Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_jir-jauhar-10 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2016_jir-jauhar-10 is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Күні кеше Арқа төсінде тереңдігі теңіздей, асқақтығы таулардай, мөлдірлігі тамшыдай, өткірлігі қамшыдай  қасиетті қара өлеңнің дүбірлі мерекесі тойланды. Ол – кітапхана жанынан құрылған "Жыр-Жауһар" поэзия клубының мерейлі 10 жылдық мерейтойы.

"Жаса мәңгі, жауһар жыр!" деген атпен ұйымдастырылған аталмыш кеш поэзиялық қойылыммен ашылды. Баяу әуенге елітіп, мың бұралған Муза біресе жазу үстеліне жақындаса, енді бірде гитараның күйін шертті... Бұл ақынның бойындағы шалқар шабытты, мұңды мазасыздықты көрсетіп, көрермендерді бірден Өлең өлкесіне ертіп әкетті. Іле-шала сахнаға шыққан төрт ақын Мұқағали мен Төлегеннің, Фариза мен Ақсұңқарұлының Поэзияға арналған өлеңдерін оқып, кештің шымылдығын ашты.

Мерейтойдың ресми бөлімі "Жыр-Жауһар" поэзия клубының толық құрамын таныстырумен басталды. Он жыл бұрын ордалы ошақтың іргетасын қалаған клуб мүшелерінен бастау алған бұл тізім, қазіргі жас толқынмен жалғасып, сахнаны тұтас қамтыды. Бастапқы құттықтау сөз клубтың құрылуына бірден-бір себепкер болып, кәусар бұлақтың көзін ашқан, кітапхана директоры Д. Аманжоловаға берілді. Жаңашылдыққа жаны құштар жастардың жанашыры өз сөзінде әдебиет ошағының әргі-бергі тарихы мен жылдар бойы атқарылған істерін тілге тиек етіп, жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Кештің қадірлі қонақтары ретінде сахна төріне шақырылған Алаштың айбынды ақыны С. Ақсұңқарұлы отты жырымен жастарды бір серпілтіп тастаса, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Қ. Ашкеев пен облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы М. Құттыбай "Жыр-Жауһар" клубының белсенді мүшелерін құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттап, гүл шоқтарын тапсырды. Клубты алғаш құрушылардың қатарынан табылған, тіл жанашыры Б. Мұсабеков та өзінің құттықтауын жеткізді. Айтылған тілектер Арқаның ардақты әншісі Сейіл Аяғанның әуезді де әдемі әнімен жалғасты.

Шығармашыл жастарды арнайы құттықтай келген әдебиеттанушы ғалымдар Қойлыбай Асанов пен Жансая Жарылғапов жас ақындарға жоғары баға берсе, алдыңғы толқын ақын ағалар Руслан Нұрбай мен Қайрат Асқаровтан халық өлең қолқалады. "Арқаға келсең, әншімін деме" деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек, домбырасын жанына серік еткен дүлдүл әнші Сержан Мұсайынның орындауындағы "Сағыныш" әні де көрерменнің көңілінен шықты. Өз кезегінде клуб мүшелері де құрметті қонақтарға сый-сыяпат жасап, он жыл ішінде жарық көрген бірқатар жыр жинақтарын естелікке ұсынды.

Әуелеген үнге тербелген халықты жас актер А.Жұмамұратовтың орындауындағы А.Мырзахметтің "Жазушының монологы" атты шығармасынан оқылған үзінді қаламгердің шығармашылық сәтінен хабардар еткендей болды. Шағын қойылымнан кейін "Жыр-Жауһардың" алғашқы буыны, қазіргі таңда қазыналы Қарағандының әдебиеті мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып жүрген ақындар: А.Мырзахмет, Қ.Медеубаев, М.Асан, Р.Қабидолдин, Ж.Жаңқашұлы, Ж.Әлиман, Э.Орынбаеваның орындауындағы әдеби композиция сыршыл лирика әлеміне жетеледі.

Кешке арнайы келген, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің "Жарқын" халық ансамбілінің биші қыздары мерекенің көрігін қыздырса, Т.Молдағалиев атындағы республикалық әншілер байқауының жүлдегері, аталмыш клубтың мүшесі А.Ахметжанов "Қылықтым" атты авторлық әнімен көрермен ықыласына бөленді.

Осы он жыл ішінде клубқа лек-легімен келген жас өрендердің бір тобы, бүгінде өзіндік жолын қалыптастырып үлгерген жас ақындар: Ж.Шалқар, Е.Қуатбек және Е.Елеусізұлы М.Анықбековтың орындауындағы күмбірлеген күйге қосылып, өзгеше өлең оқыды.

Ұлы Поэзия көшіне ілесіп келген тағы бір толқын: А.Жорабаева, К.Хасен, А.Сәдуақасова  мөп-мөлдір мұңға толы нәзік поэзия әлеміне шақырса, әнші Ш.Сәрсенбаевтың орындауында тамаша ән мен Н.Байсүгіровтың орындауындағы арнау өзіндік үйлесімін тауып жатты. Қарағанды ғана емес, қазаққа танылып қалған әнші Е.Алшынбаевтың әні де көрермен назарынан тыс қалмағаны анық.

"Жыр-Жауһардың" жаңа толқыны, жас буыны болып табылатын: Е.Нарынов, Б.Ноғайбайұлы, Н.Жексенбай, Ә.Шопен, П.Жаңғылышбаева, Г.Сайлауқызы, К.Сәулеханның өлеңмен өріп жеткізген "Қоштасу" композициясы жиналған жастарды ерекше күйге бөледі.

Мерейтой әнші-сазгер М.Уәлиевтің орындауындағы "Ұмыт" әнімен қорытындыланды. Кеш соңында "Жыр-Жауһарлықтарға" кітапхана атынан ықылас гүлі  табысталды.

Осыдан 5 жыл  бұрын Серік Ақсұңқарұлы ағамыз: "Қарағандының кітап патшалығында – қазақ поэзиясы асқақтап тұр" деп бағасын берген "Жыр-Жауһар" поэзия клубының 10 жылдық мерекесі осылай тәмамдалды.

Жас ақындардың томағасын сыпырып, тарлан жырларын топқа түсіріп, көпке көзайым қылар өнер ордасының ғұмыры мәңгілік болсын!

{gallery}/material/news/2016_jir-jauhar-10{/gallery}

Фото

Толығырақ бейнематериалда

"Қазақстан Қарағанды" телеарнасының  жаңалықтары

"Бірінші Қарағанды" телеарнасының жаңалықтары

Әлиман, Ж. "Жыр-жауһар" - жаңа белесте // Орталық Қазақстан. - 2016. - 7 қараша

Крамер, Н. Лаборатория поэтов // Индустриальная Караганда. - 2016. - 8 нояб.

Қара өлеңнін "Құмдауыты"

"Жыр-тұрмардың" жаңалығы

"Қайыңды көл" кітабының тұсаукесері

 Жыл үздіктері анықталған жыр кеші