ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!
2013 жылдың 17 қазанынан бастап Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына "Лань" электрондық-кітапханалық жүйесінің толық мәтінді құжаттарына тегін қол жеткізу мүмкіндігі берілді.
"Лань" электрондық-кітапханалық жүйесі - "Лань" және басқа да беделді баспалардан шыққан кітаптардың, оқулықтардың электронды нұсқалары және, сонымен қатар, жаратылыстану, техника және гуманитарлық ғылымдар бойынша мерзімді басылымдардың электронды нұсқалары.
"Лань" электрондық-кітапханалық жүйесіндегі кітаптар мен журналдар ғылымның келесі салалары бойынша ұсынылған:
- Химия
- География
- Экономика және менеджмент
- Құқық. Заң ғылымдары
- Филология
- Психология. Педагогика
- Өнертану
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
- Көркем әдебиет
- Математика
- Физика
- Теориялық механика
- Инженерлік-техникалық ғылымдар
- Ветеринария мен ауыл шаруашылығы
- Орман шаруашылығы мен орман инженерлік ісі
- Нанотехнологиялар
- Информатика
- Биология. Экология
- Медицина
- Музыка және театр
- Балет. Би. Хореография
- Тамақ өнеркәсібінің технологиясы
Толық мәтінді құжаттар топтамасына қол жеткізу Сізге жаңа кітаптар мен ғылыми мақалаларды қарауға және көшіріп алуға мүмкіндік береді. Құжаттар тек орыс тілінде ұсынылған.
Қосымша мәліметтер бойынша және "Лань" электрондық-кітапханалық жүйесінде жұмыс істеу үшін ақпараттық-библиографиялық бөлімге хабарласуларыңызды сұраймыз.