ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР СІЗДЕРДІ "ӨЛКЕТАНУ" КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
2017 жылдың 23 ақпан күні сағат 15.00 - де кітапханада белгілі ақын, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы
Жеңіс Қашқыновтың 75 жылдық мерейтойына арналған
"ҒАШЫҚ КӨЗБЕН ҚАРАДЫМ ГҮЛ ӨҢІРГЕ..." атты әдеби кеш өтеді.
Жеңіс Қашқынов қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі һәм бірегейі. Ақынның шығармашылық жолына шолу жасасақ. Бал дәурен балалықты, жалынды жастықты, туған әсем табиғатын, ел ардақ тұтқан адамдарды, өткен тарих шежірелерінен хабардар боламыз.
Жеңіс Қашқынов жеке шығармашылық лабораториясы құпиясын көп аша бермеген ақын. Ақынның тылсым әлемі деген де осы. Ал оның нұрлы жүрек сыры, ел мен жер тағдырына қатысты философиялық ой-тұжырымдары қызықтырса, ӘДЕБИ кешімізден қапы қалмаңыздар!
Анықтама телефонымыз: 8(7212) 493 375