Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК Облыс кітапханаларын дамыту бөлімі облыс тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық, әдістемелік қызметті жүзеге асырады.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттары:

  • облыстың кітапханалық саясатын қалыптастыру;
  • аймақтағы кітапхана ісі жағдайының және дамуының аналитикалық және статистикалық мониторингі;
  • өлкетану дамуының бірыңғай стратегиясы мен өлкетану ресурстарының бірігуін облыстың бірыңғай желісіне қалыптастыру;
  • ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік саясатын қалыптастыру;
  • стратегиялық маркетингті дамыту – пайдаланушылар қызығушылығын зерттеу, ресурстар;
  • желідегі жұмыс стратегияларын, виртуалды сервистерді, интернет-ресурстарды, Web 2.0. және т.б. дамыту;
  • электронды каталогқа, электронды құжаттарға қол жеткізуді енгізетін сапалы контентті кітапханалық веб-сайттарды, виртуалды анықтамалық қызметті ұйымдастыруды дамыту;
  • облыстың орталық қалалық және аудандық кітапханаларының бірыңғай компьютер желісін құруға ықпал ететін деректердің бірыңғай форматын қолданудағы негізгі кітапханалық процестерді кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйені құру;
  • «Облыс кітапханалары» веб-порталын құру;
  • облыстың кітапхана қызметкерлерінің ақпараттық мәдениетін, олардың жаңа кәсіби ойлауын арттыру және ақпараттық кеңістікті құру;
  • ауылдық, үлгілі кітапхананың жергілікті қауымдастықты жедел ақпараттандырудың жалпықолжетімді дереккөзіндей бағдарын бекіту
  • облыс кітапханаларының іс-қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша кеңестік және тәжірибелік әдістемелік көмек көрсету
  • қызықты жұмыс тәжірибесін анықтау, талдап қорыту және тарату;
  • кітапханалармен ынтымақтастық;

Оқу залдары бөлімі кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсететін  негізгі бөлімдердің бірі. Оқырмандардың жұмыс жасауы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Жылдам және сапалы қызмет арқылы пайдаланушыларға ақпарат табуда білікті көмек көрсету.

Оқу залдары оқырмандарға (ғалымдарға, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге) қызмет көрсетеді. Оқырмандар үшін  ашық кітап қоры ұйымдастырылған. Ашық кітап қоры  150 - ге жуық кітаптар, қазақ тіліндегі мерзімді басылымдар 80-нен астам. 50 журнал мен 30  газеттен тұрады. Сонымен қатар қорға жаңа түскен кітаптар көрмесі және тақырыптық көрмелер оқырман назарына ұсынылып отырады.

Бөлім қорында тарих, әдебиеттану, тіл білімі, дін, медицина, ауыл шаруашылығы, заң саласы, биология және экология, құқық, педагогика мен психология, химия, физика т.б. ғылым салалары мен қатар энциклопедия және әр сала сөздіктері кеңінен қамтылған. Оқырман керекті материалдарын пайдалануға бар мүмкіндік қарастырылған, ақпарат алу ыңғайлы болу үшін залда интернет желісі (Wi-Fi) де қосылған.          

Оқу залының қызметі келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

кітап қорын қалыптастыру; кітап қорын және мерзімді басылымдарды насихаттау және жарнамалау маңызды оқиғаларға арналған. Оқу залы -  әртүрлі тақырыптағы іс-шараларды өткізеді: батырлық сағат, дөңгелек үстелдер; кітап презентациялары; кітап көрмелеріне  шолу; клуб отырыстары; тренингтер; семинарлар және т. б.

Бөлімде ҚР Президентінің жолдаулары бойынша және белгілі бір саладағы түрлі айтулы оқиғалар мен мерейтойлар бойынша кітап көрмелері тұрақты жұмыс жасайды.  Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған қазақ күнтізбесі бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Оқу залы үйге әдебиет бермейді.

Оқу залында  "Жаспен бірге" жастар клубы жұмыс жасайды. Клуб форматы – "еркін микрофон" және "диалог алаңы". Клуб отырыстары айына бір рет қоғамның әртүрлі өзекті тақырыптарында әр түрлі саладағы кәсіби спикерлерді шақыра отырып өткізіледі. Клубтың мақсаты: жастардың азаматтық ұстанымын жандандыру; әр қатысушыға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру; Зияткерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру; мәселелерді шешу жолдары мен ізденістері; стандартты емес ойлауды қалыптастыру. Сонымен, қазіргі заманғы кітапхана - бұл кітап қоймасы ғана емес, сонымен қатар білім беру және мәдени орталық, қызығушылық клубтары, жастар үшін де, ересектер үшін де шығармашылық демалыс орталығы.

