2013 жылдың 25 шілдесінде Мәңгілік алау ауданының саяжайында Гоголевка кітапханашыларының және қала тұрғындарының көптен күткен Жазғы «Оқу қаласы» атты жобасы жүзеге асты.

Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өзінің сервистік және ақпараттық қызметін үздіксіз кеңейту үстінде. Соңғы жылдары кітапхана Интернет желісінде электрондық каталогын жариялап, интернет-сервисін кеңейтті. Виртуалды анықтамалық қызмет пен құжаттарды электронды жеткізумен қатар, кітапхана сайтында: онлайн ұзарту, онлайн қабылдау, RSS жаңалықтар лентасы, интерактивті сұрақтар мен викториналар сынды жаңа қызмет түрлері пайда болды. Қала тұрғындарына "Кітапхана есігі барлығы үшін ашық", "Кітапхана түні" секілді ауқымды Акциялар, қызықты флеш-мобтар өткізілуде.

Жазғы "Оқу қаласы" жобасының мақсаты – кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын ынталандыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту, балалардың жаз мезгіліндегі бос уақыттарын ұйымдастыру. Жобаның ашылуы кітапхананы өз оқырманына жақындатуға, қала тұрғындарының кітап оқуына және демалуына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Кез-келген адам жазғы оқу залының оқырманы бола алады. Жазғы оқу залының қорында оқырмандарымыздың және кітап дүкендерінің ұсынған көпшілік оқуға арналған мерзімдік басылымдары мен кітаптары бар.

Жазғы оқу залы 1 қыркүйекке дейін аптасына екі рет сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арналған викториналар мен әртүрлі акциялар өткізіледі.

Жазғы оқу залын ашу арқылы оқырмандарды тартуға, мәдени-демалу мекемесі ретінде кітапхана беделін нығайтуға, кітап оқымайтын және аз оқитын азаматтардың оқуға деген қызығушылығын оятуға қол жеткізе аламыз деген сенімдеміз.