Қазіргі қазақ поэзиясында нәзік те сыршыл лирикасымен өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра білген ақын Роза Сейілхан 1972 жылы 25 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. 1996-1998 жж. республикалық “Zaman-Қазақстан” газетінде, 2001-2002 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, 2002-2003 жж. республикалық апталық “Ана тілі” газетінде жұмыс істеген. Қоғамдық-саяси «Алматы ақшамы» газетінде еңбек еткен. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші.
Өлеңдері 1990 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Жас алаш», «Алматы ақшамы», облыстық «Жетісу» газеттерінде, “Парасат”, “Жұлдыз” журналдарында жарияланып тұрады.
2001 жылы “Отырар кітапханасы” сериясымен “Мендегі бір әлем” атты тұңғыш жыр жинағы жарыққа шыққан.
Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері және 2003 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық “Шабыт” жастар фестивалінің лауреаты.
Әдебиет, руханият тақырыбында жазылған толғақты материалдарымен келелі ой айтып, ақындық қарымын азаматтық публицистикамен де ұштастырып жүрген қалам иесі. Оның жырлары таң шығындай мөлдір лиризмге, туған жерге тамыры байланған перзенттік махаббатқа, қаймағы бұзылмаған шұрайлы тіл мен көркем де кестелі тіркестерге мейлінше бай. Жаны нәзік ақын өмірді батыл әрі еркін жырлайды, әр өлеңі шынайылыққа толы. Ақын шығармашылығы жайлы Ғалым Жайлыбай «Розаның өлеңдерінен шынайылық байқалып тұрады. Оның лирикадан пәлсапа туғыза алатындығы, ой-өрімдері мен ақындық, адами тағдырын өзіндік мұңымен өре білетіндігі қуантады» деген болатын.
Бара алмаймын ауылға,
Барар едім...
Бақытымды сол жақтан табар едім.
Бәлкім сонда от болып жанар едім,
Тамшы болып мөлтілдеп тамар едім.
Ағын судай тасып бір ағар едім.
Сырқаты көп анама,
Бауырға да,
Ініге де, сіңліге алаң едім.
Бара алмаймын ауылға
Барар едім...- деп жырлайтын туған жерге, ауыл тақырыбына арналған өлеңдері ауылға деген сағынышқа толы.
Әнші, сазгер, ақын Р.Әлқожаның «Ән салшы, Роза» әнінің авторы.
Есімі қалың оқырманға жақсы таныс ақын дауылдай буырқанған жырларымен оқырман ықыласына бөленіп келеді.
Шығармалары:
- 1) Сейілхан Р. «Сусып өтіп барады «бес күн» менен...»: поэзия / Р.Сейілхан // Жас алаш. - 2004. – 7 желтоқсан. – 5 б.
- 2) Сейілхан, Р. "Сусып өтіп барады "бес күн" менен..." [Мәтін] : поэзия / Р. Сейілхан // Жас Алаш. - 2004. - 7 желтоқсан. - 5 б.
- 3) Р.Сейілхан. Белестерде бүр ашса гүл бәйшешек...-Айқын.
- 4) Роза Сейілхан. «Мен – өлеңмін, өлеңде кінә бар ма?!.»
- 5) Р.Сейілхан. Жамандығын көтермей жер бетінің...:өлеңдер. Қазақ әдебиетi
Мақалалары:
- 1) Сейілхан, Р. Би өнерін биіктен көрсек [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2001. - (N42). - 14 б.
- 2) Сейілхан Р. Дара таланттар ауылда: сазгер Бейбіт Оралұлымен сұхбат / Р.Сейілхан // 2003.– 16 қаңтар.– 10 б.
- 3) Сейілхан Р. Бейнелеудің бейнетін көргендер зейнетін көрмей ме? / Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 11-17 қараша(№45). – 10 б.
- 4) Салықұлы, Ғ. Тәттімбет оркестрі - Алматыда [Мәтін] : Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрінің директоры Ғ.Салықұлымен сұхбат / сұхбаттасқан Сейілхан, Р. // Қазақ әдебиеті. - 2005. - қазан (N42). - 15 б.
- 5) Сейілхан Р. Қайран біздің аналар!../ Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2006. – 3 наурыз (№9). – 14 б.
- 6) Сейілхан Р. Ғұмырын әнге арнаған ана: [Р.Бағланова туралы] / Р.Сейілхан // Қазақ әдебиеті. – 2007. – 19 қаңтар (№3). – 1,11 б.
- 7) Сейілхан, Р. "Біржан сал" немесе бүгінгі қазақ киносы [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 18-24 қыркүйек (№ 40). - 1,6 б.
- 8) Сейілхан, Р. Жамандығын көтермей жер бетінің [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 11 - 17 мамыр (№ 19). - 8 б.
- 9) Сейілхан, Р. Көп бар жердегі сөз [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 7-13 желтоқсан (№ 50). - 1, 6 б.
- 10) Сейілхан, Р. Қиялдағы сұңқар, қолдағы тұрымтай [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 28 желтоқсан (№ 52). - 1, 4 б.
- 11) Талантты заман таңдайды [Мәтін] / Ә. Тарази, А. Ісмақова ; дайындаған Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 13 шілде - 2 тамыз (№ 30/31). - 1, 5 б.
- 12) Сейілхан, Р. Дауыстың көлі мен шөлі [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 18-24 қаңтар (№ 1/2). - 1, 10 б.
- 13) Сейілхан, Р. Алланың ауызға салғаны... [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 8-14 ақпан (№ 6). - 1, 11 б.
- 14) Сейілхан, Р. Әлди жырдың әуені [Мәтін] / Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 8-14 наурыз (№ 10). - 5 б.
Ол туралы:
- Сейілхан Роза // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. - 279 б.
- Сейілхан Роза // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 470 б.
- Өткен күн - ұстатпайтын сұлу сағым... [Мәтін] / С. Жиенбаев [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 29 наурыз - 4 сәуір (№ 13). - 8 б.
- Өткен күн - ұстатпайтын сұлу сағым... [Мәтін] / С. Жиенбаев [және т. б.] // Қазақ әдебиеті. - 2013. - 29 наурыз - 4 сәуір (№ 13). - 8 б.
- Талантты заман таңдайды [Мәтін] / Ә. Тарази, А. Ісмақова ; дайындаған Р. Сейілхан // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 13 шілде - 2 тамыз (№ 30/31). - 1, 5 б.
- Сейілхан Роза - Одак мушелерi.
- Р.Сейілхан: «Мен – өлеңмін, өлеңде кінә бар ма?!.».