Фильтр
  • Қыстың соңы, жылдың ең қысқа айы ақпан айы да келіп жетті. Бұл ай қысқа болғанымен, ол дәстүр бойынша әртүрлі кітапханалық іс-шараларға толы.

    10 ақпанда Қарағанды қаласы өзінің 85 жылдығын атап өтеді. Қала мерейтойы аясында кітапханада қарағандылық жазушылармен, әншілермен және музыканттармен шығармашылық кездесулер өтеді. Поэтикалық  интернет-диалогта  сүйікті қаламыз туралы өлеңдер

    ...
  • Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Рухани жаңғыру және Ұлы даланың жеті қыры" тақырыбында 2019 жылдың 1 ақпан күні сағат 15.00.-де дөңгелек үстел өтеді.

    Шара барысында оқырман қауымға "Өнегелі өмір" сериясымен жарық көрген Қарағанды ғалымдарына

    ...
  • 2019 жылдың 29 қаңтар күні Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақын, жазушы, "Жазу", "Фәни-құс", "Қарға", "Құс қайтару" кітаптарының авторы, "Қасым" журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Серік Сағынтайдың "Құс жолына бір көшім тіреледі..." атты жастармен кездесу кеші өтті.

  • 2019 жылдың 25 қаңтар күні Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Қарағанды көпсалалы гуманитарлы-техникалық колледжінде Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай, "Сәкен Сейфуллин – халқымыздың біртуар перзенті" атты танымдық кеш өтті.

  • 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясы оқырман қауымыға өте таныс. Жылдың басынан «Жыл кітабы болып қай туынды таңдалады?» деген сұрақтар кітапханамызға көптеп түсіп жатады. Міне, осы сұрақтың жауабын Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы әлеуметтік желіге дауысқа салып, көп дауыс жинаған жылдың үздік шығармаларын таңдаған болатын.

    2019 жылдың «Жыл кітабына»

    ...