Тойбек Жұлдыз Райымбекқызы 1967 жылы 19 ақпанда Қарағанды облысы ,Қарқаралы ауданының ,Нығмет Нұрмақов атындағы ауылда дүниеге келген. Әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. 1990 жылдан бері Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінде журналист. Халықаралық Қазақстан- Заман газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі. Өлендері республикалық басылымдарда үзбей жарияланып келеді. Біраз өлеңдері жыр жинақтарға енген.
Ақындар айтысының жүлдегері. Халықаралық Шабыт фестивалінің дипломанты. Қазақстан журналистер одағының мүшесі. Көтердім ақ желкенін жыр –кеменің» атты поэзиялық жыр жинағының авторы.
Жұлдыз Тойбек мамандығы журналист бола тұра синкретті күрделі деп саналатын айтыс өнерін де қатар ұстап жүрген қазақтың еңбексүйгіш қызы.
Сонымен қатар қазақтың жазба поэзиясына да қалам сілтеп келеді. Жоғарыда аталған жыр жинақ бұл сөзіміздің дәлелі. Ақын өз жырларында табиғат лирикасын,махаббат лирикасын және балалар әдебиетінің түрлі тақырыптарын қамтып өзінің ақындық тұлғасын биіктетіп келеді.
-
Жазбасам да әлі бір татымды өлең,
-
Атты арқалап келемін ақын деген .
-
О,ғаламат,қалайша байқамадым,
-
Үміттенемін келіпті-ау халқым менен -деп ақын жырлағанындай өз халқына деген шексіз махаббатын,поэзияға деген адалдығын көреміз.
Қаламы қарымды журналист қазіргі қоғамдағы түрлі әлеуметтік өзекті мәселелерге қалам сілтеп ары алдында өз шындығын биікте ұстаудан шаршаған емес.Жұлдыз Тойбек болашақта арыны кең ақын, қаламы қарымды журналист болары анық.
Шығармалары:
Темірғалиева К. Тарихты тірілткен жәдігерлер: Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің дир. К.Темірғалиевамен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2007. - 13 желтоқсан. - 5 б.
Тойбек, Ж. Жазушы Жайық және ақын Базарға ашылған мұражай : өнер саңлақтары // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 сәуір. - 13 б.
Тойбек Ж. Заңғар ғалым : Қарағанды ғалымдары // Орталық Қазақстан. - 2011. - 4 маусым (№ 89/90). - 4 б.
Тойбек Ж. Антына адал азамат : жақсының жүзі жарқын // Орталық Қазақстан. - 2012. - 5 сәуір (№ 55/56). - 8 б.
Ақашқызы М. Өмір өткелі : Сауғабай К. жұбайы М.Ақашқызымен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2006. - 23 қараша. - 8 б.
Ақсұңқарұлы С. Ақындар шықты айтысқа : Ақын С.Ақсұңқарұлымен сұхбат / Сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 2 шілде. - 16 б.
Жұмабеков К. "Сәкен театры самғау үстінде: С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының директоры К. Жұмабековпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 26 наурыз. - 16 б.
Мұсабеков Б. "Қазақтың тіліне қарсы шығып жатқан қазақтың өзі" : облыстық Тіл басқармасының бастығы Б.Мұсабековпен әңгіме / Әңгімелескен Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 шілде. - 10 б.
Райымбекқызы Ж. Жүрегіммен тілдесу : жас ақындар мінбері // Сарыарқа. - Астана, 1999. - № 2-3. - 50, 51 б.
Сейтметұлы Р. "Қойылымдарды екі тілде қоямыз" : Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессоры Р.Сейтметұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан. - 2006. - 22 сәуір. - 9 б.
Темірғалиева К. Тарихты тірілткен жәдігерлер : Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің дир. К.Темірғалиевамен сұхбат / сұхбаттасқан Ж.Тойбек // Орталық Қазақстан.- 2007. - 13 желтоқсан. - 5 б.
Ол туралы:
Жүнісұлы О. Ұлықтаған Арқаның арулалары // Орталық Қазақстан. - 2009. - 28 наурыз (№ 44/45). - 8 б.
Әбенқызы М. Өткеніңе қарасаң, өскеніңнің белгісі : оқыдық, пікір айтамыз // Орталық Қазақстан. - 2009. - 25 сәуір (№ 61/62). - 4 б.
Жүнісұлы О. Сыр шертті Балқантаудың ақын қызы // Орталық Қазақстан. - 2009. - 23 мамыр (№ 75/76). - 8 б.
Қарағандыға жаңа бір ән қосты // Орталық Қазақстан. - 2010. - 10 шілде (№ 109/110). - 1 б.
Әбілдинов Қ. Жұлдызды жүздесу : бәрекелді! . // Орталық Қазақстан. - Ә2005. - 21 шілде. - 2 б.
Дүйсенбаев М. Ақын қарындасыма : жаңа кітап // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 тамыз. - 12 б.
Жәлел О. Тау тұлғалы Темаға : кездесу / . // Орталық Қазақстан. - 2005. - 14 мамыр. - 10 б.
Жүнісұлы О. Гүл жауған кеш : [ақын, журналист Ж.Тойбектің шығармашылық кешінен] // Орталық Қазақстан. - 2007. - 8 наурыз. - 8 б.
Жүнісұлы Қ. Министр марапаттады : бәрекелді! /. // Орталық Қазақстан. - 2005. - 1 қыркүйек. - 9 б.
Искакова Г. Белый парус на волнах поэзии : [презентация поэтического сборника Ж.Тойбек] // Индустриальная Караганда. - 2007. - 15 марта. - С. 6
Көпішев Е. Шынайы өрнектелген өлеңдер : жаңа кітап // Орталық Қазақстан.- 2006. - 17 тамыз. - 10 б.
Майбас Т. Мемлекеттік тілді насихаттаушылар марапатталды : бәрекелді! // Орталық Қазақстан. - 2006. - 26 желтоқсан. - 6
Өлке шежіресін баяндайтын кітап шықты // Қарқаралы. - 2006. - 4 қараша. - 3 б.
Шолақаев Қ. Жыр желкені Жұлдыздың жығылмасын : жаңа кітап // Орталық Қазақстан. - 2006. - 24 тамыз. - 12 б.
Шөкейқызы Р. Жыр кемеде Жұлдыз қыз : [ақын, журналист Ж.Тойбектің шығармашылық кешінен] // Сыр мен сымбат. - Қарағaнды, 2007. - №3. - 10 б.
Айтжанова Қ. "Жан - терезе, қарайтын жан иесі..." : өнер өлкесінде // Орталық Қазақстан. - 2011. - 19 сәуір (№ 61). - 4 б.