18 наурыз күні Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық  әмбебап  ғылыми кітапханасында Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған қазақ күнтізбесіне сәйкес, қоғам және мемлекет қайраткері Ж. Тәшенев күніне орай «Тау Тұлға – Тәшенев!» атты дебат ойыны өтті.  

Дебат ойындарына Ж. Тәшенев атындағы мектеп және Н. Нұрмақов атындағы мамандырылған  мектеп – лицей – интернатының оқушылары қатысты. Аталмыш шараның шымылдығын «Шабыт» эстрадалық ән үйрету студиясының әншісі Жаннұр Санай «Самға» әнімен ашты.

Ойын барысында оқушылар «Үкімет» және «Оппозиция» екі командаға бөлініп өздерінің позициялары бойынша пікірталас сайысына түсті.

Пікірталас барысында командалар Ж. Тәшеневті болашақ ұрпаққа насихаттаудың үздік механизімдерін ұсынды, қазақ жерінің тұтастығы жолында қызмет атқарған тұлғаның өмірі мен қызметі, тұлғаның мұрасын дәріптеу, қазақтың ұлттық құндылықтары жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар Алаш зиялыларының ізін жалғастырушы тұлғаның шынайы бейнесін көрсету үшін көптеген аргументтерді келтіре отырып, нақты қадамдар жасалыну керектігі жайлы ой-пікірлерін жеткізді, өз ұстанымдарын ортаға салды.

Сарапшылар ретінде – әдебиетші ғалым, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын, «Арқа»  ақындар мен жыршы – жыраулар мектебінің басшысы А. Жұмағұлов және Qazaq club мүшесі С. С. Келдібаев  қатысты.  Олар екі команданың дәлелдерін талдап, команда көшбасшыларына ұсыныстарын айтып, тұлғаның ізін жалғастырушы өмірі мен бүгінгі жастарға үлгі деп есептейтін тарихымызды қадірлейтін жастарымызға кеңінен насихаттап, жақсы естеліктерімен бөлісіп, қортынды жасады.  

Шара соңында А. Жұмағұлов кітапхана қорына, дебат ойына қатысқан мектептерге «Текті Тұлға Ж. Тәшенев» атты әдеби жинағын және С.С.Келдібаев Қазақ ұлттық күнтізбесін сыйға тартты.

Қатысушылар назарына «Бейбіт өмірдің батыры!» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ай кітабы