2013 жылдан бастап қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Қазақстанда дәстүрлі түрде Отбасы күні атап өтіледі.
Қазақстандағы Отбасы күнінің басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау және елдегі руханилықты нығайту.
Барлық уақытта "отбасы" ұғымы, ең алдымен, бізді тәрбиелейтін, сүюге, әлемге қызығушылық танытуға, басқаларға сенуге үйрететін адамдар туралы идеяны білдіріп келеді. Қазіргі қоғамда да "отбасы" ұғымы өзгерген жоқ. Бұл дегеніміз, отбасы қазіргі адам өміріндегі ең маңызды іргелі құндылық болып қала береді. Ол әрқашан мәдени және рухани дәстүрлердің сақтаушысы мен қамқоршысы болып қала бермек.