[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/2020_kaharman is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.
Тарих көші үнемі жаңарып, жаңғырып отыратын құбылыс. Десе де сол толассыз қозғалыста ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі – әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс. Оның қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес!
Ұлы Отан соғысы ерен еліміздің ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бүгінде Жеңіс күні мерекесі-адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні.
Кітапханамыздың өнер туралы әдебиеттер бөлімі сіздердің назарларыңызға «Қалықта, қаһарман ән» атты кітап көрмесін ұсынады.
Бұл иллюстративті-кітап көрмесі 4 бөлімнен тұрады «Жеңіс жыры», «Бейбіт күн тілегі», «Күйтабақтар соғыс туралы...», «Ер есімі –ел есінде».
Кітап көрмесінің мақсаты - Қазақстан және Кеңес Одағының композиторларының соғыс туралы патриоттық тақырыптағы әндері туралы келешек ұрпақ жастарға ақпарат беру.
Соғыс жылдарында жауынгерлерді рухтандыру үшін талай әндер шырқалды. Жерлестеріміз ақын Қасым Аманжоловтың «Дариға, сол қыз» әні, жазушы Ғабиден Мұстафиннің «Жас қазақ» әндері нотасымен қойылды, сонымен қоса, Сырбай Мәуленов, Қапан Сатыбалдин, Аманжол Шамкеновтың тағы басқа ақын, жазушыларымыздың жинақтары да осы көрмеден табылады. Қазақ композиторларының атап айтсақ, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқовтың соғыс тақырыбында жазылған шығармаларын да осы көрмеден көруге болады. Әрбір жауынгердің кеудесінде әндердің парақшалары сақталды. Әсіресе, ол іздер халықтың рухани азығы болған мұралар мен халықтың сол кездерде шыққан әндерінде айқын сақталған.
{gallery}material/news/2020_kaharman{/gallery}
Сондықтан да, Ұлы Отан соғысының отты жылдарында туған әндер халқымыздың жүрегінде сақтала бермек! Олар Ұлы Отан соғысының сол бір қаһарлы жылдары бізден ұзаған сайын тәуелсіздік үшін жасаған халқымыздың ерлігі одан да орасан зор болып көрінеді
Соғыс жылдарында шыққан әндер туралы Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, қазақтың көрнекті жазушысы,батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы былай деген екен «...Ән сөздерінің барлығы жай сөздер емес, ол сөздер біздің Отанымыздың, армиямыздың тарихы болатын. Ол сөздерде халық жүрегінің қасиетті патриотизмі жатқан-ды. Сол патриотизмнің арқасында Отанға опасыздықпен шабуыл жасаған неміс фашистерін күл талқан етіп жеңіп шықтық».
Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Ерліктің қос қанаты деп білемін,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді,– деп әнге қосып жырлаған, аққан жұлдыздай жарқ етіп жоқ болған, қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен қайсар қыздарымызды, аруларымызды, аналарымызды Отан қорғаудағы жасампаздық ерлігін өскелең жас ұрпақ білуі тиіс.
Ер есімі ел есінде!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің тұғыры мықты, іргесі берік беки берсін!
Көрмедегі кітаптар, әндер жинағындағы өлеңдер нотасымен керек болса кітапханамыздың сайтына жазуларыңызға болады.
Көріскенше сау болыңыздар!