Құрметті оқырмандар!

Біздің кітапханаға 2 ай мерзімге (сәуір-мамыр) тестілік режимде «Литрес Кітапхана» жүйесіне кіру мүмкіндігі берілгенін хабарлаймыз.

Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Электронды-кітапханалық жүйеге https://lib.litres.ru/libreg/799099/ сілтеме арқылы тіркеліп, логин, пароль ала аласыз. Тіркелгеннен соң кез-келген компьютерден немесе мобильді құрылғыдан оқуға мүмкіндігіңіз бар.

«ЛитРес: Кітапхана» - қазіргі заманғы әдебиеттің электронды форматтағы ең үлкен кітапханалық каталогы. Онда 200 000-нан астам электронды және аудиокітаптар, олардың арасында қазіргі бестселлерлер мен классиктер, сондай-ақ шет тілдеріндегі шығармалар ұсынылған. Тақырыптар бойынша кітаптардың 142 жанры қолжетімді: жеңіл оқу, байыпты оқу, тарих, бизнес-кітаптар, білім мен дағдылар, психология және мотивация, спорт, денсаулық, сұлулық, хобби, бос уақыт, үй, саяжай, шетел әдебиеті және т. б.

23 қаңтар күні кітапханамызда «ZERDE» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Аталмыш шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дің «Кітап Life» клубының мүшелері мен @qjptk_krg Қарағанды жоғары политехникалық колледж, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында клуб мүшелері «Менің сүйікті кітабым» атты пікірлесу алаңында  ғалым, академик Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаятын талқылап, шығармадағы жас кейіпкер Қаныштың жастық шағы, өскен ортасы, үлкендерден алған үлгі өнегесі, тәлім-тәрбие ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып өз ойларын ортаға салды.

Қарағанды облысының 2025 жылғы өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; құраст. С.О.Телпекбаева. – Қарағанды, 2024 – 58 б.

"Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы" атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші 1971 жылдан бастап жыл сайын қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

Бұл библиографиялық әдебиеттер көрсеткішіне Қарағанды облысының тарихы, рухани және маңызы бар оқиғалар, еліміздің экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, еліміздің қалыптасуы мен нығайюына зор үлес қосқан, халыққа танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлердің, батырлар, ақын-жазушылардың т.б. мерейтойлары енгізуі дәстүрге айналған.

Қазыналы Қарағанды өңіріндегі маңызды және айтулы оқиғалар туралы ақпарат беруді, елімізде қолға алынып жатқан жаңа жобаларды жүзеге асыруды және өлкетану білімін кеңінен таратуын мақсат етіп отыр. Құралдың мазмұны қоғамдағы адамгершілік және рухани құндылықтардың нығаюына, Отанға және туған жерге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған.

Күнтізбеге қажетті мағлұматтар әр түрлі дерек көздерінен жиналды, оның ішінде электрондық және дәстүрлі каталогтар, анықтамалық және библиографиялық баспалар қоры, интернет – ресурстары. Тарихи оқиғалармен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді анықтап, іздестіруде көптеген анықтамалық басылымдар пайдаланылды: "Қазақстан" Ұлттық энциклопедиясы, "Қазақ өнері" энциклопедиясы, "Қазақстан жазушылары", "Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр" анықтамалықтары, "Қарағанды. Қарағанды облысы" энциклопедиясы, облыстық мерзімді басылымдар және т.б.

Рухы биік, сырлы да сазды жыры бар ақынымыз Руслан Нұрбайдың кеше ғана тұсауы кесілген «Үтірсіз уақыт» кітабын бірге оқиық.

«Әріптің ұғымына» үңіліп, «Тық-тық тірліктің» ауанын бағып, ата мен немеренің «Сканворд» жайлы түсінігін түгендеп, «Ыстыбұлақ» пен «Шаңырақтауға» деген балалық сағынышы тау-тасты кезіп, алабұртып жүрген Алаш жұртына етене таныс ақынымыздың өлеңдерін оқып қана қоймай, видеоөлеңдерін тыңдай аласыздар!

Жалпы, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жалпыхалықтық экологиялық сауат ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Осыған орай, «Ой-орда» пікірлесу клубының кезекті отырысы экология тақырыбына арналды.

Клуб мүшелері Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-нің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Ауелбекова Арайлым Жоровнамен, Қарағанды облыстық мемлекеттік экологиялық департамент  басқармасының аға инспекторы -  Көлебаев Бахтияр Тілеуғазыұлымен кездесті.