Бөлім басшысы: Уйсембаева Саягуль Жакуповна

Тел.: +7(7212)210042

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Оқу залының тарихы кітапхана тарихынан да бұрын басталған. Болашақ оқу залының кітап қорын, ұйымдастыру  мерзімді басылымдарын іріктеу жұмысы кітапханаға арнаулы ғимарат бөлінбей тұрғанда-ақ басталған. Оқу залының алғашқы қызметкерлері тек қорды құрумен ғана емес болашақ залдың интерьерінің оқырмандардың кітаппен жұмыс істеулеріне, әрі демалуларына қолайлы болуын да алдын-ала қарастырған.

Алғашқы ашылған жылдан бастап осы уақытқа дейін оқу залын пайдаланушылар қатары өсуде және әлі де оқырмандарға қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді. Оның оқырмандары әр түрлі жастағы, әр мамандықтың иелері және әр түрлі мүддедегі, әр түрлі топтағы адамдар. Бөлімнің ішкі келбеті-көрінісі өзгерді: жабық қоры кеңейді, отыратын орындар көбейді, кітапханашылардың және пайдаланушылардың жұмыс орындары біраз жақсарды. Оқырмандарға тиімді болуы үшін жұмыс кестесі жыл ішінде өзгеріп тұрды, мысалы 40-шы жылдары оқу залы сағат 14.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеген.

Уақыт өте келе оқу залының қызмет аясы кеңейді: оқу залының қызметкерлері кезінде кітапханааралық абонемент жұмысымен шұғылданды, картотекалар жасап, анықтамалық-библиографиялық қызметтер көрсетті.

Ленин көшесі №1 үйдегі ғимаратта оқу залының орны біршама кең болды. Қабырғада көрме шкафы және кітап сөрелері тұрды, оларға кітап және фото суреттер қойылды. Оқу залы көпшілік іс-шаралар өткізетін, яғни әдеби талдаулар мен ой-талас өткізетін орын болды.

1948 жылдың бірінші жартысындағы есебінде мынандай дерек келтірілген: "Кітапхана қызметкерлері 41 монтаж жасады, оның 5 өлкетану тақырыбына арналған: "Біздің бассейннің озат адамдары", "Қарағанды облысы ауылшаруашылығының озық тәжірибелері", "Облыс колхоздарындағы көктемгі егіс" т.б.

В.И.Ленинге, В.Катаевқа, А.М.Горькийге, А.Н.Островскийге, Н.А.Некрасовқа арналған 5 әдеби кеш өткізілді, "Қазіргі Жапония", "АҚШ әлемдік реакцияның тірегі", "Белинский – ұлы сыншы", т.б. тақырыптарды 6 лекция оқылды, әр түрлі тақырыптарда 320 анықтама орындалды.

Ерубаев көшесі 44 үй ғимаратында оқу залы үшінші қабатта орналастырылды.Отыратын орын саны 100-ге жетті. Дегенмен де орынның жетіспеушілігі әсіресе жексенбі күндері оқырмандар көп келгенде байқалады.

70-80 жылдары кітапханада ақпараттық қызмет көрсету жоспарының енгізілуіне байланысты оқу залына келетін мамандар категориясында насихатшылар, политинформаторлар мен лекторлар, партия және комсомол саяси ағарту жүйелерінің тыңдаушылары басым болды. Оқу залының қызметкерлері аудандық партия комитеттерімен, саяси ағарту үйімен, қалалық "Білім" қоғамымен бірлесіп үйлесімді түрде жұмыс жасады. Оқу залының жанында "Пропагандист" клубы жұмыс жасасды. Кейінірек бөлім облыстық прокуратура және облыстық сот қызметкерлеріне қызмет көрсету жұмысын бастады.

Қазіргі уақытта бөлім жұмысының бағыты "Қазақстан - 2030" стратегиясын, Ел Президентінің Қазақстан халқына  жыл сайынғы Жолдауын, "2001-2010 ж.ж. тілдерді пайдалану және дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. Бөлім "Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту" ақпараттық-кітапханалық бағдарлама жасады және бөлім жанынан қоғамдық Оқу орталығы және қазақ тілінің Ресурс Орталығын" ұйымдастырды.

Оқу залы көптеген көпшілік іс-шараларын өткізеді: әдеби кештер, тарих сабақтары, ардагерлермен кездесу,жастар акциясы, ток-шоу т.б., ұлттық және мемлекеттік мерекелерге байланысты іс-шаралар ұйымдастыру.

Кітапхана оқырмандары оқу залында кітапханалық қызмет көрсету жұмысының жақсы ұйымдастырылғанын, кедергісіз қызмет көрсетілетінін әрқашан ризашылықпен айтады.

Бұл кітапханадағы оқырмандарға ең керекті бөлімде бұрын және қазіргі кезде жұмыс істеген, жұмыс істеп журген мамандардың еңбегі: И.А.Гусева, Будовская Л.С., Воробьева В.Н.,  Передеро А.С., Салова В.В., Гусева И.А., Абеуова Б.К., Ярцева Э.К. и др

Әр кезеңде оқу залының меңгерушілері болып істеген кітапхана ісінің нағыз жанашырлары: С.Смағұлова (1941-1943ж.ж), Л.С.Будовская (1945-1950), С.Ш.Асаинова (1951-1956) (кейінгі жылдары облыстық мәдениет басқармасының бастығы, облыстық кәсіподақтар комитетінің секретары), В.Н.Воробьева (1956-1971), М.Н.Деревянкина (1971-1978), Е.А.Сыса (1978-1983) (Фото).

