Пайдаланушыларға кітапханадан әдебиеттерді үйге алуға мүмкіндік беретін бірден-бір бөлім – Абонемент бөлімі. Бөлімнің қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтармен ғылыми-көпшілік әдебиеттерден көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды.
Бөлім мамандары Қарағандылық ақын-жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізеді, айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелерін ұйымдастырып, әдеби кештер өткізеді, жаңа кітаптар презентациялары ұйымдастырылады. Әсіресе оқырмандар есінде қалғаны – Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне арналған кітап жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкені Абонемент бөлімі ұйымдастырып өткізді.
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі - бұл 2000 аса анықтамалық және библиографиялық басылымдардан құралған құнды құжаттар қоры бар кітапхананың анықтамалық және кеңес беретін орталығы.
Оның ішінде:
- Кітаптар
- Энциклопедиялар
- Сөздіктер
- Анықтамалар
- Атластар
- Статистикалық жинақтар
- Әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіштері
- Белгілі, есте сақтайтын күндер тізбесі
- "ҚР Заңнамасы " электронды ДБ
- "Параграф" ақпараттық жүйесі
- РФ барлық заңнамалары электрондық түрде
- Мақалалардың электронды картотекасы қазақ және орыс тілдерінде
Бөлім қызметінің негізгі басымдылығы – кітапханалық-библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бөлім қызметінің ең маңызды аспектісі – компьютерлерді жетілдіру, физикалық және моральдық тозығы жеткен компьютер жабдықтарын алмастыру, қолданыстағыларын жөндеу. Қазіргі заманғы программалар жасақтамаларын орнату.
- Кітапхананың жергілікті компьютерлік желісіне техникалық қолдау көрсету.
- Интернетке және электронды поштаға қол жеткізуді ұйымдастыру.
- Кітапхананың электронды каталогын пайдалану және қолдау көрсету үшін ақпараттық инфрақұрылым жасау. Негізгі форматтарды жергіліктендіру.
- Кітапхана сайтына, блогына технологиялық қолдау көрсету. Кітапхананың электрондық қызметтерін жетілдіру.
- Онлайн-каталогтың web-интерфейсін сүйемелдеу.
- Кітапханалық процесінде интернет-технологияны пайдалану. Бейнеконференцбайланыс режімінде шаралар өткізу.
Көпшілік оқырмандарға қызмет көрсету филиалы кітапхана оқырмандарының сұранысын қамтамасыз ететін кітапхананың жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Филиалдың қоры қазақ және орыс тілдерінде әмбебап оқулықтардан, көркем әдебиеттерге дейінгі ғылымның әр саласын қамтиды. Филиалда оқу залы, балалар бөлімі және абонемент бөлімі қызмет атқарады.
Филиал мамандары айтулы күндерге, мерейтойларға арнап кітап көрмелері мен көпшілік іс-шаралар ұйымдастырады. № 27, 57,15,16 т.б. мектеп кітапханашыларымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Жазғы демалыс уақытында, оқушылардың жазғы демалыс лагерінде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.
Филиал басшысы : Батенова Вилдана Рымхановна
Тел. 8(7212)77-27-76
Негізгі қорларды сақтау бөлімі кітапхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеті – кітапхана қорын мәдени және ақпараттық мұраның бір бөлігі ретінде сақтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда бөлімнің негізгі қызметі анықталып, қорды сақтауға қажетті жағдай жасау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
Бөлім қызметкерлері оқырмандардың ақпараттық сұраныстарына сай кітапханалық- библиографиялық қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету абонемент және оқу залы арқылы, оқырмандардың сұраныс – талаптарына сәйкес қажетті әдебиеттерді жедел түрде жеткізу негізінде жүргізіледі.
Бөлімде мазмұны жағынан әмбебап кітапхана қорының негізгі бөлігі орналасқан. Бүгінгі таңда бөлімдегі қордың көлемі 300 000 данадан астам. Оның ішінде 200 000-ға жуық данасы кітап қоры болса, 100 000 данасы мерзімді басылымдар.
Негізгі қорларды сақтау бөлімінде көптеген көлемді құжаттар жинақталған, олардың көп бөлігі бүгінгі таңда тарихқа айналып, облыс бойынша тек біздің кітапханада сақталған. Олардың ішінде Кеңес Одағы кезіндегі анықтамалық әдебиеттер, сол уақыттағы саяси құжаттар, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің еңбектері мен КСРО-ның орталық мерзімді басылымдар мұрағатын атап өтуге болады.
1 бет. Барлығы: 3
- Бас жағына
- Артқа
- 1
- 2
- 3
- Алға
- Аяқ жағына