-
Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдаудағы ақпараттық қызметтер
-
Қарағанды облысының ОКЖ жұмысы бойынша қысқаша ақпарат
Осыдан бірнеше жыл бұрын бізге «Көпшілік кітапханалар шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға бизнесті ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты сұрақтар кешенін шешуде сапалы ақпараттық көмек көрсете ала ма?» деген сұрақ қойылғанда, шағын және орта бизнес өкілдері кітапханаға жиі келмегендіктен, бұл бағытта облыс кітапханаларының тәжірибесі болмағандықтан, аталмыш сұраққа жауап беруге қиналған едік. Елімізде шағын бизнестің қалыптасу кезеңінде шағын, орта бизнес пен кәсіпкерліктің, олардың қызметіне байланысты барлық процестерді сүйемелдеу мен жүйелі түрде ақпараттық қамтамасыз ету өткір мәселе саналғандықтан, бұл қызметтер толық орындалмайтынын. Шағын кәсіпкерліктің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бойынша ақпарат жоғары сұраныста болатын. Еліміздегі бизнес жүргізуге арналған ақпарат ұсыну бойынша нарықтың қалыптасу кезеңінде, әрі шағын бизнеске бағытталған еді. Кітапханаларда экономика, маркетинг, менеджмент, ауыл шаруашылығы және т.б. туралы кітаптар, заңнамалық құжаттар, салалық анықтамалықтар және т.б. жетіспейтін.
Осы жағдайларды ескере келе, кітапхана қызметін ең алдымен нормативтік-құқықтық құжаттарға қолжеткізуді қамтамасыз етуге бағыттадық. Бұл уақытта 13 ОКЖ «Заң», «Параграф» ДБ қолданып, www.e.gov.kz. порталының ресурстарын пайдаланатын. Облыс кітапханаларында пайдаланушыларға қызмет көрсететін 13 қоғамдық қолжеткізу пунктері бар. 100 астам кітапхана Интернет желісіне қосылған.
Шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауға, оның ішінде агроөндірістік кешенді дамытуға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2020» Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты http://www.e.gov.kz порталының контенті шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікке арналған өнімдік ақпаратпен толықтырылып, бизнеске көмекке ақпараттық қызмет көрсету жандана бастады.
Облыс кітапханалары «Бизнестің жол картасы 2020» бизнес-порталын зерттеу тапсырмасын қолға алды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры (www.fund-damu.kz/kz) шағын бизнеске көмекке ақпараттық ресурс болып табылады. Кітапханашылар, ең алдымен «Даму» қорының мәнін, бұл қордың неліктен кәсіпкерлікке көмекке түрлі бағыттар төңірегінде көптеген бағдарламаларды қолдауды жүзеге асыратынын түсініп, талдай білулері керек. Төменде келтірілген:
- жобаларды жүзеге асыруға арналған банктердің несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді қаражаттандыру;
- бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған банк несиелері бойынша ішінара кепілдік ету;
- өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамытуға; бизнесті жүргізуді сервистік қолдауға; кадр даярлауға, жастар тәжірибесіне, әсіресе әлеуметтік жұмыс орындарын (компонент 2011ж. бері енгізілуде) ұйымдастыру мен қолдау;
бойынша Мемлекеттік қолдау қалай жүзеге асырылатынынан хабардар болулары керек еді.
Осының бәрін жете түсіне білу үшін кітапханаларды дамыту бөлімінің қызметкерлері келелі кеңес, толық түсініктер беріп, қызықты тәжірибелік сабақтар өткізді. Жергілікті жерлерде бизнеске көмекке ақпараттық ресурстарды зерттеу бойынша сабақтар ұйымдастырылды. Кітапханашының өзі сұрақты түсініп, талдай білмесе, қажетті ақпаратты іздеуді ешқашан да жүзеге асыра алмайды.
«Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламаларын зерттеумен қоса, қала, аудандардың индустриалдық-инновациялық дамуының жоспарларын ескере келе, барлық ОКЖ өздерінің «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру» жоспарларын дайындаған болатын. Әрине, әр жоспардың өзіндік ерекшелігі бар, олардың ішінде Абай ОКЖ құрастырған жоспарын айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ Балқаш, Бұқаржырау, Саран, Теміртау, Шахтинск ОКЖ жоспарлары да айтуға тұрарлық. ОКЖ жоспарлары негізінде «Қарағанды облысының кітапханаларын үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды ақпараттық қолдау» үлгі жиынтық жоспарын құрастырдық.
