Құрметті оқырмандар!

Еліміздің алдағы өмір жолын айқындап, болашаққа деген сенімді арттыратын Елбасының жыл сайынғы  Жолдауы халықтың рухын көтеріп, үлкен мақсаттарға жетелейді. Сондықтан миллиондаған қазақстандықтардың жүрегіне сенім мен үміт ұялататын басты құжатты халық жыл сайын асыға күтеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты биылғы Жолдауында қазақ мәдениетін өркендетуге, ұлттық ақпарат кеңістігін кеңейтуге бағытталған бірнеше міндеттер жүктелді. Осыған орай, облыстық кітапхана "Жалпы қазақстандық мәдениеттің дамуының жаңа серпілісі" атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің бірінші бөлімінде Елбасының  жалпы қазақстандықтардың бәсекеге қабілеті, мәдени саясаты мен құнын  қалыптастыруға  жаңаша леп беретін  маңызды әдебиеттер жинақталды. Келесі бөлімге тәуелсіз Қазақстаның ертеңі жастар болғандықтан ата–бабаларымыздан қалған, қазақ халқының салт-дәстүрі, сонымен қатар қазіргі қол жеткен табысымызды  толықтыра түсудің іздері нақты көрсетілген "Мәңгілік елді" нығайтуға бағыталған әдебиеттер қойылды. Бейбіт еліміздің сайын даласының  самалымен ырғалған сазды ән мен әуенің інжу маржаныңа толы егемен елімізге арналған, кейінен шыққан шаттық әндер мен жырлар жинақтары көрмеге ұсынылды.

Сондықтан биылғы жолдау бізді жаңа бағыттарға жетелеп, жаңаша ойлап, кемел істер атқаруға жұмылдырады. Бәріміз Елбасының жолдауын бір ауыздан қолдап өз үлесімізді қосайық,  кітапхана қорында жинақталған қазақ халқының өнері мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізге байланысты әдебиеттермен танысып, осы көрме арқылы  жаңа жолдаудан жаңа табысқа жетейік.