Достар! Кітапханамызда «Жазғы оқу қаласының» және «Кітапханадағы жаз» жобасының ашылу салтанатына шақырамыз!

Сіздерді 5 маусым күні сағат 11.00-де Ерубаев көшесі 44 мекен-жайында 2023 жылдың күтеміз!

Сіздер үшін Шығармашылық алаңдар:

       «Жазғы оқу қызық оқиғаға шақырады»: шеберлік сағаттар мен зейінді болу ойындары мен жаттығулар;

       «ITландия»: технология әлемін зерттеушілер үшін қызықты алаң, ойындар мен спортты үйлестіру арқылы денсаулық әлеміне саяхаттау;

       «Дамы! Ойна! Жаса! Арманда!»: танымдық және зияткерлік ойындар;

       «Кітап патшалығы»: жаңа кітаптармен танысу, «Үйрен де жирен» шеберханасы;

       «Көңілді арал»: суреттер байқауы, дидактикалық және дала ойындары;

       «Балдәурен»: ұлттық ойындар, АРТ сағаттар мен асық-party;

       «Полиглот»: тілдерді ойын арқылы үйрену сабақтары.

Бізге қосылыңыз! Жаңа мүмкіндіктер мен достар тауып, ой-өрісіңізді кеңейтіп, жазғы демалысыңызды «Кітапханадағы жазда» өткізіңіз!

Кіру тегін! Бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Жазғы демалыс кезінде саяхатқа шығып, теңіз жағалауларында тынығып, табиғатты тамашалап, демаламыз! Көп адамдар жазғы уақытын әрине, алдын-ала жоспарлап, керемет өткізуге тырысады. Осы орайда, біздің кітапхана жаз мезгілінде демалыстың барлық түрін кітап арқылы ұсына алады.

Сондықтан жылдағы дәстүрмен 5 маусымда кітапханамызда «Жазғы Оқу қаласы» Акциясы және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітапханадағы жаз» бағдарламасының тоғызыншы маусымы басталды.

Аталмыш жобалар ашылу салтанатында Қарақат мектеп - студиясының «Шалқыма» ансамблі «Секіртпе» күйін, Абай атындағы мектеп-гимназиясының «7» В сынып оқушысы Бекболат Әли «Ақ бұлақ» әнін, Әл-Фараби атындағы мектеп гимназиясының «6» В сынып оқушысы Рафайлова Айсара Мадиарова Қорқыттың «Сарын» күйін орындап, «Алтын сақа» бөбекжайының «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Аяпберген Айханым М. Жұмабаевтың «Ботамды көрдім түсімде» атты өлеңін оқып, көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

Толығырақ...

17 шілде

Кітап патшалығы

17 шілдеде абонемент бөлімінің «Кітап патшалығы» алаңында балалардың жаз мезгілі туралы ұғымын кеңейту, жаз айларының ерекшелігін ұғындыру, жазғы табиғат өзгерістерін бақылап, әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге үйрету мақсатында «Жайдарлы жаз» суреттер байқауы өтті. Шара барысында кітапхана мамандары балаларға жаздың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі жайында айтып өтті.

Балалар сурет салуға барлық ынталарымен кірісті. Олар өздерінің қиялдары мен шеберліктерін көрсете отырып, жазғы табиғат көрінісіне арналған суреттерін салды. Әр бала жаз айын қандай көзбен көретінін аңғартты. Балалар салған суретте ашық аспан, жадыраған күн көзі, өзен-көл, жайқалған ағаштар, алаңсыз ойнап жүрген балаларды көрдік. Соңында әр бала өзінің салған суретімен таныстырып өтті.

Толығырақ...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

 

2023 жылдың 1 маусымнан бастап Оқу залдары бөлімінде кітап қорына тексеріс жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты бөлім ағымдағы жылдың 1 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін оқырмандармен жұмыс істемейді.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз!

Құрметті оқырман! Назарларыңызға  «Кітап және кітапхана» мен «Кітап патшалығы» кәсіби журналдарына "Библиопресс" анонсын ұсынамыз.