ОУНБ-90: "Библиотека место встречи и точка роста"

Есепті кезеңде кітапхананың ақпараттық және әлеуметтік-мәдени қызметінің негізгі басымдықтары жылдың ірі оқиғаларын және маңызды өлкетану күндерін ақпараттық-кітапханалық сүйемелдеу болды: ҚР Президенті К.-Ж. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» (2024 ж. 2 қыркүйек) Жолдауы, Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығы, С. Мұхамеджановтың 100 жылдығы, Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығы, Б. Ысқақовтың 100 жылдығы, Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығы, Н. Әбдіровтың 105 жылдығы, Г.Бельгердің 90 жылдығы, Қарағанды қаласының 90 жылдығы, ОӘҒК 90 жылдығы және т.б.

2024 жыл кітапхана тарихының беттерінде ерекше орын алды, себебі бұл жылы кітапхана 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Есепті кезеңдегі сөзсіз басымдылықтардың бірі Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 90 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасының жүзеге асырылуы. Бұл жылы кітапхана мерейтойына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кітапхананың 90 жылдығына арналған «Қарағанды09: еркін диалог аймағы» халықаралық OpenTalk өткізілді. Оған Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханаларының директорлары, Ресей, Түркия кітапханаларының өкілдері, Қазақстан кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары қатысты. Халықаралық OpenTalk қорытындысы бойынша баяндамалар мен жарияланымдардың электрондық жинағы шығарылды.

OpenTalk жұмысы барысында қазіргі заманғы кітапханаларды дамыту мәселелері талқыланды. Шығармашылық алаңдар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.  Қатысушылар саны – 200.

Іс-шараның оң нәтижелерінің бірі Ресей Ұлттық кітапханасымен (Санкт-Петербург қ., РФ), жастарға арналған Ресей мемлекеттік кітапханасымен (Мәскеу қ., РФ), А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық кітапханасымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою болды (Омбы қ., РФ).

Мерейтой аясында екі байқау ұйымдастырылды - «Жастарды кітапханаға тарту» атты іске асырылған жобалардың ашық байқауының және «HackTheBookshelf» хакатоныны.

Кітапхананың 90 жылдығына орай кітапхана қызметінің жаңа цифрлық кеңістіктегі негізгі бағыттарын ашатын «Кітапхана – жаңа қоғамдық кеңістік» альбом-кітабы жарық көрді.

Кітапхана ұжым негізгі міндеттерді сәтті орындады. ҚОӘҒК пайдаланушыларының саны 23145 адамды құрады, келушілер саны – 160985, кітап берілімі – 500545. Кітапхана оқырмандары мен қала мен облыс тұрғындары үшін 200-ге жуық көпшілік іс-шаралар өткізілді, оған 11985 адам қатысты. 100-ге жуық иллюстрациялық кітап көрмелері ұйымдастырылды. ЭК-та саны 380000 БЖ құрады, барлық жазбалар Интернет желісінде қол жетімді.

Есепті кезеңде онлайн режимде 175 түрлі іс – шара өткізілді, әлеуметтік желідегі қаралым саны - 146175 адамды қамтыды.

2024 жылы дәстүрлі Аманжолов оқулары жаңа форматта өткізілді: кітапхана «Шықшы тауға, қарашы кең далаңа...» атты өлкетанулық экспедициясын ұйымдастырды. Өлкетану экспедициясы Қарағанды - Қарқаралы - Қасым - Сарыобалы ауылы - Қарқаралы - Қарағанды туристік бағыты бойынша жүзеге асырылды. Экспедиция аясында Қарағанды ЖОО-ның студенттері арасында «Ой ширату», «Уа, дариға, алтын бесік туған жер» тақырыптарында шығармашылық байқаулар өтті, «Ұшқыр ой». Қатысушылар саны – 30.

Экспедиция қорытындысы бойынша Қ.Аманжолов атындағы ауыл тұрғындарының қатысуымен «Шықшы тауға, қарашы кең далаңа...» деректі фильмі түсірілді.

2024 жылы кітапханада «Жаспен бірге», «Ой орда», «Zerde» атты жаңа клубтар ашылды. Осы клубтар аясында пікірталастар, әдеби кештер, диспуттар, тренингтер, ойындар өткізілді, жастар арасында қызықты және өзекті тақырыптар талқыланады.

2024 ж. «Қарағанды облысының цифрлық баспа архиві» жобасы аясында, Н. В. Гоголь атындағы ОӘҒК-сы сирек және құнды өлкетану қорларының сандық топтамасын құру бойынша жұмысты сәтті жалғастырды. 70-жылдары жарық көрген облыстық «Орталық Қазақстан» және «Социалистическая Караганда» газеттерінің 4367 санын және өлкетану тақырыбындағы 34 кітап сандық форматқа көшірілді.

Ағымдағы жылы кітапханаларды дамыту бөлімі облыстық семинарлар: «Кітапханалар қызметін жаңғырту», «Кітапханалық өлкетану мүмкіндіктер аумағы» Қарқаралы ОКЖ базасында және Кітапхана қорын жинақтау және автоматтандырудың өзекті мәселелері» облыстық практикалық семинар ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты: облыс кітапханалары мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Сондай-ақ, кітапхана біліктілікті арттыру бойынша жаңа жобаны жүзеге асыруда-бұл «Кітапханалық mindset» кәсіби қарым-қатынас клубын ұйымдастырды. Клуб отырыстарында кітапханалық өзекті мәселелер талқыланады, талқылау барысында барлық кітапханалар үшін бірыңғай шешімдер әзірленуде және т. б.

Кітапхана қызметкерлерінің кәсібилігі 2024 жылдың қорытындысы бойынша және кітапхананың 90 жылдық мерейтойы аясында 49 қызметкер марапатталды.

Кітапхана жұмысының қорытындысы бойынша кітапхана қарқынды даму үстінде және облыс тұрғындарына әрқашан қажетті. Сонымен бірге, оқырмандарға қолайлы қызмет көрсету мен қорды тиімді орналастыру мәселесі шешілмей келеді. Кітапхананың жаңа ғимаратының құрылысы да шешілмеген мәселелер қатарында. Соңғы жылдары оқырмандар арасында жоғарғы оқу орындары студенттерінің, мамандардың, ғылыми қызметкерлердің келуі азаюда.