2023 жылдың 24 қаңтар күні «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернат-лицейінің 10 «А» сынып оқушыларымен Мемлекет басшысы Қ-Ж.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауына байланысты «Қуатты ұлттың деңгейі – халық» атты ақпараттық сағат өтіп, оқушылар өз ойларымен, өз пікірлерімен бөлісті.

Оқушылардың ойынша, экономикасы дамыған әділетті елде тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау – мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет және ертеңгі күнге деген сенім болуы тиіс.

 

Кезекті жолдауда халықтың көңілінде жүрген мәселелердің түйінін тарқатар көптеген жақсы жаңалықтардың айтылғаны да жастарды қуантады. Енді ұрпағымыз мемлекеттің гүлденуіне үлес қосатын, ілгері жүретін халық болатынына оқушылар сенім артады және мемлекет басшысын қолдайды.

«Еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда ауызбіршілігіміз қажет», - дейді жас ұрпақ.

Кітапханашылар оқушылармен Жолдау туралы пікірлесе отырып, тақырыптық сөредегі баспасөз материалдарымен таныстырды.