2022 жылдың 14-15 сәуір күндері кітапханада кәсіптік оқыту Мектебі аясында ауыл кітапханашыларына арналған «Мамандықты меңгеру» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – арнайы кітапханалық білімі жоқ кітапханашыларды кәсіби қызметке бейімдеу.
Облыстық семинарға арнайы ауыл кітапханашылары шақырылды.
Кітапханалық кәсіби білімді шыңдау мақсатында семинар бағдарламасы бірнеше бағыттарды қамтыды.
14 сәуірде кітапханамыздың бөлім басшылары: «Кітапхана қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар. Кітапхана статистикасының көрсеткіштері» тақырыбында кеңес жүргізді. Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтар ұйымдастыру қызметі бойынша «Кітапхана қорлары: есепке алу және есептен шығару» атты баяндамасы ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бойынша «Оқырмандардың түрлі санаттарымен жұмыс істеу ерекшеліктері» жайлы таныстырылды. Ал, өлкетану жұмысының құжаттарын жинақтау және оны насихаттау туралы «Кітапханадағы өлкетану жұмысы» тақырыбында кеңес берілді.