2022 жылғы 19 мамыр күні ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлерін Қарағанды облысының әкімінің сыйлығы және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жыл сайынғы сыйлығының марапаттау салтанаты өтті.

Биылғы жылы «Кітапханалық IT маманы» номинациясында адал және шығармашылық еңбегі, Инновациялық жобалау қызметіне, IT - технологияларды дамытуға белсенді қатысқаны үшін кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің инженер-жүйе технигі Елена Андреевна Абрамчук сыйлыққа ие болды.

Толығырақ...

Құрметті оқырмандар! Отан үшін от кешкен аға буын өкілдерінің жанкешті ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты бейне презентациясымен таныс болыңыздар.

Көпшіліктің көңілінен шығып жатқан Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Арқа даласы - Ақселеу әлемінде» өлкетанулық әдеби-марафоны өз жұмысын жалғастыруда. Осы бағдарлама аясында «Естеліктегі Ақселеу» айдарымен белгілі жазушы Өмір Кәріпұлымен онлайн кездесу өтті. Бұл көшпелі тікелей эфирге Ақадыр кенті әкімдігі қолдау көрсетті.

Толығырақ...

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, аудармашы, педагог әрі сыншы Әшірбек Төребайұлы Сығайдың 75 жылдық мерейтойына арналған "ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР ИЕСІ" атты бейне шолуын назарларыңызға ұсынамыз