1985 жылдан бүгінгі күнге дейін оқу залының меңгерушісі болып Раиса Әлімжанқызы Хаирова істейді. Ол Қарағанды мәдени-ағарту училищесін және Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген. Оқу залы бүгінгі күні ең сенімді бөлімдердің бірі және бұл істе Раиса Әлімжанқызының еңбегі ерекше. Ол өз жұмысында ең алдымен оқырмандар мүддесін көздейді, оларға кітапханалық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында үнемі ізденісте. Ол жақсы ұйымдастырушы, әр қашанда жаңа да озық бастаманың жаршысы. Бұған дәлел, кітап берудің автоматтандырылған технологиясы және штрихкодтау жұмыстары оқу залының базасында жүргізілді. Электронды каталог құру жұмысына бөлім белсене қатысады. Жұмыстың нақтылы ұйымдастырылуы нәтижесінде ЭК ББК бойынша әдебиеттерді енгізу жұмысын мерзімінде нәтижесі аяқтады, қазір бұрынғы ретроспективті әдебиеттерді енгізуді нәтижелі бастады.

Раиса Әлімжанқызы ұжымда үлкен беделге ие, бұрынғы бірге қызметтес болған адамдармен әр қашанда достық қарым-қатынаста. Ол өз бетінше білімін көтеріп, мамандығын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Раиса Әлімжанқызы кітапханадағы барлық іс-шараларға белсене араласады, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана өткізген "Кәсіби этика" семинар-тренингіне қатысты (Алматы қ.).

Бөлімнің міндеті:

  • Оқырмандарды шет тілдердегі әдебиеттерді оқуға белсенді тарту және оларға қызмет көрсету
  • Әр түрлі халықтардың мәдениеті мен тілдеріне төзімділік сезіммен қарауға тәрбиелеу.
  • "Үштұғырлы тіл" бағдарламасы аясында шет тілдерін үйренуге мүмкіндік туғызу

Бөлімнің мақсаты:

  • Қарағанды облысында тұратын халықтардың тіліндегі кітаптар мен электронды топтамаларды жинақтау
  • Шет тілдерді үйренушілерге арналған кітаптар мен электронды топтамалар қорын құру
  • Аймақтық білім ортасын қалыптастыру
  • Мамандар мен оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсету
  • Қазақстан туралы әдебиеттерді шет тілділік және мәдениет аралық қарым-қатынас арқылы насихаттау

Бөлімнің ақпараттық ресурстары:

  • Шет тілдер оқытушылары, студенттер мен оқушылар үшін  әлемнің 20 тілінде түпнұсқалық шығармалар, салалық әдебиеттер, оқу-әдістемелік құралдар мен анықтамалықтардың  баспа және электронды түрдегі жиынтығы
  • Ағылшын, француз, неміс және тағы басқа тілдердегі ғылыми-танымдық, көркем фильмдер топтамасы
  • Дәстүрлі және электрондық мерзімді басылымдар

Бөлім базасында істейді:

 Бөлім өткізеді:

  • Мамандарды тарту арқылы ашық дәрістер
  • Ағылшын тілін оқыту клубтары
  • Дистанционды білім беру  семинарлары мен тренингтер
  • Халықаралық білім бағдарламаларының  тұсаукесері
  • Дөңгелек үстелдер мен пікірталас
  • Ұлттық этно-мәдени орталықтармен кездесу  кештері

Біздің серіктестер:

  • Қазақстандағы АҚШ елшілігі
  • IREX
  • Шет тілдері мұғалімдерінің ассоциациясы
  • Облыстық білім басқармасы
  • Қалалық оқу бөлімі
  • "Білім" оқу орталығы
  • Қарағанды облысы бойынша Қазақстан халықтары Ассамблеясы

Оқырмандарға ұсынамыз:

  • Интернет ресурстарын  пайдалану
  •  "E-library" электронды ресурсы
  • CD, DVD дискілерін көру
  • Ақпараттар іздеуде көмек беру

Бөлім басшысы: Ярцева Эльмира Каратаевна

Тел.: +7 (7212) 215773

 

