Мирас АСАН - Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бақты ауылында 1987 жылы 13-ші мамырда дүниеге келген. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2010 жылғы ХІІІ Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты.  «Соңғы раушан», «Бекзат» жыр жинақтарының авторы.  Қарағанды облыстық мәдениет басқармасынында редактор болып қызмет атқарады.Мирас Асан қазіргі қазақ поэзиясындағы аузымен құс тістеген,арыны кең, әрбір ойының сөлін тамыза жырлап жүрген талантты лирик ақын.Мирас университетте оқып жүрген кездің өзінде- ақ жүректі жарып өтетін жалынды жырларымен көзге түскен ақын.Ол  2010 ж  Семей қаласында өткен Республикалық жыр бәйгесінен 1-орын  , Астанада өткен халықаралық мүшайрада 1-орын, Халықаралық Шабыт фестивалінен 1-орын алып өзінің поэзияға деген іңкәрлігін,адалдығын дәлелдеген болатын. Оның өлеңдерін оқи отырып оның шынайы алла берген талантына тәнті болмасқа амалың жоқ.

О, Моцарт, мағынасыз бәрі мұның,

Тағы бір жыр жазайық, тағы бір үн.

Нені естідің, барлығын хатқа түсір,

Хатшысымыз екеуміз Тәңірінің!». –деп ақынның өзі жырлағанындай    Мирас  сөз  жоқ  ар ақыны екендігіне көз жеткіземіз.  Мирас- өлеңдері сияқты жаны да нәзік,жаман пенделік пиғылдардан аулақ, ,ақындығы мен азаматтық болмысын қатар алып жүретіндей қауқары бар мінезді ақын. Мирастың өлеңдері үнемі мерзімді баспаларда жарияланып тұрады.Ақынның  болашақта поэзияның асқар шыңдарын бағындырып,қазақтың қайталанбас біртуар ақыны  болатындығына сеніміміз кәміл.

Жақында Қарағандыда 40 ақын шығып, бір қуантты. Мәселе, санда емес, сапада. Сол қырықтың ішінен бірнеше елге танымал, халық сүйіп оқитын ақын жігіттер шығатынына сенімім мол. Мысалы, Қарағандыда Серік Сағынтай бастаған Ілияс Мұқаев, Жанат Жаңқашұлы, Мирас Асан секілді керемет ақын жігіттер бар. Бұлар қазақ әдебиетін тауысып, Еуропа әдебиетіне көз салған жігіттер. Елімізде жарық көріп жатқандардың бірін де қалдырмай оқиды. Қазір Алматыда біраз ақындар бар, өзінен басқа ешкімді оқымайтын.Ал,біздікілер ондай емес.
Бұрын біз ақын болу үшін Алматыға баратынбыз. «Ақындар провинцияда туылып, Парижде өледі» деген содан қалған. Ал, қазір ауылда отырып та мықтылығыңды дәлелдеуге болады. Сол үшін жастар ең алдымен осындай мүмкіндік сыйлаған Тәуелсіздікке рахмет айтуы керек.
Алматыда енді өсіп келе жатқан ақындар көп. Бір-бірінен аумай ды. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай. Бәрі керемет жазады, бірақ, өзіндік ерекшелігі жоқ. Ал, Қарағандының жігіттері әрқайсысы бір-бір төбе, тау ақындар. Алматыда бәрі Маралтайға еліктейді. Еліктеген дұрыс, бірақ келе-келе өз жолыңды тауып кеткен дұрыс. Бірақ, олар Маралтайдың жолынан шыға алмай қалып жатады. Маған да еліктейтін жігіттер көп мұнда. Бірақ, өзіме қатты ұқсап бара жатса, мен де кейіп қаламын.

Өлеңдері:   

Мирас АСАН - Алғашқы қар - Қазақ поэзиясы - Мәссаған!

Мирас АСАН - ҚЫЗ ЖЫЛАГАН... - Қазақ поэзиясы - Мәссаған!

Тәуірдің әні... Өлеңі: Мирас Асан; Әуені: Тәуірбек ... - YouTube

Алты кітап - бір кеніш - Қазақ әдебиетi Мирас Асан

Мирас Асан: Менің жырым – Жадыра! | АйнаLine - beta

«жансусардан» қалықтайды нәзік жыр - Астана ақшамы

15 сәуір. Махаббат жайлы кітаптар - Massaget.kz

қазақ поэзиясы / Қазақ тілі / Общение / Сервер Казах.ру

Ақындар махаббатты жырлайды | ҚалайсыңҚалайсың

archive-kz.com: qasym.kz - Мирас Асан. Ақтық дем

Толығымен

Көркем әдебиет

Жүрегіме бүкіл әлемді сыйғыздым! | Класс-Time

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ, ақын: КЕЙІНГІ ЖАСТАРДЫҢ ...

Арқада поэзия мерекесі өтті - Baq.kz

Читать дальше (699)... - ГУ «Отдел образования города Сарани ...

Жас ақындарқазақ поэзиясы | muza1

Қарағанды ақындары өзінің сүйікті қаласы жайлы | Сообщество ...

ДИЛЕММА - Мәдениет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Шығармалары:

Асан М. Ақындардың ақыны // Орталық Қазақстан. - 2009. - 26 ақпан (№ 29). - 4 б.

Асан М. М.Мағауин және ұлттық рух // Орталық Қазақстан. - 2010. - 20 мамыр (№ 77). - 6 б.

Асан М. Қазақ мақал-мәтелдеріндегі даналық // Орталық Қазақстан. - 2008. - 16 ақпан. - 8  б.

Асан М. Қолымызда құлагердің қу басы. жас қалам / Асан М. // Орталық Қазақстан. - 2008. - 22 қаңтар. - 4  б.

Сейітқалиұлы, Д. Қарағанды қалжыңдары  / Сейітқалиұлы Д. // Орталық Қазақстан. - 2008. - 18 наурыз. - 4  б.

Асан М. Келемін кезіп, сені іздеп...  / М. Асан // Орталық Қазақстан. - 2010. - 27 қараша (№ 194/195). - 4 б.

Асан М.  Бекзат: поэзия / М. Асан // Қасым. - 2011. - № 1. - 32 б.

Асан М.  Бір ғана сәтте ғашық қып...  / М. Асан // Қазақ әдебиеті. - 2011. - 25 қараша- 1 желтоқсан (№ 47). - 8 б.

Асан М.  Сен үшін бір жүрек тоқтады  / М. Асан // Тұмар. - 2011. - № 1. - 20-23 б.

Асан М.  Дештінің қызы, дүриядан киген көйлегін...  / М. Асан // Қасым. - 2011. - № 1. - 32-39 б.

Жайды уақыт жап-жасыл жапырағын  / І. Мұқаев [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 23-29 наурыз (№ 12). - 10 б.

Асан М.  Дилемма: мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған шығармалар / М. Асан // Орталық Қазақстан. - 2012. - 15 қыркүйек (№ 156/157). - 6 б.

Жалбызға орап өсірген жалғыз өлең...  / Т. Ешенұлы [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 28 желт. (№ 52