ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен  Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне орай 2013 жылдың 11 қыркүйегінде «Тілдарын-2013» олимпиадасы өтті. Ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты - Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, қабілетті жастарға қолдау көрсету болды. Олимпиадаға үш тілді меңгерген 18-30 жас аралығындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері мен жоғары, арнайы, жалпы білім беру ұйымдарының мамандары додаға түсті. Байқау барысында қатысушылар қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде берілген тақырыпқа сай «тұсаукесер» өткізу, эссе жазу, баспасөз мәслихатын өткізу, мәтінге ілеспе аударма жасау тапсырмаларынан сынға түсті.

Осы байқауға Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының халықаралық кітаптар бөлімінің кітапханашысы Нұрмағамбетова Әйгерім  бақ сынасып, нәтижесінде ІI орын иегері атанды. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, еңбекте әлі де талай асулардан асып, табыстарға жете беруіне тілектеспіз!