С Сейфуллин атындағы қазақ драма театры (8 желтоқсан 2008 жыл, Бұқар-жырау даңғылы, 27) – жергілікті мағыналы архитектуралық ескерткіштердің бірі
Театрдың ғимараты сәулетші К. Мұсаевтың жобасы бойынша салынған дөңгелек түрдегі қазақтың киіз үйін бейнелейді. Театрды жобалау кезінде Елбасының талап-тілектері ескеріліп, күмбезді аяқтайтын террониканың орнына пирамиданы шыңдауын ұсынды. Көрермен, сахналық және әртістік комплекстердің байланысы ыңғайлы әрі соңғы талаптарға сай. Театр ғимаратының алдында С.Сейфуллиннің еңселі ескерткіші орнатылған.
Дереккөз:
- Өндірісі өрлеген, рухы төрлеген өңір //Орталық Қазақстан.-2008 - 10 желтоқсан
- "Пусть будут мир, согласие и дружба" //Индустриальная Караганда.-2008 - 10 декабря
- www.karnasledie.kz