Негізгі мақсатымыз - облыс кітапханаларында ақпараттық қызметтерді кеңейту, шағын бизнес және кәсіпкерлік өкілдерін дер уақытында, нақты, әрі толық ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар туғызу болып табылады.
Барлық кітапханалар http://www.fund-damu.kz/kz кәсіпкерлікті дамыту Қорының порталында ұсынылған ақпараттық қызметтерді жылжытуға, әсіресе қордың Бағдарламалары, «Бизнестің жол картасы 2020», «Даму» қоры бизнес-жоспар үлгілері, қаржыландыру көздері, фирманы тіркеу, банк шоты, экономикадағы франчайзинг сияқты тақырыптарға баса назар аударды.
Шағын бизнес пен кәсіпкерлік өкілдеріне (кәсіпкерлік бөлімдерінің, шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары, фермерлер) арналған осындай нақты ақпаратқа қажеттіліктің арта түсуі бизнесті дамытуға ықпал етті.
Көптеген ОКЖ неғұрлым сапалы жұмыс үшін экономика саласындағы картотекалар жаңарып, мақалалардың жүйелі картотекасына өзекті айдарлар енгізілді: «Металлургия», «Машина жасау»; «Химия саласы», «Дуальное образование в помощь производству», «Производство кроненпробки, лакировании и литографии белой жести» (Қарағанды, Теміртау ОКЖ); «Мамандандырылған ауылшаруашылық самолеттері» (Бұқаржырау ОКЖ); «Производство искусственных волокнистых материалов» (Саран ОКЖ); «Развитие экспортного потенциала мяса КРС» (Нұра, Шет, Бұқаржырау, Жаңаарқа ауданы); «Герефорд» тұқымдық малдары» (Жаңаарқа ауданы); «Қазақтың ақ бастары» (Абай, Шет); «Жылқышылық» (Жаңаарқа ауданы); «Картоптың дегдарлы түрлері» (Абай, Бұқаржырау, Осакаров ауданы); «Капельное орошение» (Бұқаржырау ауданы) және т.б. Барлық ОКЖ айналадағы өзгерістерді (ауыл шаруашылығын жетілдіру, индустриаландыруды ілгері дамыту...) ескеріп, өз аймақтарының инфрақұрылымын жүйелі түрде зерттеуді жалғастырып келеді.
Сондай-ақ, «Қазақстандық өнімді ішкі нарыққа брендтеу», «Қызметтер экспорты», «Тиімді кәсіпкерлік – тиімді экономика», «Қарағанды облысындағы қазақстандық мазмұн», «Өсімдік шаруашылығындағы әртараптандыру», «Жаңа жібек жолы – транспорттық хаб» және т.б. тақырыптарда алғашқы ақпараттық дайджестер шығарыла бастады.
Ақпараттық қызмет көрсетуді дамытуда Саран, Шахтинск, Бұқаржырау, Сәтпаев ОКЖ шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерінің «Ақпараттық талаптар мониторингін» ұйымдастырылды. Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуде 4 кәсіпкермен Келісім бекітілді, оларды жеке ақпараттандыру электронды пошта арқылы жүзеге асырылуда.
Абай ОКЖ «Казахстан: стратегия достижений и успеха», Бұқаржырау ОКЖ «Сделай бизнес успешным!» атты жобалар мен бағдарламаларды дайындады.
Теміртау ОКЖ №3ф. І,ІІ топтағы мүгедектер - жаңадан бастаушы бизнесмендерге арналған «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры мен «Құс жолы» қайырымдылық қоры туралы құжаттар пакетін ұсынды.
Теміртау ОКЖ №1ф. қызметкерлері ««English club» лингвоклубы» жобасы аясында бизнес өкілдері үшін түрлі тасымалдаушылардағы ағылшын тіліндегі құжаттарды, оқулықтарды, әдістемелік ұсыныстар мен құралдарды, анықтамалықтар мен сөздіктер топтамаларын қалыптастырып, «The world without limits» ЭДБ және ағылшын тіліндегі «Книги» ЭК құрастыра бастады.
