Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/book is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/exhibition/book is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

Ғалым Жайлыбай 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. "Жұлдыз" журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ әдебиеті" газеті Бас редакторының орынбасары, "Қазақ радиосының" Бас редакторы болып қызмет еткен. 2007 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары.

"Жанымның жапырақтары" (1988), "Жүрегімнің жұлдызы" (1966), "Құс қанаты" (2001), "Қарашығымдағы қара өлең" (2006), "Ардакүрең" (2008) атты жыр кітаптарының, "Тағдырымның тамыры" (2008)  әдеби мақалалар жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағамбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғы сөз жазып, жинақ етіп бастырған ("Сұлу терек", 1996). Қытай Халық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының "Сүмбіле" атты жыр жинағына өлеңдері енген.

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1999). "Ерен еңбегі үшін", "Тәуелсіздікке 10 жыл" медальдарымен марапатталған. Қазақ ақындары жыр мүшайраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Түркияның Сапанша қаласында өткен (2001) халықаралық жыр мерекесінде "Ақшам жұлдызы" арнайы сыйлығын иеленген. Ресей Халықаралық Жазушылар ұйымының С.Есенин атындағы Алтын медалінің иегері (2009).

Жазушының өмірі және әдеби шығарма­шылығы жайында кітаптар мен баспасөз беттеріндегі мақалаларды Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану бөлімі қорынан алып, толығырақ танысуыңызға болады.

{gallery}material/exhibition/book{/gallery}

Жайлыбай, Ғ.
      Ардакүрең : өлеңдер - Алматы : Қайнар, 2008. - 286 б. - (Ауыл кітапханасы)

Ғ. Жайлыбайдың бұл жинағына негізінен кейінгі жылдарда жазған жырлары мен поэмалары топтастырылған. Жинаққа еніп отырған «Жаяу Мұса» дастаны – қазақ өлеңінің жарқын беттеріне жазылар көлемді де көркем туынды.

Азаматтық лирикамен қоса ақынның махаббат, балалық шақ, табиғат тақырыбына жазған жырлары шынайы да сыршылдығымен ерекшеленеді. Жалпы, оның поэзиясының ерекшелігі де орамды ой мен сұлу сырдың үйлесім табуында.

Бүгінгі қазақ өлеңінің белгілі өкілдерінің бірі Ғалым Жайлыбайдың бұл жинағы өз оқырманын табары сөзсіз. «Ардакүрең» - тазалыққа, сұлулыққа, адалдыққа үндейді. Ғалым сондай-ақ француз классигі Гийом Апполинерді қазақ оқырмандарына айшықты тілмен әсем жеткізген. Кітап төрт бөлімнен тұрады.

Жайлыбай, Ғ.
Тобылғыжарған : өлеңдер, толғау және поэмалар - Астана : Фолиант, 2011. - 271 б.

Қазақтың талантты ақыны Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» кітабына өлеңдер, толғаулар және поэмалары енгізілген.

«Тобылғыжарған» - ақын өмірбаянының жаңа бір кезеңі, тың белгісі. Жинақтың көтерген жүгін салмақты етіп тұрған жауһар дүниелерінің қатарында «Түркіменнің төрінде» топтамалары мен Гийом Аполлинердің аудармаларын астын сызып айтуға болады. Ақын жүрегінің тұңғиық сырын жеткізіп, аудармадағы қырын танытқан жаңа жинақ «Шырағдан» бөліміне топтасқан толғау - поэмалармен түйінделеді. Аспандай тұнық, бұлақтай мөлдір жырлардан өмірдің әнін, көңілдің нәрін сезінесің. Кітап қалың оқырманға арналған.

Жайлыбай, Ғ.
Тағдырымның тамыры: мақалалар мен сұхбаттар / Ғ. Жайлыбай. - Астана : Фолиант, 2008. - 241 б.

Ғалым Жайлыбайдың «Тағдырымның тамыры» деп аталатын  бұл кітабына қаламгердің әр жылдары жазған ел, жер тағдыры, экология мәселелері туралы ой – толғамдары, мақалалары топтастырылған.  Кітаптың екінші бөлімінде поэзия парасаты, әдебиет өкілдерімен сырласу, руханият тақырыбындағы мақалалары енгізілген.

Мақалалар жинағына, сондай – ақ ақынның өз шығармашылығы туралы әріптестер лебізі топтастырылған.

Заңғар : Қ. Сәтбаев туралы естеліктер / құраст. Ғ. Жайлыбай. - Алматы : Айкос, 1999. - 316 б.

Есімі әлем жұртшылығына танымал, қазақ халқының мақтанышы, ғылым көгіндегі жарық жұлдыз Қаныш Сәтбаев туралы кезінде қанаттас жүріп жұмыс істеген әріптестері, ет жақын туыстары, шет ел ғалымдары мен қаламгерлерінің үлкен сүйіспеншілікпен жазылған ақжарма естеліктері топтастырылған.