Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлерін жалпы ұлттық қолдау шарасы жөніндегі  бастамасы қарт жауынгерлердің ғана емес, жалпы қазақстандықтар тарапынан зор ризашылық сезімдерің туғызуда.

Майдан даласында қаза тапқан барша боздаққа мың тағзым. Сұрапыл соғыстың тірі куәгерлеріне құрмет-қошемет. Осындай болуы керек. Өйткені, бұл - біздің перзенттік парызымыз.

 

Біз ...олардың алдында мәңгілік қарыздармыз, бүгінгі бейбіт күн, жарқын өмір үшін. Иә, олар ат төбеліндей аз қалды. Аз қалса да, олар еткен ерлік, олар көрсеткен үлгі, олар төккен мейірім оты ешқашан сөнбек емес.

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстан суретшілері» - атты альбомда қазақстандық майдангер- суретшілердің репродукцияларымен қоса өмірбаяндары жинақталған. Олар: Александров Н.П., Баранов К. Я., Ворохобин В.К., Гаев Н. С., Гербановский Л.В., Горовых А. Д., Днилов П.С., Дмитриев В.Д., Дроздов А.П., Евдаков А.К., Елькин Д.Н., және т.б. Бұл кітаптан  авторлардың шығармашылық бағыттарының сан қырлы екендігін байқауға болады. Ұлы Отан соғысына арналған еңбектерімен қатар, совет халқының тылдағы ерлігін, завод пен фабрика жұмысшыларының ерен еңбегін, Қазақстан жерінің ғажайып табиғатын, оның байтақ даласын, асқақ тауларын, астықты алқабын, алма бақтарын бейнелейтін полотнолар орналасқан. 

Бұл кітаптың Қарағандылықтар үшін ерекшелігі майдангер суретші жерлестеріміз туралы деректер бар, олар: Антоненко П.К., Есіркеев Р.,  Реченский П.И., Хайдаров Ә.Ә.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған шараларды өткізуде осы альбом  үлкен көмек құралы болатыны сөзсіз.

Келіңіздер,  оқыңыздар!