Бірқатар ОКЖ кәсіпкерлік бөлімдермен серіктестік қарым-қатынасты дамытуда ғимарат пен қажетті құрал-жабдықтарды (компьютер, мультимедиалық проектор, маркерлі және ақпараттық тақталар) ұсынып, семинар, тренинг, тұсаукесерлер өткізді. Атап айтқанда, Осакаров, Бұқаржырау ОК жаңадан бастаушы кәсіпкерлермен өткен курстарда маңызды мәліметтер берілді. 2012ж. шілде айында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларын жүзеге асыруда, облыстық әкімдіктің қолдауымен, Шахтинск қаласының кәсіпкерлік бөлімі Бұқаржырау атындағы Орталық қалалық кітапханада жаңадан бастаушы және қазіргі кәсіпкерлердің қатысуымен «Бизнес-кеңесші» экспресс-курсы бойынша семинар-тұсаукесер ұйымдастырды.
Сәтпаев ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұйымдастыруымен қызықты өткен, «Кәсіпкерлік психологиясы», «Бизнес-жоспар», «Кәсіпкерліктегі маркетинг», бизнестегі қатерлер және мықты, осал жақтарының мүмкіндіктері туралы «SWOT талдауды қалай жүргізу керек?», «Қызметкерлерді басқару», «Кәсіпкерлерге арналған қаржылар» тақырыптары талқыланған «Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге арналған экспресс-курс» атты семинар-тренинг слайдтық тұсаукесермен сүйемелденді. Қатысушылар «Жеткізуші мен тұтынушы», «Жетектелген және жетекші» (ақпараттық кеңістікте бағдарлануға арналған) командалық ойындарды жүргізіп, тест-ойын, психологиялық ойындар мен ақылдық шабуылдарға атсалыса қатысты.
Қарағанды ККОЖ М.Әуезов атындағы ОҚК «Халық банкі» қызметкері З.С.Сұраншиева жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беріп, шағын және орта бизнестің несиеленуі туралы сұрақтарға толық жауап берді. Кәсіпкерлер назарына кітаптардың тақырыптық іріктелуі, «Заң» ДБ ұсынылды. «Ірі қара малды өсіру мен асырау», «Нан өнімдерін шығару бойынша цех ашу және жұмысты ұйымдастыруда бизнес-жоспар құрастыру» және т.б. тақырыптарда жеке іріктеулер құрастырылды.
Теміртау, Абай ОКЖ мектеп оқушылары арасында мамандық таңдау бойынша жұмыс, кәсіпкерлік рөлін танымал етуде шағын, орта бизнес өкілдерін тарту мақсатында кездесулер өткізді.
«Халықты жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында «Жұмыскер мамандық иелеріне көмек» сияқты маңызды тақырыпты актуальдандыруда ауқымды шаралар атқарылды. Шахтинск, Теміртау, Қарқаралы ОКЖ кітапханаларда немесе жұмыспен қамту орталықтарында (келісу арқылы) компьютер курстары, тренингтер (сылақшылар, монтажшылар, газбен дәнекерлеуші, құрылысшылар, жүргізушілер) өтті. Әр ОКЖ жұмыс жоспарларында жүзеге асырылуы тиіс тартымды тақырыптарды ұсынды.
Кітапханалар ақпарат орталығы сияқты осы категориядағы ақпараттық қажеттілікті ескере, «Виртуалды шолу», «Сайттар шолуын» ұйымдастыруда. Осакаров, Шахтинск, Бұқаржырау, Сәтпаев ОКЖ сайттарында «Бизнеске көмек» беттері ашылған.
«Электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы транзакциялық қызметтер» тақырыбы шағын және орта бизнес өкілдері үшін неғұрлым өзекті саналады. Кітапханашылар электрондық цифрлы қолтаңбаны алу бойынша қызметтерді танымал етуге атсалысуда. Бұл қызмет http://pki.gov.kz/index.php/kz/ порталында тегін көрсетіледі. Порталда жеке адамдар мен заңды тұлғаларға арналған сенімхаттардың жаңа үлгілері орналасқан. «Техникалық қолдау Қызметі» техникалық тұрғыдағы, бағдарламалық қамтамасыз етуді, сертификаттарды орнату мен баптау туралы мағлұмат береді. Ондаған кәсіпкерлер, әсіресе ауылдық жердегілер, портал көмегі арқылы «Электрондық цифрлық қолтаңбаны» ала алады. Бұл бағытта атқарылып келе жатқан ауқымды шаралар әлі де жалғасуда.