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Кітапханадағы сұранысы ең көп бөлім – халықаралық кітаптар бөлімі 1971 жылы ұйымдастырылды. Шет тілдер әдебиетінің секторы абонементте 60-шы жылдардың орта тұсында болған. Қазақстанның шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарының өсуі, ғылыми және техникалық жаңа жетістіктерді тездетіп меңгеру қажеттілігі, шет тілдерін зерделеп білуге деген қызығушылықты арттырды. Сондықтан шет тілдер әдебиеттері бөлімінің ашылуы уақыт талабына сай, уақытында істелген жұмыс болды. Бөлімнің алғашқы меңгерушісі Воробьева Вера Николаевна болды. Жаңа бөлім  қызметкерлерінің басты міндеті кітап қорын ұйымдастыру болды. Қордың негізін оқу залынан, абонементтен және библиографиялық бөлімнен алынған 2837 дана шет тілдеріндегі әдебиеттер құрады. Бұл әдебиеттерді талдау барысында оқырмандар сұраныстарына мүлде сай келмейтіні анықталды. Қорды қосымша толықтыру және шет тілдеріндегі әдебиеттермен кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен танысу мақсатында В.Н.Воробьева Мәскеудегі  Бүкілодақтық шет тілдер әдебиеттері кітапханасына және В.И.Ленин атындағы КСРО Мемлекеттік кітапханасына іс-сапарға жіберілді. 700 дана кітап алынды. Сонымен қатар басқа кітапханалардың алмастыру қорлары пайдаланылды, Кемер облыстық кітапханасынан үлкен кітаптар топтамалары түсті.

Қорды ұйымдастыру барысында облыста немістердің көбірек тұратыны ескеріліп алдымен неміс тіліндегі әдебиеттерді, содан кейін ағылшын және француз тіліндегі әдебиеттерді алу керек деген ұйғарым жасалды. Ол кезде француз тілін оқыту, үйрену онша қарқынды емес еді. Үш жылдан кейін бөлімнің кітап қоры 7500 дананы құрады, оның 4145 данасы неміс тілінде, 1709 – ағылшын, 700 данасы француз тілінде болды. Әлемдік үш тілдегі әдебиеттерден басқа социалистік достастық елдерінің: болғар, чех, поляк, венгр тілдеріндегі әдебиеттермен қор толықтырылды. Олар негізінен сөздіктер мен анықтамалықтар болды.

Оқырмандар сұранысын орындау барысында мерзімді басылымдар қорының көмегі зор болды. Олар: "Болгария", "Польша", "герман Демократиялық Республикасы", "Венгрия", "Чехословакия", "Корея" т.б. журналдар. 1960 жылдан кітапхана жаздырып алатын "Иностранные языки в школе" журналына шет тілдері пәнінің оқытушылары үлкен сұраныс жасады. Қоғамдық ғылым туралы шет тілінде шыққан жаңа әдебиеттер туралы ақпараттар реферативті журналдарда және КСРО ҚҒА-ның қоғамдық ғылым туралы ақпарат институтының көрсеткіштерінде берілетін.

Бөлімнің негізгі міндеттері ең алдымен халық шаруашылығы мамандарына жаңа әдебиеттер туралы ақпараттық қызмет көрсету. Оның ішінде ЖОО мен мектептердегі шет тілінің мұғалімдеріне, өз бетінше шет тілін үйреніп жүрген оқырмандарға практикалық көмектер көрсету. Сонымен қатар басты мақсат: Қазақстан туралы шет тілдерінде шыққан әдебиеттерді, шет елдерде шығарылған Қазақстан жазушыларының шығармаларын насихаттау болды. Бөлімде Абайдың неміс, француз, поляк, қытай, ағылшын т.б. әлем тілдерінде шығарылған "Қара сөздері" тамаша топтастырылып жинақталды.

70-80 жылдары бөлімде анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетудің тамаша жүйесі қалыптасты. Халық шаруашылығы мамандары үшін "Өз мамандығыңыз бойынша шет тілдеріндегі әдебиеттерді оқыңыз", "Шет ел журналдары мамандарға көмек" деген кітап көрмелері мен тақырыптық байқаулар ұйымдастырылды. Толыққанды ақпарат болу үшін бөлім Шетел әдебиетінің Бүкілодақтық Мемлекеттік Кітапханасы (ВГБИЛ) "Шетел жаңа әдебиеттері экономика туралы". Шетел жаңа әдебиеттері өнер туралы  Аннотацияланған карточкаларын пайдаланды. Қаладағы ЖОО шет тілдер кафедрасы тоқсан сайын жаңа әдебиеттердің ақпараттық тізімін алып отырды.

Мектеп оқытушылары үшін қалалық оқу бөлімімен, мұғалімдердің білімін жетілдіру институтымен бірігіп ақпарат күндері өткізілді. Шет тіліндегі әдебиеттер бөлімінің жұмыс тәжірибесін елдің басқа кітапханаларына таратуға ВГБИЛ ұсынды және бүкілодақтық жинаққа енгізілді.

Осы жылдары облыстағы неміс тұрғындары 140 мыңнан астам адам болатын. Сондықтан бөлімнің тағы бір міндеті неміс тіліндегі әдебиеттерді насихаттау болды. 1974 жылы кітапхана шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының және Кеңес-Герман достығы қоғамының ұжымдық мүшесі болды.

