Кеншілер мәдениет сарайының ғимараты (1950, Бұқар-Жырау даңғылы, 32) – жергілікті мағынадағы архитектуралық ескерткіштердің бірі

Кеншілер мәдениет сарайы сәулетшілер И. И. Бреннер (1937-1945 жылдар аралығында Қарағандының бас сәулетшісі) және Я. А. Яноштың жобалары бойынша салынды.

Ғимаратты құрастыру барысында классикалық үлгі таңдалып, сәулетіне қазақтың ұлттық өрнектері қолданылған. Кеншілер сарайы симметриялық үш көлемді композициядан тұрады: орталық, театрлы комплекстен тұратын жоғарғы және төменгі фойе, сахнамен қапталдас бүйірлік кулуар және сахна. Қасбеттің орталық бөлігінде   біржарым метрлік тұғыр бетке орналасқан алты бағаналы сатылы дің маңдайша салтанатты көркемдік беріп тұр. Дің маңдай бірлігін, ғылым және өнерді бейнелейтін алты сәнді мүсіндермен  безендірілген: кенші, құрылысшы, бақташы қозысымен, ақын домбырасымен және жауынгер.

Дереккөз: