2024 жылғы 1-4 қазан аралығында Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жыл сайынғы «Қарағандының алғашқы кітапханасы» ашық есік күнін өткізді.

Іс-шараның мақсаты - кітапхананың әлеуетті оқырмандары аясын кеңейту, кітапхана мен бөлімдер ұсынатын қызметтермен, жаңа ақпараттық мүмкіндіктермен таныстыру, оқуға қоғамдық қызығушылықты арттыру.

Таңертеңнен бастап жас студенттері қызықты және танымдық алаңдар күтіп тұрды: «Таныс және бейтаныс кітапхана» ақпараттық минут, тақырыптық кітап көрмелері, шолулар, блиц-сауалнамалар, зияткерлік-танымдық ойындар, фотосессиялар. Фойеде, арнайы дайындалған стендте ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімі дайындаған «Бізге - 90!» тілек бұрышы ұсынылды. Келушілер кітапхана жұмысы бойынша өз құттықтауларын, тілектерін және ескертулерін қалдырды. Мәселен, «Өте керемет кітапхана!», «Оқырмандармен одан әрі дамуды тілеймін!», «Рахмет!, сіздерге табыс пен ілгерілеуді тілеймін!», «Атаулы 90 жылдықтарыңызбен құттықтаймыз!» т.б. керемет ізгі-тілектерін студенттер стенд тақтасына жазып қалдырды. Кітапханаға жазылғысы келетіндерге оқырмандар билетін тегін рәсімдеу мүмкіндігі берілді. «Менің кітапханам» атты қызықты блиц-сауалнаманы, «Таныс және бейтаныс кітапхана» инфомминутын және «Буккроссинг - еркін кітап аймағы» қызықты буккроссингін құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі дайындады. Олар экскурсанттарға ҚОӘҒҚ қызметі мен кітапхана қорлары, каталогтар, оның ішінде электронды, кітапхана сайты мен блогы, КОУНБ-ның интернет кеңістігіндегі әлеуметтік желілерге қатысуы туралы ақпарат берді.

Мақсаты: қазақ ақын-жазушыларының және әлем әдебиеті шығармаларын талдауға, жастарды сөйлеу мәдениетіне, өз пікірін ашық айтып, өз көзқарасын дәлелдей білуге баулу, әдебиетке деген таным-біліктілігін шыңдау.

Аталмыш шараға Қарағанды жоғары гуманитарлық  колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасын талқылап, ойларын ортаға салды. Соғыстан кейінгі Ербол мен Меңтайдың махаббаты, тағдыры, тұрмыс-тіршілігі, туралы түсіндіре отырып, романның танымдық және тәрбиелік маңызын, көркемдік құндылығын атап көрсетті. Махаббаттың құндылығы және оның әрбір адам баласының өмірінде қаншалықты маңызға ие екендігі туралы өз ой-толғаныстарымен бөлісті. Оқырмандарға «Махаббат қызық мол жылдар» атты сериалдан  үзінді ұсынылды.

Жалпы, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жалпыхалықтық экологиялық сауат ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Осыған орай, «Ой-орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы экология тақырыбына арналды.

Клуб мүшелері Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Ауелбекова Арайлым Жоровнамен, Қарағанды облыстық мемлекеттік экологиялық департамент  басқармасының аға инспекторы -  Көлебаев Бахтияр Тілеуғазыұлымен кездесті.

Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығы туралы баспалық және электрондық БАҚ беттерінде кеңінен жарияланды.

Облыстың басты кітапханасының тарихы, кітапхана мамандары, кітап және кітапхананың қазіргі өмірдегі рөлі «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» газеттерінің беттерінде көрініс тапты. Кітапхана туралы шолу материалдары, кітапхана оқырмандары мен серіктестерінің мақалалары, сондай-ақ «Гоголевка» кітапханашыларымен сұхбаттар жарияланды. БАҚ өкілдері  «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk жұмысына ерекше назар аударып, қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, Қазақстанның кәсіби басылымдарында кітапхананың 90 жылдығына арналған кәсіби мақалалар  жарияланды.

19 қыркүйек күні халықаралық іс-шара Ресей ұлттық кітапханасымен (Санкт-Петербург қ., РФ), Ресей мемлекеттік жастар кітапханасымен (Мәскеу қ., РФ), А.С.Пушкин атындағы Омбы облыстық кітапханасымен (Омбы қ., РФ) Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімімен басталды.

Сонымен бірге кітапхана төрінде кітапхана ісін жандандыруға бағытталған мерейтойлық іс-шараның жалғасы ретінде қазақ әдебиетінің, аймақтың шығармашылық шыңдалуына өзіндік үлес қосып жүрген жергілікті ақын-жазушылардың қатысуымен «Жаңа дәуір әдебиеті: дәстүр және жалғастық» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет модератор болды. Дөңгелек үстелде қазіргі қазақ әдебиетіндегі өзекті мәселелер мен баспа ісі, ақын-жазушылар цифрлық оқу дәуірінде «жазушы – оқырман» диалогы қалай дамитыны, «өз» оқырманын қалай көргісі келетіні, оқырманымен кері байланыс қажет пе және олардың пікірлері туралы өз ойларымен бөлісті.