Бөлім жұмысында шетел халықтарының мәдениеті, тұрмыстық өмірлері туралы әдебиеттерді насихаттау елеулі орын алды. Бұл жұмыс "Интуристің" Қарағандылық бөлімімен ынтымақтастық жағдайда жүргізілді. Бөлім қызметкерлері туристік топтардың баратын елдерінің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы әңгімелер өткізіп әдеби шолулар жасады. Көпшілік оқырмандар үшін бөлімде "Қарағандылықтар әр түрлі халықтарда қонақта" клубы жұмыс жасады. Клуб ұйымдастырған іс-шаралар шет елдермен достық және мәдени байланыс қоғамының жоспарымен үндестіріле жүргізілді. Клуб аясында кездесу мұғалімдердің қызығушылығын тудырды. Туристік жолдамамен шет елге шығу үлкен оқиға болды. Клубтың жұмыс жасаған кездерінде ГДР, Польша, Болгария, Венгрия т.б. елдерге арналған кездесулер өткізілді, негізінен социалистік елдер. Әрине оқырмандар басқа елдер туралы да әсіресе Жапония, Франция, Италия, Индия т.б. туралы білуге ықылас білдірді. Өкінішке орай мұндай кездесулерді кітапханада өткізу құпталмайтын. Тек, кітапхана қызметкерлерінің құрамында Финляндияда болған кітапхана директоры Ю.С.Князевамен "Лифтремонт" мекемесінің бас инженері А.Каплиновпен, Индияда болған туристік топпен, кездесу өтті.

90-шы жылдары жалпы кітапханадағы сияқты бөлімге де қиын соқты. Қорды толықтыру жүйесі бұзылды, мерзімді басылымдар түспейтін болды. 90-шы жылдардың басында неміс халқының жаппай Германияға көшуіне байланысты ағылшын тіліне ауысуға тура келді. Ағылшын тілінде алғашқы  курс ұйымдастырылды. Сорос-Қазақстан Қорының арқасында бөлімге ағылшын тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік оқулықтар түсті. Дегенмен де оқырмандар қатары азайды, бөлім қоры іс жүзінде неміс тіліндегі әдебиеттермен толықтырылмады. Сондықтан бөлім 1997 жылы шет тілдер әдебиеті секторы болып қайта құрылды. 1998 жылдың басында жағдай біршама өзгерді. Қаладағы ЖОО ағылшын филологиясы бөлімдері ашыла басталды. Онда ағылшын тілінің мұғалімдерімен қатар аудармашылар даярлай бастады. 1996 жылы ашылған тіл және аударма "Лингва" институты студенттерді көптеп қабылдай бастады. Ашылған бөлімшелерде оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары болған жоқ. Осы кезде оқырмандар кітапханаға орала бастады. Шет тілдер әдебиеті секторы бірте-бірте шет тілдерде оқыту орталығына айналды. Бөлім 1997 ж. бастап Сорос-Қазақстан Қорының біліми бағдарламасы аясында құрылған ағылшын тілі мұғалімдерінің Ассоциациясымен ынтымақтастықта жұмыс істейді. Облыстық кітапхана ағылшын тіліндегі әдебиеттер қорының негізгі жинақталған (6 мың дана) жері болғандықтан шет тілдер әдебиеті секторы Ассоциациясының Ресурстық Орталығына айналды. Осы 1997 жылы кітапхана конкурсқа қатысты.  Ресурс Орталығының қоры Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен толықтырылды. Сектор Ассоциациямен бірігіп ағылшын тілінің мұғалімдері мен ЖОО оқытушыларының білімін жетілдіру туралы үлкен жұмыстар жүргізді. Бір жыл ішінде 10-дейін оқыту семинарлары өткізілді. 1997 жылдан бастап сектор Әлем Корпусымен (АҚШ) ынтымақтастықта. Әлем Корпусының волонтерлері "Вива, Лингва" сөйлесу клубының оқытушы-жаттықтырушылары болды.

Біліми бағдарламаны жүзеге асырудағы сектордың үлкен еңбегін ескеріп 2001 жылы оны халықаралық кітаптар бөлімі етіп қайта құрды. Осы жыл кітапхана француз тілі мұғалімдері Ассоциациясының Ресурстық Орталығы болды. Халықаралық кітаптар бөлімі "Француз маусымы" циклі бойынша іс-шаралар ұйымдастырды. Француз тілін дәріптеу жұмысы елеусіз қалған жоқ, 2001 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы Франция Елшілігінің лингвистика және білім туралы атташесі М.Кориш кітапханада болды. Кітапханада Француз оқу залын ашу туралы келісімге қол қойылды. Алғашқы кітап топтамалары мен бейне-аудио материалдары  2001 жылдың қаңтар айында келіп түсті. Француз оқу залының ресми түрде тұсау кесер рәсімі 2002 ж. 25 ақпанда өткізілді. Француз оқу залы қала мен облыстағы француз тілін, елін, мәдениетін қызықтаған көптеген оқырмандар үшін 2002-2008 жылдары көптеген қызықты, тартымды іс-шаралар өткізді: оқу мерекесі, "Ақындар көктемі", "Франкофондар күні" т.б. Бұл іс-шараларға Франциядан жазушылар мен ақындар, актерлер шақырылды: Лионел Фрезар, ақын және жазушы Жан-Пьер Спильмон, Монпелье қаласындағы университет кітапханасының директоры П.Гайяр, Гонкуров сыйлығының иегері жазушы Б.Шамбаз, балалар жазушысы мадам Кошка, әдеби сыншы Ж.-К.Лебрен т.б.

