Балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл

Биыл «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, 2024 жылы 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға ұсынылды.

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған.

Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы «Қостөбе» ауылында туған. 1991 жылы Алматы қаласында қайтыс болған.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген (1949). Нарынқол ауданында мұғалім болды. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарында жұмыс істеген. 1952-1970 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарған.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман жазды. Солардың ішінде «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» атты туындылары қаламгерді даңққа бөлеп, өшпес атын қалдырды. Оқырманға бұлардан басқа тағы «Он алты жасар чемпион», «Бақыт жолы», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Гауһар» секілді поэзиялық және прозалық жинақтар ұсынған.

Жазушының 1957 жылы жарыққа шыққан «Менің атым Қожа» повесі балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясы сол кітап бойынша кино шығарды. Фильм француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болған.

Құрметті оқырман! Жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қорындағы әдебиеттерді алып оқуларыңызға болады.

Баршаңызды Б.Соқпақбаевтың шығармаларын бірге оқуға шақырамыз!

Сонымен қатар, назарларыңызға кітапханамызда өтетін Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын ұсынамыз.

 Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Өткізу түрі

Мерзімі

Жауаптылар

Іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу

 1.

Акция туралы ақпаратты кітапхана сайтына орналастыру.

Ақпарат

ақпан

2024 ж.

КІАБ

 2.

Көпшілік іс-шараларды ақпараттық қолдау

Кітапхана веб-сайтында және әлеуметтік желілер парақшаларында іс-шаралар өткізу туралы жаңалықтар мен шолуларды орналастыру, БАҚ үшін баспасөз парақтарын дайындау

Өткізілуіне қарай

Қызмет көрсету бөлімдері

КІАБ

 3.

«Көркем шығарма шебері»

Кітап көрмесі

қаңтар

Абонемент

 4.

«Балалық шаққа саяхат»

Кітап көрмесі

қаңтар

КОҚС

 5.

«Өзгеше ойлы қаламгер»

Библиографиялық жадынама

қазан

АББ

Көпшілік іс-шаралар

 6.

«Көркем шығарма шебері»

Бейнешолу

қаңтар

Абонемент

 7.

«Бердібек Соқпақбаевтың жақсылық әлемі»=«Peaceful life of Berdibek Sokpakpayev»

Бейне-брифинг

қаңтар

ХКБ

 8.

«Классик детской литературы»

Ақпараттық сағат

ақпан

КОҚС

 9.

«Бала жанының бағбаны»

BOOK SLAM

ақпан

Оқу залдары бөлімі

 10.

«Б.Соқпақбаев - қазақтың дара жазушысы»

Танымдық сағат

ақпан

КОҚС

 11.

«Шындықты ғана жазған жазушы»

Ақпараттық сағат

наурыз

КОҚС

 12.

«Сердце матери»

Кітапты талқылау

сәуір

КОҚС

 13.

«Балалар әдебиетінің классигі»

Әдеби ринг

мамыр

Абонемент

 14.

«Кітап&Кино»

Әдеби викторина

қыркүйек

Өнер бөлімі

 15.

«Путешествие в детство»

Әдеби сағат

қыркүйек

Абонемент

 16.

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

Әдеби диспут

қазан

КОҚС

 17.

«Жол» әңгімесі

Дауыстап оқу

қараша

КОҚС

 18.

«Әдебиетке балалықты әкелген...»

Оқырмандар конференциясы

қараша

Өлкетану бөлімі

Ай кітабы