.
Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.
Күдік тудыратын затқа жақындамаңыздар, тіпті қол тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті.
Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретіңіздер.
Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе екендігі жалпыға мәлім. Соңғы жылдары республикамыздың жеке аймақтарында (Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан және т.б.) "Сырдария кітапханасы", "Баянауыл кітапханасы", "Алтай - Ертіс кітапханасы", сынды жеке атаулы сериялармен республикаға танымал ақындар мен жазушылардың таңдамалы еңбектері басылып шықты.
Шынболат Ділдебаев (1937-1998) Сыр сүлейлерінің сарқытын ішіп, Арқаның ақтанкерлерінің жолын қуған, есімі бүкіл республикаға танымал ақын, жыршы, термеші, өнердің ерен жүйрігі, ұлтымызға белгілі өнер саңлақтарының бірі. 80-жылдардан республикалық ақындар айтысына жиі қатысып, жүлделі орындарға ие болды, шебер термешілдігімен танылды.