Бүгіндері қалалық, аудандық кітапханашылармен қатар, Абай, Бұқаржырау, Нұра, Осакаров ОКЖ ауылдық кітапханашылары да шағын, орта бизнес субьектілеріне айтарлықтай қызмет көрсетіп келеді.
- іскер әдебиетті іздеуге арналған Интернет желісіне қолжеткізу;
- іскерлік материалдарды компьютерді теру, электронды тасымалдаушыға ақпарат жазу, басып шығару, ШОК субьектілерінің өтініші бойынша құжаттарды сканерлеу;
- компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа оқыту (мәтіндік, графикалық, кестелік редакторлар, тұсаукесерлер құрастыру);
Сондай-ақ:
- «Даму» қоры бизнес-жоспар үлгілері
- Кәсіпкерліктің жедел курсi (кiтап) оқу;
- «Кәсіпкерліктің жедел курсі» бейне-курсі;
және т.б. белсенді түрде ұсынып келеді.
Бұқаржырау ауданының Новоузенка ауылдық кітапханасы 2 кәсіпорынның құрылысы жайында («ТехноИндустрия» ЖШС фракциялық текше тәрізді кесектер өндірісі бойынша зауыт, «КазАвиаСПЕКТР» ЖШС ауылшаруашылық самолеттері өндірісі бойынша) ақпараттандыруды алғашқылардың бірі болып бастаған. «Талап етілетін мамандар» картотекасын жүргізгенде, кітапханашы тұрғындарға зауыттарға қажетті мамандықтар туралы ақпараттар беріп, кәсіпорынның қысқа сипаттамасынан, суретті материалдан тұратын «Тау-кен секторының кәсіпорны», «Ауылшаруашылық самолеттері өндірісі жобасы» ақпараттық бюллетеньдер шығарды. Самолет шығару өндірісі бойынша зауыт өкілдерімен өткен кездесу барысында тұрғындарға кәсіпорын есебінен Қазан қаласына самолет шығару мамандықтарына оқуға түсуге ұсыныс жасалды. Қатысушылар қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды. Кездесуге қатысушылардың бірі Р.Қожанбаев аталмыш қалада самолет шығару мамандығы бойынша білім алуда. Қазіргі уақытта «КазАвиаСПЕКТР» зауытында ауыл тұрғындарының ішінде 11 адам еңбек етеді.
«Герефорд» ет өнімінің әлемдегі ең танымал тұқымы» атты қызықты тақырыпты Жаңаарқа ауданының Ескене, Ақсу ауылдық кітапханалары белсенді түрде танымал етуде.
Өкінішке орай, бүгіндері ауылдық кітапханалардың басым бөлігі бұл бағытта ойдағыдай жұмыс атқармайды деуге болады. Осы жылы біз 100-ден астам ауылдық кітапхананы араладық. Көптеген кітапханашылардың кітап оқымауы, өз кітапханаларының кітап қорын жете білмеулері, ҮИИД (ФИИР) және т.б. айтпағанның өзінде, іздеуді жүзеге асыра алмай, ақпараттық ресурстар сапасын бағалауды білмеулері өкініш туғызды.
Кітапханалардағы шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлікке көмекке ақпараттық қызметтерді танымал етуді талдау барысында шағын, орта бизнес пен кәсіпкерлік өкілдерінің «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (www.fund-damu.kz/kz) ресурстарына жүгінудің жыл сайын арта түсуі білінді, бұл мазмұнды және талап етілген контентке байланысты. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ресурстары облысымызда мыңдаған шағын, орта кәсіпкерлікті ашуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыс істейтін жұмыскерлер санының артуына мүмкіндік берді.
Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етуді талдау барысында ОКЖ ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға бірыңғай кешенді келіп, шағын, орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің толық жүзеге асырылмағанын байқадық.
