Экологияға байланысты мерзімді басылымдар

  «Экологический курьер» Республикалық газеті Мемлекеттік қызметтердің, қоғамдық ұйымдардың,өнеркәсіп мекемелерінің, ғылыми мекемелердің, жоғары оқу орындарының және мектептердің  табиғатты қорғаудағы қызметі жайлы жариялап отыратын  кәсіби басылым.
  (Санкт-Петербург қ.) «Общество и экология» экологиялық газеті. Бұл ай сайын шығатын басылым, мұнда жаңалықтар мен аналитикалар, мақалалар мен сұхбаттар, фоторепортаждар мен журналистік тексерулер сондай-ақ, экология, энергетика, құрылыс, білім, жастар мәселесі, су, ауа, жер тазалау, діни және дүниетанымдық мәселелер, спорт, саясат, нашақорлықпен күрес, салауатты өмір салтын насихаттау, жаңа технологияларды енгізу және басқа да тақырыптар жарияланады.

Жақында http://www.ecogazeta.ru/ адресі бойынша «Общесто и экология» газетінің тағы бір сайты тіркеліп жұмыс істей бастады.

   «Зеленый мир» газеті нақты экологиялық ақпараттарды жинақтауда, талдау жасауда, жариялауда және талқылауда ең үздік газет болып саналады, сондай-ақ, Ресейдің экология саласын дамытуда, нығайтуда және РФ эколог мамандарының, халқының басқа да ТМД елдерінің баршаға ортақ экологиялық мәселені  шешуде күшін біріктіретін құрал болып табылады.
  "Берегина" газеттің негізгі айдары экологиялық және әлеуметтік-құқықтық тақырыпты қамтиды. Ондағы ұсынылған тақырыптар қоршаған ортаны қорғау құқығына, су ресурстарын сақтауға, тірі табиғатты қорғауға, химиялық және атомдық қауіпсіздікке, энергетикаға, ауыл шаруашылығына, қоршаған ортаның ахуалына, эко білімге және тәрбиеге арналған.
 «Кот и пес»

http://kotipesmag.ru

 Отбасылық оқуға арналған тәуелсіз газет. Бұл газеттен үй жануарларын қалай өсіру, тамақтандыру, тәрбиелеу, емдеу керек екені туралы және басқа да сұрақтарға жауап табасыздар, Сонымен қатар табиғат жайлы әңгімелер ұсынылған.
  «Экология и жизнь»

http://www.ecolife.ru

 Экология және энергия тиімділігін, табиғатты пайдалануды және климаттың өзгеруі жайлы тақырыптарды кеңінен тарататын ғылыми-танымдық мерзімді басылым. Журнал бетінде экологиялық білім беру және дүниетанымдықты дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлінген.
  «Юный натуралист»

http://unnaturalist.ru

 Жасөспірімдер мен балаларға арналған бірегей ғылыми-танымдық журнал. Бұл журнал өз оқырмандарына, әлі де ұлы саяхатшылар мен зерттеушілердің заманы өтпегенін еске түсіреді
 «GEO-лёнок»

http://geolenok.ru

Бұл – саяхат және әртүрлі елдің халықтарының мәдениеті туралы, ғылым мен техника саласындағы жетістіктері туралы, жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы журнал.
  «Рыболов»

http://www.rybolov.ru

«Рыболов» журналының ресми сайты.

"Рыболов","Рыболов-Elite" журналдары, DVD-ғы бейнеқосымша.

 «Садовник»

www.supersadovnik.ru

 Бірегей бақша мен жайлы үй, әдемі бау-бақшасы болғанын қалайтын жандарға арналған журнал. Журнал бетінен сіздер көп күш пен қаражат жұмсамай, үй телімін қалай ретке келтіру туралы көптеген идеяларды табасыздар.
  «Цветоводство»

www.tsvetovodstvo.com

 Кәсіпқой және әуесқой гүл өсірушілерге арналған бұқаралық - өндірістік суретті журнал. Журналда өндірістік гүл өсірумен қатар, үй жағдайында жер телімінде гүлді қалай өсіру керектігі туралы да жазылады.
  «Биосфера»

http://biosphere21century.ru

Ғылыми және қолданбалы журнал. (Санкт-Петербург қ.)  Журнал бетінде биосфераның пайда болуы мен дамуына байланысты мәселелер қарастырылады.
 «Живой лес»

http://givoyles.ru

 Ағаштар жайлы мәселелерді көтеретін, оларды қалай  күту, емдеу керек және  т.б. жайлы жазатын Ресейде шығатын алғашқы және жалғыз журнал.
 «Вода и экология»

http://wemag.ru

 Экология, сумен қамтамасыз ету, ағын суларды тазалау саласындағы кәсіпшілерге арналған ғылыми-техникалық журнал, 1999 жылдан бастап шығады.

Экология бойынша мерзімді басылымдар

Экология бойынша мерзімді басылымдар

Экология бойынша электронды журналдар

Экологияға және қоршаған ортаға байланысты журналдар

Экология бойынша мерзімді басылымдар

Экологиялық әдебиеттер

Экологиялық тақырыптар бойынша журналдар мен газеттердің электрондық нұсқалары

Экологиялық журналдар