Ақын, жазушы, филилогия ғылымдарының кандидаты (2000) Қуантайұлы Нұржан 1971 жылы 22 қаңтарда бұрынғы Семей облысындағы Көкпекті ауданының Үлгілі ауылында туған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1993–1994 жж. Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995–1996 жж. Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті, 1996–2000 жж. әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000–2002 жж. республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы, 2002–2004 жж. «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004–2005 жж. «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005–2009 жж. «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» Media орталығының директоры.

2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған.

2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы шыққан. «Қараөзек» атты прозалық, «Күмбір» атты поэзиялық кітаптарының авторы.

Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты.

Қазақ жырының есігін қоңыраулы жырымен, қоңыр үнімен ашқан Нұржан Қуантайұлы өлеңдері бөлек әсерге бөлейді.

Ақ қар, көк мұз, ақ боран,

Көңіл қайда хал неде?!

Күн туғанда ақтарам,

Алла! – де, – деп ақжарма көңілден ақтарылып, шұрайлы тілмен шырай енген көптеген жырлар туғызады.

Шығармалары:

  1. Қуантайұлы Нұржан. Күмбір / Н.Қуантайұлы. - Алматы: Қазығұрт, 2005. - б.
  2. Қуантайұлы Н. Бәтіңке: әңгіме / Н.Қуантайұлы // Жұлдыз. – 2001. - №11. – 59-63 б.
  3. Қуантайұлы Н. Дыбыс қалғып, маң бозарып.../ Н.Қуантайұлы // Қазақ әдебиеті. – 2002. – 14 маусым (№24). – 7 б.
  4. Қуантайұлы Н. Жүректегі күмбірлер....поэзия / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2005. – 8 шілде (№27). – 8 б. – («Қазақ әдебиеті» қосымшасы №5).
  5. Қуантайұлы, Н. Бәтіңке [Мәтін] : әңгіме / Н. Қуантайұлы // Жұлдыз. - 2001. - №11. - 59-63  б.

Мақалалары:

  • 1) Дүтпаева Н. Нұржан Қуантайұлы: «Желтоқсан оқиғасын жаңаша көрсетуге ұмтылдым» / Н.Дүтпаева // Жас алаш. – 2002. – 14 желтоқсан. – 11 б.
  • 2) Қуантайұлы Н. Мағжаның белгісіз өлеңі: [М.Жұмабаев туралы] / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2000. – 28 қараша.
  • 3) Қуантайұлы Н. Сәулетті менің Ордам қонған жер...: [Бөкей Ордасына 200 жыл] / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2001. – 17 сәуір. - (Рух. - №3).
  • 4) Қуантайұлы Н. Халел мырзаның қилы тағдыры: [экономика қайраткері Халел Ғаббасов туралы] / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2001. – 6 наурыз.
  • 5) Қуантайұлы Н. Алаш Орда Үкіметі болған ба? / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2001. – 2 маусым. – 4 б.
  • 6) Қуантайұлы Н. Алаштың намысты азаматы: Мәшһүр-Жүсіп Көпеев туралы / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2001. – 1 желтосан. – 3-4 б.
  • 7) Қуантайұлы Н. Ешқашан, ешуақытта ұмытуға болмайтын қасірет: [31-мамыр құғын-сүргін құрбандарын еске алу күні] / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2001. – 31 мамыр.
  • 8) Қуантайұлы Н. Күшті режиссура болмаса, ұлт театры өспейді / Н.Қуантайұлы // Жас алаш. – 2002. – 21 наурыз (№34-35). – 5 б.
  • 9) Қуантайұлы Н. Жүсіпбек Аймауытұлы. Жаңадан табылған шығармалар / Н.Қуантайұлы // Жұлдыз. – 2003. - №3. – 3 б.
  • 10) Қуантайұлы, Н. Дөңгеленген дүние - ай... [Мәтін] / Н. Қуантайұлы // Егемен Қазақстан. - 2011. - 15 шілде (№ 299/300). - 5 б.
  • 11) Тану мен талғампаздық [Мәтін] / Н. Қуантайұлы, О. Жәлелұлы, Ұ. Еркінбай ; дайындаған А. Ашанова // Қазақ әдебиеті. - 2012. - 9-15 қараша (№ 46). - 1, 6 б.

 Ол туралы:

  • 1)    Қуантайұлы Нұржан // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық / бас сарапшы Б.Әбдіғалиев. – Алматы, 2005. – 336 б.
  • 2)    Қуантайұлы Нұржан // Қазақстан жазушылары: XX ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: Ана тілі, 2004. – 191 б.
  • 3)    Медетбек, Т. Алтынкөпірліктер [Мәтін] : (Қазіргі жастар поэзиясы хақында) / Т. Медетбек // Жұлдыз. - 2008. - №1. - 143-165 б ; №2. - 126-140 б.