Архитектуралық ескерткіштер – адамның күнделiктi өмiрiндегі ең көрнекті және қажетті тарихи-мәдени мұралардың бөлігі. Өнердің бұл түрін адам өмірінен ажыратып қарауға болмайды, өйткені материалдық іске асыруы болғандықтан – біз өмір сүріп, жұмыс істеп, оқып дем алып тұрып жатқан бiздiң қалалар және ауылдар, тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар. Ерекше құнды тарихи пайда болған және бүтіндік түрде сақталған сәулеттік ансамбльдер және қала құрылыс кешендерін ұсынады. Архитектуралық ескерткiштердi қорғаудың басты мақсаты: қазiргi өмірде олардың бастапқы сәулеттік шешiмi және өнерлі қолдануын сақтау. Кез келген архитектуралық ескерткiштердi өзгертуге тыйым салынған.
Қарағанды - жас қала және ескі сәулетті ансамбльдер, алаңдар және ғимараттармен мақтана алмайды. 30-шы жылдарда қаланың құрылыс ошағы ең алдымен көмір хауызының қалануымен іргетасы қаланды. Тек 1936-1937- жылдары алғашқы кірпіштен жасалған көп қабатты ғимараттар пайда болды. Алғашқы қабатты үй 1932 жылы Костенко,12 көшесінде салынды.
Қазіргі таңда облысымызда 30-ға жуық ғимараттар – архитектуралық ескерткіштер мемлекеттің қорғауында. Өкінішке орай Қарағандыда екі архитектуралық ескерткіштер сақталмады – ол "Родина" кинотеатрының ғимараты, қазір сол жерде «CityMall» сауда үйі салынған және Жазғы театр – С. Сейфуллин атындағы облыстық драма театры салынған. Облысымыздың ескі қалаларының бірі Қарқаралы және Қарағанды қаласының архитектуралық ескерткіштеріне ерекше қызығушылық танытады.