- Құжаттар қорын толықтырудың дәстүрлі технологиясы қайта ойлау мен толықтырулар енгізуді талап ететіндіктен, шағын, орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің сапалы құралдарына назар аудару аса маңызды саналады;
Қор толықтыруды үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бойынша (қала, аудан) Мемлекеттік бағдарламасы контексінде қалыптастыруға назар аударуларыңызды сұраймыз. Экономикалық саладағы ақпараттық базаны жаңарту бойынша, қорды маңызды әдебиетпен қалыптастыруға; бизнес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, техника бойынша, жұмыскер мамандықтары туралы және т.б. әдебиеттерді анықтау мақсатында қазақстандық, ресейлік әдебиеттерді зерттеу бойынша ауқымды жұмыс атқару керек. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуын ашатын мерзімді басылымдарға жазылуды ұйымдастырыңыздар. Осы орайда ҚР Ұлттық кітапханасы ұйымдастырған (2012ж. 26-27 қыркүйек) «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбында өткен республикалық семинар материалдарын қарап шығыңыздар.
Назар аударыңыздар:
- Семинар бағдарламасына аймақтық үдемелі-инновациялық дамуы мен әлеуметтік жетілдіру жағдайында Қазақстан кітапханаларының ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, кітап шығару, кітап нарығы, кітапханаларды толықтыру үрдісі және инновациялар, қазіргі кезеңде техникалық және жаратылыстану әдебиеттері басымдықтарының қажеттігі, кітапханалардың электрондық ортадағы алдағы уақытта дамуы мен желілік қашықтағы ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарды талқылау енгізілді.
- ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі К.К.Қоштаеваның «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында кітапханалар қорын қалыптастыру» тақырыбындағы түйінді баяндамасы ұсынылған;
Сондай-ақ «John Wiley», «Brill» әлемдік баспа компанияларының өкілі Джасек Левинсон, «Машиносроение» баспасының менеджері В.Н.Костюк, ВИНИТИ РАН директорының орынбасары О.В.Кириллов, ҚР Ұлттық Мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары К.Е.Байзақовтың баяндамаларына назар аудару маңызды.
- Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін оның пайдаланушыларын (жаңадан бастаушы кәсіпкерлер, өз бизнесін дамытқысы келетіндер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары және т.б.) нақты анықтап, олардың қызығушылықтарын ескере, ақпараттық ресурстарды одан әрі дамытуды қалыптастыру керек. Әзірше барлық ОКЖ шағын бизнес пен кәсіпкерлік өкілдіктерінің ақпараттық қажеттіліктерін анықтауға кірісті.
- Пайдаланушыларды (жеке және топтық) айқындауға мүмкіндік беретін кітапханалық қызмет көрсету аймағының инфрақұрылымын зерттеу мақсатында аз әлеуметтік зерттеулеріңізді (пікіртерім, сауалдама) жүргізуді ұсынамыз. Ақпараттық қызмет көрсету.
- Бизнес қызығушылығы аясында анық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қызықты, бірегей ресурстарды қалыптастыру.
- Жаңа компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы жаңа ақпараттық ресурстарға қолжеткізуді қамтамасыз ету; халықаралық деректер базасымен «on line» режимінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
- Кітапхананы пайдаланушылардың талаптарына сай (қызметтердің түр-түрін кеңейту, оларды жетілдіру, кітапханалық сервис) кітапханалық қызметті орындау;
- Мәселелік-бағытталған деректер базасын түрлі бағыттар бойынша іскерлік орта үшін қалыптастыру және т.б.;
Облыс кітапханалары шағын кәсіпкерлікті қолдауға ақпараттық қызметтерді жылжытуда алғашқы қадамдарын бастады. Басым бөлігі кәсіби сипаттағы қиындықтармен кездесті. Шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік өкілдерімен жұмыс істеу оңай болмай шықты. Кітапханашылардың лайықты білім, ақпарат іздеу алгоритмі, эрудиция, білгірлікпен қатар, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлікті қолдауға арналған жаңадан шығып жатқан әдебиеттер, қазақстандық, ресейлік, әлемдік Internet-ресурстар жайында хабардар болғандары жөн.
Бізді сыйласын десек, кітапханалардың қазіргі заманға сай, табысты болуымен қатар кітапханалардың қажеттігін қаласақ, ең алдымен өзіміз өзгеріп, қызметіміздің мәнін жоймай, жұмыстың жаңа түрлерін қабылдай білейік.
Ф.Х.Тимершина,
Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі
(аударған Р.О.Бұланбекова,Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыстар бойынша аға кеңесшісі)