Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР ақпарат саласының үздігіСүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай 1949 жылы 13 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты «Қызыларай» ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін 1972 жылы бітірген.

Шығармашылық еңбек жолын Қарағанды облыстық теле-радио комитетінде редактор болып бастаған. Оның қаламынан туған мақалалар мен очерктер, әңгімелер, әзіл-ысқақтар кезінде республикалық мерзімдік басылымдарда үзбей жарияланып тұрды. Көптеген кітаптардың авторы. Солардың ішінен милиция өміріне «Өкініш» (орыс тілінде) «Визитка» атты әңгімелер мен очерктер жинағын «Адамша кел» әзіл сықақ әңгімелерін, «Ауылымды аңсадым» Өлеңдер жинағын, облыстың экологиялық мәселелеріне арналған «Сарыарқаның самалы» атты жинақты, орыс тілінен аударған «Алтай ертегілері» атты кітапты, «Кездесу» атты повестер мен әңгімелерді, «Ақбақайдың ала қабы» атты әзіл сықақтар кітабын атауға болады. Ақтоғай ауданының білім саласының тарихына арналған. «Білімнің қия жолында» атты кітап құрастырды және оның жауапты редакторы болды. Кейіннен «Тәртіп сақшылары» -«На страже порядке» әңгімелері мен очерктерін «Азаматым-ардағым», «Азаматым-асқарым» деп аталған порттреттер кітабын жариялады. Социалистік Еңбек Ері С.Тоқымтаевтың атынан «Өнімді еңбек көздері» деген кітапша (1981 ж.) шығарды. «Жалын» баспасынан (1989 ж.) эстон жазушысы Эллен Нийттің «Пилле-Рийн» атты балаларға арналған кітапшасын аударып бастырды. Той басқаратын асабаларға арналған «Ақ босаға» атты кітапша құрастырып шығарды. Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы «Әлемдік әдебиетті қазақ тіліне аудару» арнайы жоба аясында әйгілі италияндық жазушы Марио Пьюзоның «Өкіл әке» кітабын (Қарағанды, 2022 ж.) аударды.

1980 – 2013 жылдан облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары қалалық «Взгляд на события» газетінде жұмыс істеді.

Жазушының мақалалары мен көркем очерктері, новеллалары өзі еңбек еткен «Орталық Қазақстан» газетінде үзбей жарияланып тұрады.

Қазақстанның мәдениет қайраткері (2004), Қазақстанның құрметті журналисі, облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері, зейнеткер.

Әдебиеттер:

Алтай ертегілері / орыс тіл. ауд. С. Жанысбай. - Алматы: ҚазАқпарат, 2009. - 231 б.

Әділет сардары: Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері, прокуратура ардагері Қазкен Мүсілімов туралы кітап / ред. С. Жанысбай. - Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2008. - 107 б.

Жанысбаев С. Адамша кел: сықақ әңгімелер / С. Жанысбаев, Д. Қалымов, Б. Кірісбаев. - Алматы: Жалын, 1991. - 205 б.

Жанысбаев С. Алау отты ауыздықтаған // Құрыш қолтаңба.- Алматы, 1983.- 7-20 б.

Жанысбаев С. Взятка: (рассказы, очерки, статьи и беседы о работе милиции) / С. Жанысбаев; перевод М. Хасенова. - Караганда: Арко, 1997. - 124 с.

Жанысбаев С. Қуанғаным-ай: Қайнағам келеді // Көңілді көшенің жігіттері.- Алматы, 1981.- 62-67 б.

Жанысбай С. Азаматым-ардағым. - Қарағанды: Арко, 2013. - 254 б.

Жанысбай С. Азаматым-асқарым. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2013. - 259 б.

Жанысбай С. Ақабайдың ала қабы: әзіл-оспақ, сын-сықақ, фельетондар. - Алматы: Астана баспасы, 2009. - 230 б.

Жанысбай С. Ақтоғай - арыстар мекені: портреттер, сұхбаттар, әзілдер, өлеңдер. - Қарағанды: TENGRI LTD, 2015. - 290 б.

Жанысбай С. Алаштың «Арглабині» әлемге әйгілі // Сарыарқа тәуелсіздік жылдарында = Сарыарка в годы Независимости / Қарағанды облысының әкімдігі; құраст. А. Жанғожин. - Астана: Фолиант, 2014. – 84-91 б.

