2022 жылғы 18 қазандағы ҚР Үкіметінің №833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханашылар күні» мерекесі болып бекітілді. Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.
Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Олар оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Кітапханашылар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.
Алғаш рет аталып отырған кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай 2022 жылдың 21 қазанында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының базасында «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара өтті.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Қазақстандықтар жыл сайын 2009 жылға дейін, 8 жыл қатарынан мемлекеттік мерекені атап өтті. Алайда, 2009 жылы «Мерекелер туралы» Заңға түзетулер енгізіліп, оның күші жойылып, мереке алынып тасталды. 2001 жылы «Республика күні» мемлекеттік мереке болып атап өтілсе, қазір оған Ұлттық мәртебе берілді. Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлайды. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, 2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті.
Осы атаулы күнге орай, 2022 жылдың оқу залдары бөлімінде Республика күніне арналған «Қазақстан – тағдырым менің» атты тарихи виражы өтті.
Кітапханамызда 20 қазан күні Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жылдығына арналған жастарға мол мұрасын насихаттау мақсатында «Шерхан Мұртаза – дәуірдің шынайы суретшісі» атты тарихи - әдеби кеш өтті.
Кеш қонақтары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы Ж.Б. Шәкәрімқызы Шерхан Мұртазаның балалық шағы, өскен ортасы, қызмет жолы, шығармашылығы, аудармалары туралы әңгімелеп, жазушының өмір жолына, шығармаларының ерекшелігіне, қоғамдық өмірден алынған тілі көркем суреттелген шығармалары айтылды.
Биыл Астана ресми түрде елорда мәртебесіне ие болғанына 25 жыл толады. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тиісті жарлыққа қол қойған болатын. Сол кезеңнен бастап, қазір Астана Еуразия құрлығының саяси және экономикалық орталығы. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Астана – жаңаның бейнесі. Бұл біздің республикамыздың тәуелсіздігінің нышаны» деп атап өткен болатын.
15 қазан күні Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Арқаның ақиық ақыны, кеңестік заманда есімі еленбей, қолжазбалары үкіметтік өңдеуге түсіп, жыры жария болмаған, жыр-дастандары ескі қадым қарпімен таңбаланған – Нұржан Шоңұлының «МИРАС» атты өлеңдер мен дастандар жинағының таныстырылымы өтті.
Кешті Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қасым» республикалық әдеби-қоғамдық журналының Бас редакторы, жазушы Серік Сағынтай жүргізді.
Кітаптың жарыққа шығу барысы жайлы кітап құрастырушы, Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылының имамы Айдаржан Балтабайұлы Қасенов ақын шығармашылығы мен оның жүріп өткен жолының тәрбиеге толы мағыналы өміріне тоқталдыжәне Нұржан Шоңұлының ұрпақтары сөз сөйлеп, бүгінгі жақсы күнде ұрпағына мирас боп отырғанын жеткізді.