Оқуға ұмтылған әрбір жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын кеңейтіп, жан-жақты білім алуына және белгілі бір мамандық иесі болып шығуына көмектесетін бірден-бір оқу орталығының қайнар көзі – кітапхана.
Дәл осы тұрғыдан Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Американдық бұрышы кітапхана қабырғасынан тыс 16 мамырмен 9 тамыз аралығында «Білімнің қайнар көзі – кітапхана» атты ақпараттық керуенін іске асырды.
Ұйымдастырылған шараның басты мақсаты - оқуды насихаттап, кітапты оқуға қызығушылығын арттыру және қала жастарын кітапханаға тартып, жастардың ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамыту.
Ақпараттық керуен құрамы тек кітапхана қызметкерлерінен ғана емес, АҚШ-тан келген ағылшын тілінің ұстаздарынан құралды.
Керуен барысында Ә. Нұрмағамбетова мен Н. Елешова Американдық бұрыштың жұмысымен таныстырып, кітапхана мен ағылшын тілі клубтарына шақырса, АҚШ келген ағылшын тілінің ұстаздары Анна Труник пен Брэндт Уордер Америка туралы әңгімелеп, дәстүрлі твистер (twister), frisbee (фрисби), кикбол (kickball) ойынын ойнап, қуыршақтар көрінісін көрсетті.
Осы уақыт аралығында ақпараттық керуен облыстың 16 елді мекендерінде болып қайтты. Керуен тоқтаған жерлерде ерекше ықылас пен қазақи қонақжайлылық көрсетіліп, Америкадан келген қонақтар қазақ елінің этникалық ерекшелігімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.