Француз тілінің мұғалімдері мен оқытушылары үшін Франция университетінен тренерлер Б.Жирарде, Ж.Кайе шақырылды. Француз тілінің курсы ұйымдастырылды, оны ҚР Франция Елшілігінің волонтерлері Анн Шабо және Ларис Примуа жүргізді. Курста оқыған 7 озат студент "Болашақ" Мемлекеттік бағдарламасы бойынша Франция университетінде оқиды. Француз оқу залы қалада кеңінен танымал болды. ҚР Франция Елшілігі Француз оқу залының базасында Франция туралы шығармалар жазу, "Францияны өзің үшін аш" тақырыбына диктанттар жазуға ашық конкурс жариялады, француз әндерінің конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс жеңімпаздары Францияға екі апталық жолдамамен марапатталды. Вернисаждар мен көрмелер, француздың классикалық және фольклорлық ән ансамбльдері қаланың мәдени өмірін жандандырды. Өкінішке орай 2005 жылы Елшілікке мәдениет туралы жаңа кеңесші және лингвистика туралы жаңа атташе келді, оқу залы туралы оның жоспары мүлдем басқа болды. 2008  жылдың соңында Қарағандыда олардың араласуымен Франциялық Альянс ашылды. Альянс тіл және аударма "Лингва" институтының ғимаратына орналасты және Француз оқу залының кітап қорының бір бөлігі, жабдықтары Альянсқа берілді. Сөйтіп халықаралық кітаптар бөлімі тарихының  қызықты беттері жабылды. Француз оқу залы өз жұмысын тоқтатты, бірақ оқырмандар, кітап қоры қалды. Француз тілін үйрету курсы бұрынғыдай өз жұмысын жалғастыруда. Оқу мерекесі, Франкофондар күні "Ақындар көктемі" мерекелері әдеттегідей өткізіліп тұрады.

Өмір бір орында тұрмайды, бөлім қызметкерлерінің ағылшын тіліне байланысты жұмысты жандандыруға уақыт тапты. Бұған бөлім базасында ашылған Америкалық Орталық себепкер болды. Ашылу рәсімі ресми түрде 2006 жылы 10 наурызда өтті. Америкалық Орталықтың ашылуына 2005 жылы бөлім даярлаған "Америкамен танысыңыз" жобасы себепкер болды. Жобаны Қазақстандағы АҚШ Елшілігі қолдап 2005 жылдың қыркүйек айында кітапхана мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өзара түсіністігі туралы Меморандумға қол қойылды. Сүйтіп кітапхана АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Америкалық Орталықтар және Бұрыштар" бағдарламасының қатысушысы болып белгіленді. Америкалық Орталықты ашу мақсаты – Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдары білімді жетілдіру Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ағылшын тілін үйренушілерге көмек ретінде әдебиеттерді жүйелеп насихаттау және АҚШ-тың мәдениеті мен өнеріне және тарихына арналған әдебиеттерді дәріптеу. Америкалық Орталықтың екі жылдық жұмысы алғашқы нәтижесін берді: ағылшын тіліндегі кітап топтамалары жинақталды, олар мамандардың, ЖОО мен қаладағы мектеп оқытушыларының кәсіби деңгейін жетілдіруге арналған. Анықтамалық әдебиеттерге электронды тасушы ДБ, интернет ресурстарына еркін қатынауға қол жеткізілді. Екі әңгімелесу клубтары "VES" және "Women English Club"жұмыс жасайды.Америкалық Орталықтың бейне залы ашылды. Апта сайын Әлем Корпусы волонтерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп тұрады. Онда қаралуға тиісті тақырыптар: Қазақстанның Мемлекеттік мерекелері, ҚР Мемлекеттік рәміздері, төзімділік мәселелері, т.б. Оқырмандар қатары өсіп кітапханаға келушілер көбейді. Жыл сайын Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің көмегімен оқыту бағытындағы 12-ден астам іс-шаралар өткізіледі. Осы жылдарда Америкалық Орталықта Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің дипломатиялық қызметкерлері, оқымыстылар, АҚШ Университетінің оқытушылары, дәрігерлер, экологтар оқытушылар мен студенттердің алдында көпшілікке арналған лекциялар оқыды.

