Астана қаласының 15 жылдығы мерейтойына орай екі аптаның әр күнін нақты тақырып бойынша тойлану жоспарланған. 26 шілде "Біз Қазақстанның патриоттарымыз!" деген ұранмен аталып өтілуіне облыстық кітапхана ұжымы белсенді қатысып, флеш-моб ұйымдастырды.

Кітапхана алаңында сағат 11-де қызметкерлер жиналып, "Жыр-Жауһар" поэзия клубы мүшелерінің Астана туралы өлеңдерін тыңдады. Клуб мүшесі, жас ақын Айзада Садуақас лирикалық тақырыптағы өлеңін көпшілік назарына ұсынды.

Бір уақытта Астана туралы ән шарықтай жөнеліп, алаң ортасына кітапханамыздың жас кітапханашылары шығып, билей жөнелді. Үйлесімді қимыл мен әдемі әуен жиналғандарды еліктіріп жіберді. Би мен музыканың ырғағымен басқа қызметкерлер де флеш-моб ұйымдастырушыларымен қоса биледі. Кітапхана маңынан өтіп бара жатқан қала тұрғындары қол соғып, ризашылықтарын білдірді.

Бұл күні кітапханамызда облыстың мектеп кітапханашылары үшін семинар-тренинг ұйымдастырылып жатқан еді, флеш-моб оларға ерекше әсер еткендей болды, жатсынып тұрған мектеп кітапханашылары да биге араласып, бой жазып қалды.

Флеш-моб соңында "Туған күніңмен, Астана!" сөздері бірнеше рет айтылып, ду қол шапалақтарына ұласты.