Фильтр
  • Өткен аптада қара өлеңнің қазыналы ордасына айналған Қарағанды қаласына алыстан ат терлетіп, адуынды ақын, этнограф, "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Қасымхан Бегманов келген болатын. Оқырмандарға өнегелі әңгіме, өрелі өлең сыйласын деген ізгі ниетпен, облысымыздың әдеби ошағына айналған кітапханамызға айтулы тұлғаның  ат басын тіреуін өтінген едік.

  • Кітапханамызда екі жылдан бері қызмет етіп келе жатқан "Тағылым" танымдық интеллектуалды клубы тағы бір қарымды қаламгерді оқырманмен қауыштырды. Талай кемел кездесулердің ұйытқысы болған аталмыш клубтың бұл жолғы қонағы – жерлес жазушы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Стивен Кови халықаралық орталығы сертификатының иегері, сазгер Бақытқали Мұсабеков болды.  

  • Қадірлі оқырман!

    Сіздерді "Тағылым" танымдық - интеллектуалды клубы

    Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Стивен Кови халықаралық орталығы сертификатының иегері,

    жерлес қаламгер, сазгер, тіл жанашыры Бақытқали Мұхамедқалиұлы Мұсабековпен

    ...
  • ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР СІЗДЕРДІ "ӨЛКЕТАНУ" КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

    2017 жылдың 23 ақпан  күні сағат 15.00 - де кітапханада белгілі ақын, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы

    ...
  • Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Еліміз БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Ұйымның жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын мемлекет ретінде мүше болды. Осы жылы Қазақстанның

    ...