Жанысбай С. Жаңалық желін жеткізіп еді // Нұрмахан Оразбек: ой-толғаныстар мен естелік-әңгімелер / құраст. Г. Оразалықызы. - Алматы: Қазақстан, 2017. - 290-291 б.

Жанысбай С. Кездесу: повестер мен әңгімелер /ред. Т. Б. Ахметжанова. - Астана: Астана полиграфия АҚ, 2007. - 212 б.

Жанысбай С. Өкініш: (милиция жайлы әңгімелер мен очерктер және сұхбаттар) / С. Жанысбай; ред. Т. Жулидова. - Қарағанды: [б. и.], 1995. - 123 б.

Жанысбай С. Сарыарқаның самалы: туған жер, табиғат, экология мәселері туралы кітап / құраст. С. Жанысбай. - Караганды: Арко, 2003. - 226 б.

Жанысбай С. Саялы бәйтерек // Сексен жыл халықпен бірге: Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне-80 жыл: естеліктер, эсселер / құраст. А. Жанғожин. - Қарағанды: [б. ж.], 2011. – 90-94 б.

Жанысбай С. Тыныштық күзетінде = На страже порядка.-Қарағанды: Арко, 2013. - 234 б.

Мурзашев А. Олас /Ауд. С.Жанысбаев // Орман үстіндегі күн.-Алматы, 1989.-170-178 б.

Сүйіндік Жанысбай Кездесу // Башар Ж. Шығармалары / Ж. Башар, С. Жанысбай, М. Омарбекұлы; құраст. Қ. Асанов; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана: Фолиант, 2014. – 142-294 б.

***

Жанысбай С. Сәбидің саусағы // Орталық Қазақстан. - 2024. - 13 ақпан (№ 18). - 5 б.

Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай туралы:

Әдеби Қарағанды: Библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші / Қарағанды обл. ғылыми-әмбебап кітапханасы; Құраст.: Г.Н.Умбединова.- Қарағанды: б.ж., 2000.- 89 б.-(Облыстық кітапхана-өлкетану орталығы)

Сүйіндік Жанысбай // Аймақ өмірінің айнасы: «Орталық Қазақстан» газетіне-65 жыл / Құр. А.Жанғожин, Е.Лұқпанов.- Қарағанды, 1997.- 90 б.

Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлы // Қарағанды. Қарағанды облысы: энциклопедия / ред. А. Абдулин.- Алматы: Атамұра, 2006.- 244 б.

Сүйіндік Жанысбай // Жанғожин А. Ақпарат айдынында: Орталық Қазақстан газетіне 70 жыл / А. Жанғожин, Е. Лұқпанов. - Қарағанды: [б. и.], 2001. - 185 б.

***

Ақыштегі М. Қаламы қарымды қаламгер // Орталық Қазақстан. - 2024. - 13 ақпан (№ 18). - 4 б.

Балташұлы Е. Тасжарған // Орталық Қазақстан. - 2024. - 13 ақпан (№ 18). - 4 б.

Кеңесбекұлы Е. Пьюзоның "Өкіл әкесі" қазақша сөйледі // Орталық Қазақстан. - 2022. - 15 қараша (№ 127). - 4 б.

Мұсабеков Е. Сүйкеңнің сүйкімі // Орталық Қазақстан. - 2019. - 12 ақпан (№ 16). – 4 б.

Сәрсенбайұлы Ж. Үлгілі отбасы өнегесі // Орталық Қазақстан. - 2021. - 16 қыркүйек (№ 102). – 8 б.

Сейіт М. Жаңа туындының тұсауы кесілді // Орталық Қазақстан. - 2015. - 19 қараша (№ 192/193). – 8 б.

Шалқар Ж. Әнін берсін Күләштің ...// Орталық Қазақстан. - 2022. - 22 қыркүйек (№ 105). – 4 б.

Шалқар Ж. Естелікке толы есті кеш // Орталық Қазақстан. - 2022. - 14 маусым (№ 64). – 8 б.

Шалқар Ж. Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып... // Орталық Қазақстан. - 2023. - 16 наурыз (№ 30).

Ысқакова А. Оқушылар қаламгермен кездесті // Орталық Қазақстан. - 2023. - 13 сәуір (№ 41). - 5 б.