Биыл аңыз-әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, әншінің есімі Алматы қаласында Республикалық «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымына берілді сонымен қоса, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы ғимаратының алдында ескерткіш орнатылды. Көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Тәжібайқызы майдан даласында ән салып, әсем дауысымен бүкіл әлемді тамсандырды.

2020 жылдан бастап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп», «Оқитын колледж« жобалары іске асырылуда. Осы жоба аясында кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде «Ел еркесі - Роза» атты  ақпараттық сағат ұйымдастырды.

Толығырақ...

Құрметті кітап сүйер қауым! Өздеріңізге белгілі кітапханамызда жыл бойына қазақтану ілімінің қара нары Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны өтуде.

Марафон аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мен оқыдым, Сізге де оқуға кеңес беремін» атты Қарағанды облысының кітапханашылары арасында буктрейлер байқауы жарияланған болатын.

Байқаудың мақсаты – белгілі жазушы, этнограф, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А.Сейдімбектің өмірі мен қызметін қол жетімді инновациялық нысандары арқылы насихаттау. Кітапхана қызметкерлерінің шығармашылық потенциалдарын ашып көрсету, жұмыстың дәстүрлі емес жолдарын тауып, жүзеге асыру.

Толығырақ...

Құрметті оқырман қауым! Назарларыңызға ҚР-ның халық жазушысы Д.Снегиннің "Бұрынғы Алматыда" атты шығармасын ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығының Номинанттары-
ізденушілеріне арналған ақпарат

Толығырақ...

Бүгін кітапханамызда үлкен мәдени ошақ, халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, тарихын халық арасына, кейінгі ұрпаққа жеткізу мен сақтауда еңбегі зор Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің 90-жылдық мерейтойына арналған “Музей – тарих айнасы» атты тарихи-сазды кеш өтті.

Мақсаты - жастарды музей әлемімен, өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру, еліміздің тарихына деген қызығушылық пен құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кешке облыстық музей басшысы – Ержан Нұрмағанбетов бастаған бас қор сақтаушысы Меруерт Орыспаева, жалпы тарих, археология және этнография бөлімінің басшысы Дәурен Жүсіпов, экскурсиялық-бұқаралық бөлімнің басшысы Зәуреш Тебаева қатысты.

Толығырақ...