Американдық жазушы Дж.Бауэр мен кездесу өтті, оның еңбектері АҚШ-та жастарға ұсынылатын кітаптар тізімінің басында тұрады, афроамерикалық жазушы Б.Фланнаганмен кездесу болды. 2007 жылы Америкалық Орталықты АҚШ Елшісі Дж.Ордвей көріп, оның бір жылдық жұмыс қорытындысымен танысты. АҚШ Елшісінің келуіне орай американдық пианист, Вена консерваториясының фортепиандық музыка факультетінің деканы Юджени Руссоның концерті ұйымдастырылды. Америкалық Орталықтың жұмысына 2008 жылы кітапханада болған Әлем Корпусының директоры Дж.Сассер жоғары баға берді.

Халықаралық кітаптар бөлімінің мамандары қашанда ағылшын тілін зерделеудің мүмкіндігін кеңейту жолындағы инновациялық жобаларды іздестіру үстінде. Осы мақсатта Америкалық Орталық базасында "Ағылшын тілі және кітапхана бағдарламасы" және "Инфокараван - 2008" жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның аясында Әлем Корпусы волонтерлерімен бірігіп  Шахтинск, Теміртау, Жезқазған, Саран, Абай  қалаларында оқыту семинар-тренингтері өткізілді. Оған ағылшын тілінің мұғалімдері, кітапханашылар мен студенттер қатысты. 2008 жылы Қарағандыда алғаш рет қалалық оқу бөлімімен серіктестік тұрғыда шет тілдерінің мұғалімдері үшін Жазғы мектеп ашылды.

Халықаралық кітаптар бөлімі өз жұмысында шетел тілдерін дәріптеумен қатар 1994 жылдан бастап жалпы кітапханалық "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады. Бағдарламаға сәйкес Қарағанды облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясымен бірлесіп облыс аймағында тұратын халықтардың тарихы мен мәдениетін насихаттауға арналған көпшілік іс-шаралар өткізілді. Бұл Қазақстан халықтарының Біріккен күндері қарсаңындағы ұлттық-мәдениет орталықтары мен өткізілетін дәстүрлі кездесулер, тілдер мен мәдениет Декадалары.

Сонымен қатар бөлім шет тілдеріндегі Қазақстан туралы әдебиеттер қорын ұйымдастырады.

Бөлімде шет тілін білетін мамандар жұмыс істейді. Олар оқырмандарға сапалы да сауатты қызмет көрсетілетіндігіне, шетелдік әріптестермен ағылшын, француз тілдерінде хат алмасуға және шет тілдерінде көпшілік іс-шараларын өткізуге кепілдік. Бөлім қызметкерлері қашанда кәсіби мамандығымен оқырмандарға деген ілтипатымен ерекшеленеді.

В.Н.Воробьевадан кейін бөлім меңгерушілері болып аз уақыт Т.И.Пилипенко және Л.В.Васильевалар істеді.1992 жылдан бері халықаралық кітаптар бөлімінің меңгерушісі болып Баймұрзина Шолпан Сейтқалиқызы істейді. Ол 1974 жылы Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген, кітапханаға 1975 жылы келді, сол уақыттан бері тек (1988-1992 ж.ж) анықтамалық-библиографиялық бөлімде істеген аралықтан басқа уақыты осы шет тілдер әдебиеті бөлімімен байланысты.

Іс жүзінде бөлімдегі мақтанарлық істердің бәрі алғашқы меңгеруші В.Н.Воробьева мен кітапхананың байырғы қызметкері Ш.С.Баймұрзинаның атымен тығыз байланысты.

Шолпан Сейтқалиқызының кәсіби жұмысының бәрі шет тілдерін насихаттаумен, оқырмандарды әлемдік көркем мәдениет құндылығына баулуға, қазақтың рухани мұрасын дәріптеуге арналған. Ол "Атамекен" бағдарламасындағы "Достық" тақырыптың бағытын жасаған негізгі автор.

Ш.С.Баймұрзинаның жұмыс барысы Қазақстандағы Сорос-Қазақстан Қорының "Кітапханаларды қолдау" бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Конкурстық іріктеуден өткеннен кейін ол Сорос-Қазақстан Қоры ұйымдастырған "Кітапхана – ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының Орталығы" шығармашылық семинарына қатысты. Шолпан Сейтқалиқызының белсене араласуымен "Ағылшын тілі мұғалімдері Ассоциациясының ресурс Орталығы" жобасы жасалды, нәтижесінде Сорос-Қазақстан Қорының Грантын жеңіп алды – компьютер, аудио-бейне техникасы және шет тілдеріндегі әдебиеттер қорын қаржылай қолдауға ие болды. Оның бастауымен бөлім жанынан "Вива, Лингва!" сөйлесу клубы ұйымдастырылды, клуб жұмысына студенттер мен оқытушылар, мектеп мұғалімдері қатысады. Қала оқытушылары мен студенттері Әлем Корпусы волонтерлері және АҚШ оқытушыларының қатысуымен өткізілетін оқулық-семинарларға ерекше ықылас білдіреді. Бөлім кітапханалық әлеуметтік-мәдени бағдарламасының аясында көптеген іс-шаралар өткізеді. Әсіресе "Жастар нашақорлыққа қарсы", "Анашаға жол жоқ!", "Анаша жеңіл бола ма?" кітап топтамаларының тұсау кесу іс-шараларын айту керек. Бұл іс-шаралар көп жағдайда Ш.С.Баймұрзинаның "Мақсатты кітап топтамасы" жобасының негізінде өткізілді. Жоба Ашық Қоғам институтының Грантын жеңіп алды (Будапешт қ.).

