Естеріңізге сала кетейік, кітапханада тазалық күнін өткізуге байланысты 30 сәуір күні (сәрсенбі) оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Ұлт қайраткері: ірі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 130 жылдығына арналған библиографиялық жадынама / Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ; құраст. Г.С. Мухамбетчина. – Қарағанды, 2025. – 16 б.

Тарихтың ауқымды беттерінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің орны ерекше. Азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күрестің шежіресін тану – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен міндет. Ұлтының болашағы үшін аянбай еңбек еткен, ғұмырын ел мүддесіне арнаған тұлғалардың өнегесі – келешекке жол көрсететін темірқазық.

Сол бір ел басына күн туған заманда елі үшін ерен еңбек сіңірген дара тұлғалардың бірі – Нығмет Нұрмақов. Ол – мемлекет және қоғам қайраткері, құқық саласының жаңашыл реформаторы, ел егемендігі жолында аянбай тер төккен азамат. Сонымен қатар, оның публицистика мен журналистикадағы еңбегі, қазақ өнері мен мәдениетіне жасаған қамқорлығы ұлт руханиятына қосылған елеулі үлес болды.

Нығмет Нұрмақов – ұлт алдындағы борышын жүрегімен сезінген тұлға. Оның өмірі мен қызметі – елжандылық пен адалдықтың айқын көрінісі. Біз осындай кемеңгер азаматтың есімін ұлықтап, келер ұрпаққа таныстыру арқылы тәуелсіздігіміздің тарихи негіздерін тереңірек ұғындыра аламыз.

Библиографиялық жадынама студенттер, зерттеушілер, өлкетанушылар және көпшілік оқырман үшін арналған.

24-25 сәуір күндері Қарағандыда жастардың ғылыми ізденіске деген ынтасын танытатын, тарихи тұлғаның рухани мұрасын жаңғыртатын маңызды басқосу болды.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алаш қайраткері, қазақтың тұңғыш математигі, профессор Әлімхан Ермековтің мұрасына арналған «АЛАШTІМЕ» форумы үш бағытта ұйымдастырылды:

  1. «Жасасын Алаш, Жасасын!» ашық баяндама байқауы. Қатысушылар докторанттар, магистранттар мен ЖОО 3-4 курс студенттері.
  2. «Quiz Time» интеллектуалды ойыны. Қатысушылар Қарағанды өңірінің колледж студенттері
  3. «Ә. Ермеков және математика» пәндік олимпиадасы. Қатысушылар Қарағанды қаласы мектептерінің 10-11 сынып оқушылары.

Бұл шаралар жас ұрпақтың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттырып, Әлімхан Ермековтің ғылымға қосқан үлесін жаңа қырынан танытуға ықпал етеді.

Қарағанды облыстық кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Президенттік арнайы әдеби сыйлықтың иегері, ақын Жәнібек Әлиманның «Алтын тұңғиық» атты жыр кітабының таныстырылымы өтті.

Жас ақынның кезекті жыр жинағы «Алтын тұңғиық»  екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөліміне «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы бойынша Қарағанды аймағы, Арқа топырағынан тамыр тартқан туындылары топтастырылған. Екінші бөліміне махаббат пен өмір туралы өлеңдер енгізілген.

Іс-шараға жазушы, ҚР мәдениет қайраткері, ф.ғ.д, профессор, ҚР мәдениет қайраткері, айтыскер ақын, жазушылар одағының мүшесі Асанов Қойлыбай, ақын, ф.ғ.к., доцент, Қарағанды облысы мәслихатының депутаты А. Ботпайұлы, әнші, композитор, Қарағанды кеншілер мәдениет сарайының басшысы С. Әбдіғали, театр қайраткері, актер, педагог Д. Еспаев  т.б. және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дің филология факультетінің және Қарағанды жоғары политехникалық колледжі студенттері қатысты.

КІТАП ФЕСТИВАЛІ – "Кітаппен кемел болашаққа"

Ұлттық кітап күніне және ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай үлкен кітап мерекесі өтеді!

Күні: 2025 жылдың 23 сәуірі

Уақыты: 11:00

Өтетін орны: Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағы

 

Бағдарламада:

  • «Абайдың ұлы мұрасы» әдеби алаңы
  • «Оқы. Бөліс. Шабыттан!» шығармашыл жастар алаңы
  • «Есте сақтаймыз! Оқимыз!» поэтикалық марафон
  • «Қылқалам ұшында туған жер көрінісі» – OpenPlace
  • Guest Reader Photobook: «Фотоға түс – пікір жаз – фотосурет тегін ал!»
  • «Қазақстан Жазушылары жастардың проблемалары туралы» әдеби дайджест
  • «Кітап оқы да, трендте бол!» – қызықты библио-лото
  • «2024 жылдың үздік оқырмандары» – оқырман бенефисі
  • «Кітап – ұлттық құндылық» фото аймағы

 

Шабыт, өнер, әдебиет пен қызыққа толы күнді бірге өткізейік!

Кітаптың күші – болашақты қалыптастырады!

Келіңіздер, күтеміз!