Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 14 желтоқсан күні Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік баға жетпес байлық» атты салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты жиналыс кітапхана басшысы Д. Б. Аманжолованың құттықтау сөзімен ашылды, ол Қазақстан Республикасында Тәуелсіздік жылдарында елеулі ауқымды мемлекеттік өзгерістер болғанын және Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадамдарын атап өтті. Кітапхананың жас оқырманы Мандик Дамир «Тәуелсіз Қазақстан» атты өлеңін оқып берді.
Кітапхананың ғылыми хатшысы Желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері және Тәуелсіздік жылдарындағы кітапхананың ролін және жетістіктерін атап өтіп, әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізген маңызды кезеңдері және жаңа Қазақстанның жетістіктері туралы ақпарат берді. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері кітап қорына жаңадан түскен әдебиеттермен таныстырды. Сонымен қатар жиналыс барысында кітапхана жастары Тәуелсіздік жайлы пікірлерін ортаға салып, «Жыр-жауһар» жастар шығармашылық орталығының мүшелері, әрі кітапханашылар Қазақстан туралы өлеңдерін оқып, жастар атынан концерттік бағдарлама ұсынды.
Салтанатты жиналыс барысында өнер туралы әдебиет бөлімінің басшысы Оспанқұлова Балжан Зейнелқызы және оқу залдары бөлімінің басшысы Ярцева Эльмира Қаратайқызы лайықты марапаттарға ие болды. Кітапхананың еңбек ұжымының салтанатты жиналысында оларға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамоталары табысталды. Осылайша олардың кітап пен оқуды насихаттауға, еліміздің мәдениет және өнер саласында ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан үлестері атап өтілді.
Сонымен қатар кітапхананың ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы - Токсамбаева Гаухар Маннановна, кітапханаларлды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыс секторының басшысы Аманжолова Айгүл Айдыновна және негізгі қорларды сақтау бөлімінің кітапханашысы Ақбергенов Еркебұлан Елеусизұлы кітапхана ісін дамытуға сіңірген көп жылдық кәсіби деңгейдегі еңбектері үшін кітапхана әкімшілігі атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Қарағанды ОӘҒК-ың кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы – Б.З.Оспанкулова кәсіподақтар бірлестігінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, Каталогтарды ұйымдастыру секторының басшысы - Гульмира Тулкибаевна Кемельбаеваны Қазақстандық салалық кәсіподақ және Қарағанды облысының кәсіподақ филиалының Құрмет грамотасымен, ал кітапхананың күзетшісі Воржев Михаил Васильевичті «ҚР мәдениет қызметкерлерінің кәсіби одағының» ҚҰ Қарағанды облыстық кәсіподақ кеңесінің Алғыс хатымен марапаттады.
Кітапхана басшысының орынбасары:
Г.Н.Умбединова