Ш.С.Баймұрзина Қазақстан туралы әдебиеттерді дәріптеуге белсене араласады. Ол Қазақстанның көрнекті адамдары туралы, Қазақстандағы экология т.б. туралы ағылшын тілінде әдістемелік-библиографиялық материалдар даярлады. Шолпан Сейтқалиқызы  әрқашан іздену үстінде, жаңа ойлар мен идеялардың жаршысы. Тәуелсіздіктің 10 жылдығы құрметіне, өзінің адал еңбегі үшін Мемлекеттік марапат – "Ерен еңбегі үшін" медальға ие болды.

Ш.С.Баймұрзина ұжымда беделді, оны қашанда көмек көрсетуге дайын тұратын қайырымдылығы, ақ көңілділігі үшін сыйлайды, құрметтейді. Әлем Корпусы волонтерлері АҚШ-қа кеткеннен кейінде онымен жылы қарым-қатынаста. Кітапханадағы көптеген қоғамдық іс-шаралардың бастаушысы, жан күйері.

"Книги" ЭК құруда және кітапхана қорын барлық білім саласы бойынша баспасөз басылымдарымен және де басқа да ақпарат көздерін таратушы құралдармен толықтыруда ұйымдастырушылық, үйлестіруші және әдістемелік орталық ролін атқарады. Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК "Кітап қорын толықтыру бағдарламасын" негізге ала отырып толықтыруды жүзеге асырады.

Негізгі міндеті – толықтырудың стратегиялық бағытын ескере отырып, толықтырудың көздерін анықтап, кітапхана қорын мерзімдік басылымдармен және ДБ-ын электронды таратушы құралдармен (DVD, CD-ROM) сапалы толықтырып ЭК кітаптар қорын құру.

Бөлім облыс кітапханаларына әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.

1949 жылы құрылған.

Бөлім басшысы: Светлана Ивановна Головко

Телефон: 7 (7212) 56 - 88 - 67

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Бөлiм тарихы

Дереккөз: Қарағандыдағы алғашқы кітапхана. 1934-2009

Кітапхананың ең алғашқы бөлімдерінің бірі болған  - бөлімі 1949 жылы желтоқсан айында ұйымдастырылған. Бұл  бұрынғы өңдеу және қорды толықтыру бөлімдерін қайта қарау нәтижесінде құрылған.

Өлкетану бөлімі 1980 жылы өлкетану секторы негізінде құрылды.

Өлкетану бөлімінің тарихы негізі 1959 жылы алғашқы карточкалық өлкетану каталогын құрудан басталады.

Облыстық кітапхана 90 жылдық тарихында өлкетану қорын қалыптастырады. Қарағанды өңірі туралы жарияланымдарды анықтайды, жүйелейді және сақтайды, ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Бөлім қоры (6500 дана) кітаптар, брошюралар, буклеттер, нұсқаулықтар, әкімшілік-аумақтық құрылым бойынша ресми материалдар, ғылыми-зерттеу сипаттағы басылымдар (монографиялар, энциклопедиялық және библиографиялық анықтамалықтар, альбомдар, фотосуреттер), электрондық ресурстар құрайды.

Қордың хронологиялық қамтылуы – ХХ ғасырдың басындағы басылымдардан бүгінгі күнге дейін.

Бөлімнің қызметтері кешенді сипатқа ие. Оқырмандарға қызмет көрсетіледі, өлкетану сұраулары бойынша тақырыптық іздеу жүргізіледі, өңірдің  кәсіпорындары мен мекемелерінің т.б. тарихы бойынша анықтамалар дайындалады. Өлкетану ақпараттық ресурстарының түрлі санаттағы пайдаланушыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етіп, өлкетану білімін жетілдіруді жүзеге асырады. Өлкетану әдебиеттері бөлімі Қарағанды өңірінің музейлерімен, архивтерімен, баспагерлерімен, қоғамдық ұйымдарымен, жергілікті ақын-жазушылармен және өлкетанушылармен тығыз байланыста жұмысты жүргізу арқылы өлкетану құжаттарын анықтаумен айналысады.

Пайдаланушыларға өлкетану ақпаратын сканерлеу және басып шығару мүмкіндігі беріледі.

Өлкетану жұмысының бағыттары «Облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың өлкетану бөлімінің қызметі туралы Ережесінде» жан-жақты қарастырылған.