2007 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясы оқырман қауымыға өте таныс. Жылдың басынан «Жыл кітабы болып қай туынды таңдалады?» деген сұрақтар кітапханамызға көптеп түсіп жатады. Міне, осы сұрақтың жауабын Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы әлеуметтік желіге дауысқа салып, көп дауыс жинаған жылдың үздік шығармаларын таңдаған болатын.
2019 жылдың «Жыл кітабына» заңғар жазушы, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, ақын Әбілда Тәжібаевтың өлеңдері таңдалды.
17 қаңтар күні акция аясында кітапханамыздың оқу залдары бөлімінде «Әдеби ғасырдың мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл бойына ұсынылған кітап көрмесінен ерекше көзге түсер екі ақының мол мұралары орын алды. Әбіш Кекілбаев әлемі – поэтикалық күш-қуаты бөлекше әлем!... Одан тамырын тым тереңнен тартқан таным, телегей-теңіз білім, өзінің бай мұрасын дар сарқып ішкен, өзге жұрттікі де түгескен түпнегіз бен өмірмен астаса өрілген шыншылдық мен мұндалайды. Кітап көрмесіндегі «Аңыздың ақыры» романы жазушының шалқар шабытының арқасында дүниеге келген үлкен роман болып табылады. Ә.Тәжібаев - Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әрпен жазылар ірі суреткер. Ол, сонымен қатар, әдебиеттану, театртану саласында да көп бейнеттенген ілім иесі. Ә.Тәжібаев – поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын.
Әбділда Тәжібаевтың өз сөзімен «Біз ұлттық шеңберде қалып қойғанымыз жоқ. Поэзияда қазақ дәстүрін игерумен қатар дүниежүзілік әдебиеттің озық үлгілеріне жетуге талпына бастадық. Олқылықтарымызды толықтыра бастадық», - деп ағынан ақтарылады ақын.
Әдебиет сүйер оқырмандардың жүрегінен орын алатын тарихқа толы шығармаларында автордың жан күйі, айналасынан алған әсері көрсетіледі. Олар заман оқиғаларының өзінше жаршысы.
Құрметті оқырман, халқымыздың өткен тарихына, қазақ поэзиясының тұңғиығына зер салып, танысқыңыз келсе акцияға белсене қатысып, білім нәрімен сусындаңыз, кітап көрмесімен танысыңыз!
Оқу залдары, кітапханашы
Айтбаева К.Т.