Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 2020 жылы өткізілген ақпараттық-насихат және мәдени-көпшілік шаралар жылдың маңызды оқиғаларына: Қазақстандағы еріктілер жылына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына, ҚР Конституциясының 25 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, А. Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына, Н. Нұрмақовтың 125-жылдығына т.б. республикалық және аймақтық айтулы даталарға арналды. Аталған бағыттар бойынша жұмыстарды үйлестіру мақсатында тақырыптық жоспарлар, іс-шаралар ұйымдастырылды.
2020 жылы кітапхана қызметінің келесі басым міндеттерді шешуге бағытталған:
- "Қазақстан-2050" Стратегиясын ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету: "Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты", "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі" атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, Елбасының "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту" және "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақалалары, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы және аймақтық бағдарламалар мен т. б.
- 2020 жылға арналған жинақтау саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кітапхана қорын жаңарту.
- Пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру. Мемлекеттік тілдің басым дамуына жағдай жасау. Қазақ тілінің ресурстық орталығын дамыту, қазақ тілінің латын графикасына көшуі бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
- Жаңа электронды ортада тиімді кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсету. Виртуалды пайдаланушыларды тарту және виртуалды келуді ұлғайту. Әлеуметтік желілерді, Ресми сайт пен кітапхана блогын пайдалануды жандандыру.
- Online қызметін дамыту. Online электронды каталог сапасын арттыру. Кітапхана сайттары мен блогтарын дамыту. Библиографиялық деректер базасын толық мәтінді компонентпен, бірінші кезекте өлкетану компонентімен толықтыру.
- Кітапхананың табысты қызметінің негізі ретінде кітапханашылардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту. Аймақ кітапханаларының әдістемелік орталығы ретінде кітапхана жұмысын жандандыру.
Осы бағыттар бойынша кітапхана 2020 ж. оң нәтижелерге жетті:
- - жұмыстың негізгі статистикалық көрсеткіштерінің тұрақтылығын сақтау (оқырмандар саны, кітап беру, келушілер, соның ішінде сайтқа кіру);
- - мемлекеттік тілдегі түсімдер санының тұрақтылығын сақтау;
- - мемлекеттік тілде өткізілетін іс-шаралар санының өсуі;
- - сайтта тіркелген пайдаланушылар санының артуы;
- - кітапхананың әлеуметтік желілерде болуын кеңейту: тіркелушілер санын арттыру
- - кітапхананың электронды каталогындағы библиографиялық жазбалар санының өсуі;
- -мәдени-демалыс, ақпараттық және білім беру іс-шаралары, оның ішінде онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шаралар санының өсуі. 2020 жылы онлайн режимде 390 түрлі іс - шаралар өткізілді, жалпы қаралым саны-377254 құрады.
Өлкетану ісі 2020 жылы дамуға жаңа серпін алды: оған 2020 жылдың маңызды мерейтойлары мен ірі оқиғалары: Н.Нұрмақовтың 125 жылдығы, М.Рымжановтың 100 жылдығы, С.Ақсұңқарұлының 70 жылдығы және т.б. секілді маңызды мерейтойлар түрткі болды. Облыстық байқаулар, тұсаукесерлер, шығармашылық кештер, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастырылды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты Х Қасым Аманжолов оқулары онлайн форматта өтті.
Аталмыш байқау қоғамда үлкен резонанс туғызды. Байқаудың қорытындысы ретінде "Қасым" жинағының 3-шығарылымы басып шығарылды.
Кітапхананың өлкетану орталығы ретінде әрі қарай қалыптастыру мақсатында 2020 жылда Қарағанды облысының электронды баспа архивін құру бойынша жобасын іске асыру аясында 40 жылғы "Советтік Қарағанды" және "Социалистическая Караганда" облыстық газеттері мен сирек кітаптарды цифрландыру жұмыстары жүргізілді.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыс кітапханалары 16 наурыздан бастап онлайн режимінде жұмыс істейді. 2020 жылы инновациялық-әдістемелік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында 10 семинар, оның ішінде 1 халықаралық, 1 республикалық семинар онлайн форматта ұйымдастырылды, 100-ден аса кеңес берілді. Жылына барлығы облыс кітапханашыларының біліктілігін арттыру жүйесінде барлығы 250 адам оқытылды. Облыс кітапханалары үшін А.Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы аясында "Білімдіден шыққан сөз..." бейнецитата акциясы және Н.Нұрмақовтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған "Туған халқының қайтпас қаһарманы" атты жас кітапханашылар арасында облыстық буктрейлер байқауы өткізілді. Бұл байқаулардың қорытындылары онлайн форматта ZOOM платформасында өтті.
Кітапхана қызметкерлері халықаралық онлайн-семинарларына қатысты. Сонымен қатар, кітапхана ҚРҰАК бастамасымен және қолдауымен Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен "Сандық форматтағы ақпараттық ресурстар кітапханаларды дамыту трендтерінің бірі: Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен" атты тәжірибелік онлайн-семинар өткізді. Халықаралық және аймақаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту үшін кітапхана ZOOM платформасында "Кітапханалар Жеңістің 75 жылдығында: онлайн форматтағы жаңа көрініс" атты халықаралық семинар ұйымдастырды.
Кітапхана қызметкерлерінің кәсібилігін мойындатқан 2020 жылдың қорытындысы бойынша кітапхана қызметкерлерін марапаттау сәті.
- Д. Б. Аманжолова - ҚР Президентінің "Халық алғысы" мерекелік медалі, ҚКО "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісі және т.б.
- А.К. Карашова – ҚКО "Кітапхана Iсіңнің Үздігі" төсбелгісі;
- А. А. Чен - ҚКО "Қазақстанны Құрметті Кітапханашысы" төсбелгісі;
- Э. В. Шевченко -ҚРҰАК Қазақстан кітапханаларының Альянсы "Халық құрметі" төсбелгісі.-
- Э.К.Ярцева ҚР ҰАК Алғыс хатымен марапатталды.
Өткен жылдың қорытындысы кітапханамыз бұрынғыдай өңірдің жетекші кітапханасы позициясын сақтап қалғанын аңғартады, сонымен қоса, шешімі әлі де бағдарлама әкімшілігі және облыс басшылығы тарапынан қолдау талап етіп отырған мәселелер жетерлік. Алдымен, бұл кітапхана ғимаратының құрылысы жөніндегі мәселерді шешу, компьютерлік техниканы жаңарту және ақпараттандыру процестерін қолдау, қызығушылық бойынша клубтардың, тіл курстарының, облыс кітапханалары үшін оқытатын тренинг-центрдің, оқырмандар үшін ыңғайлы ортаны құруда және т.б. толыққанды жұмыс жасауы үшін кітапхананың материалды-техникалық базасын жақсарту. Одан басқа кадрлық мәселе, әсіресе кітапханалық біліммен үлкен мәселелер туындап тұр. 64 кітапхана қызметкерінен 16-де ғана кітапханалық білімі бар.
Осылайша, біздің алдымызда мәдени және ақпараттық әлеуетін сақтау және аймақтың орталық кітапханасының ұстанымдарын нығайту үшін 2020-2024 жылдарға кітапхананың даму трендтерін анықтау бойынша міндеттер тұр.