"Қарағандыгипрошахт"  институтының ғимараты (1952, Ленина көшесі, 12) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

"Қарағандыгипрошахт"  институтының ғимараты Мәскеу сәулетшісі А. Н. Кравец-Кравченскийдің жобасы бойынша салынған. Стильдік  классикадағы үлгіде шешіліп, фасадтың жарты бағаналы ырғақпен қаланың ең әсем сәулетті құрылысының қатарына енгізілді. Институт жұмысының ұлғаюына байланысты, ғимарат 1959 және 1982 жылдарда екі рет жалғай салынып кеңейтілді. Институттың ғимараты – шығыңқы іргелік қабатымен 3 қабатты. Гагарин даңғылына шығатын ғимараттың бұрыш бөлiгiнің үшінші қабаты сағат мұнара және балконмен ерекшеленеді. Ғимарат кірпіштен қаланған.

Дереккөз: