2021 жылдың 1 маусымынан бастап Абонемент бөлімінің кітап қорына тексеріс жүргізіледі. Осыған байланысты бөлім оқырмандармен ағымдағы жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейін жұмыс істемейді. Қолыңыздағы кітапты қайтаруды кітапхананың 1 қабатында дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 19:00-ге дейін қайтаруға болады.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!

Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға «Балаларға базарлық» циклі бойынша ақын Тілеуғазы Бейсембектің «Сиқырлы музыка» туындысын ұсынамыз.

 

Бүгін, 2021 жылғы 19 мамыр күні Қазақстан Республикасының мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында кітапханамыздың өлкетану бөлімінің басшысы, кітапхана ісінің шебері Сандуғаш Орынбайқызы Телпекбаева облыстың және еліміздің кітапхана ісін дамытудағы мінсіз жұмысы, кітапхана саласын жетілдірудегі қосқан үлесі және инновациялық жұмысы үшін Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығының «Үздік кітапханашы» номинациясының иегері атанды.

Кез-келген адам өміріндегі мұндай сәт жүрек толқытар және есте қаларлық, осы деңгейдегі марапаттар жоғары кәсібилікті растай отыра, жеке тұлға ретінде қалыптасудың көрінісін, сондай-ақ өмір жолының жемісті кезеңдерін бейнелейді.

Толығырақ...

Ойшыл оқырмандар мен поэзияның талғампаздары үшін кітапханамызда ақын, публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы  Олжас  Сүлейменовтің туғанына  85 жыл  толуына орай «Ақыл – ойдың айсбергі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде ақынның өмірбаяны, шығармашылық және қоғамдық-саяси қызметінің негізгі кезеңдерінен тұратын кітаптар мен фотосуреттер ұсынылды. Ақын туындыларының орыс тілінде жарыққа шыққандары да осы көрмеден табылады. 1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. «Арғымақтар» және «Адамға табын, жер, енді» атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнақылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі. «Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді - Сергей Марков.

Толығырақ...