Қателік
  • [sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/astana is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

[sigplus] Critical error: Image gallery folder material/news/astana is expected to be a path relative to the image base folder specified in the back-end.

2013 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхансында өткен «Шығармашылық және инновация аймағы»: Қарағанды облысының кітапханалар күнінің өтуі туралы ақпарат.

2013 жылдың 29 мамырында ҚР ҰАК кәсіби іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шығармашылық және инновация аймағы» Қарағанды облысының кітапханалар күні өтті. Бұл шараны 2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы «Ұлттық академиялық кітапханадағы аймақтық кітапханалар күні» атты жобасын жүзеге асырып келеді. Осы күнге дейін Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кітапханаларының тұсаукесерлері өтті.

Іс-шараның мақсаты:

  • Алдағы уақытта ақпаратқа, білімге, мәдениетке халықтың көпшілік өкілдеріне қол жетімділікті қамтамасыз етуге қабілетті біршама қолжетімді әлеуметтік мәдени орталықтар ретінде мемлекеттік кітапханаларды дамыту;
  • Қазақстандық қоғамға қызмет көрсетуде, зияткерлік әлеуетін дамытуда, кітап пен оқудың алға басуында әмбебап кітапханалардың стратегиялары мен міндеттерін анықтау;
  • Кәсіби тәжірибемен алмасу
  • ;Қарағанды облысының кітапханаларының мәртебесін жоғарлату.

Қарағанды облысының кітапханалар күнін ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы, Қарағанды облысының мәдениет басқармасы, Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.

Қарағанды облысының кітапханалар күніне қатысушылар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының, Назарбаев Университетінің ғылыми кітапханасының, Президенттік мәдениет орталығы кітапханасының, Астана қаласының ОКЖ, Астана қаласының ЖОО кітапханаларының жетекші мамандары, Павлодар, Ақмола, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан және т.б. облыстық әмбебап кітапханаларының өкілдері.

Кітапхананы дамыту стратегиясы алғашқы кезекте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және дамыту екендігін есепке ала отырып, кітапхана күнін ұйымдастырушылар бағдарлама жасау барысында шараның тәжірибелік жағына баса назар аударды. Сондықтан 3D форматында кітап жасау бойынша шеберлік-класы, АБИС (автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) жергіліктендіру бойынша кеңестер, е-үкімет порталының ресурсын қолдану бойынша тәжірибелік тренингі жоспарланды. Сонымен қатар, бағдарламада әлеуметтік Акциялар да назардан тыс қалмады. Дәл осы күні Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының «БОТА керуені» Республикалық жастар әдеби эстафетасына старт берілді.

Қарағанды облысының Кітапханалар күнінің бағдарламасына орталықтандырылған кітапханалық жүйелері қызығушылық танытты, бұл жөнінде: Қостанай облыстық делегациясының құрамында ОКЖ директорлары, сонымен қатар, ауылдық кітапханашылардан – 13, Павлодар облысынан С.Торайғыров атындағы ОӘҒК-ның өкілдерімен қатар 5 ОКЖ директоры қатысты, барлығы 10 адам, біршама көпшілік өкілдер Ақмола облысынан болды – 27 адам, Астана қаласының ОКЖ-нан 11 кітапханашы делегат болды. Қарағанды облысының кітапханалар күніне барлығы 120 адам қатысты.

Шарада кітапхана мамандарына кітапхана мамандығы және болашағы туралы пікір алмасуға, кәсіби ойлары мен әртүрлі жобаларды жүзеге асыру туралы ойларымен бөлісуге, еркін әңгімелесуге керемет мүмкіндік туды.

Кітапханалар күнінде «Туған жерім - Сарыарқа» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрмеге Н.В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының (негізгі коллекция), Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының және облыстықзағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың мәліметтері ұсынылды. Кітап көрмесінің негізгі бөлімдерінің мазмұнын Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-ң өлкетану бөлімінің меңгерушісі С.О.Телпекбаева ашып берді. Ол Қарағанды облысының экономика және өнеркәсіптің қалыптасуына арналған және мәдени дамуға, әлеуметтік салалардағы әдебиеттерге ерекше тоқталып өтті. Кітап көрмесі үлкен қызығушылық туғызып, ал көрмеге қойылған Қарағанды символының мүсіндері ерекше сән беріп тұрды.

Шараның салтанатты ашылуы Көгілдір залда өтті. Қарағанды облысының кітапханалар күнін ҚР ҰАК бас директорының 1-ші орынбасары Ж.К. Шаймуханбетова ашты. Ж.К. Шаймуханбетова ҚР ҰАК-ң аймақтық кітапханалар күнін өткізу туралы жобасы республикалық кәсіби кітапханалық бірлестікте үлкен жетістіктерге ие екендігін атап өтті.

Бүгін компьютерлендіру және ақпараттандыру аясында өзінің жетістіктерімен танымал болған Қарағанды облысының аймағына кезек келді. Ол залға жиналған барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қарағанды облысының мәдениет басқармасынан өнер және кітапханалар бөлімінің бастығы Г.Ж. Рахметова сөз сөйледі. Г.Ж. Рахметова: біздің болашағымыз – дәстүрлі мәдениетімізді жалғастырушы кітап пен жаңа ақпараттық технологиялар ордасы кітапханада екендігін айтты. Осыған орай, алдымызда Қарағанды облысының кітапханаларын жаңарту стратегиялық бағыты тұр.

{gallery}material/news/astana{/gallery}

Ж.К. Шаймуханбетова келесі сөз кезегін жоспарлама отырыстың модераторы Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК директоры, «Шығармашылық және инновация аймағы: Қарағанды облысының кітапханалық кеңістігі» туралы сөз сөйлеген Д.Б. Аманжоловаға сөз берді. Сөз сөйлеу барысында Қарағанды облысының кітапхана саласының жағдайына қысқаша талдау жасалды: кітапхананың дамуы және оқырмандарды тартудың жаңа жолдары туралы айтылды.

Кітаптардың алға басуына «Бір ел - бір кітап» жыл сайын өтетін республикалық Акциясының қосатын үлесі зор. Жыл сайынғы Акцияға 5 мыңға жуық адам қатысады.

Әрі қарай Д.Б. Аманжолова кітапхананың веб-сайттарының нәтижелі дамуын, құжаттамалық мұраның цифрлануын, ҚазҰЭК ресурстарын қолдануды және ҚазҰЭК-да сапалы аймақтық контентін қалыптастыруды талап ететін зияткерлік ақпаратқа инновациялық қолжетімділікті енгізудің негізгі артықшылықтарына тоқталып өтті. (қашықтан қолданушыларға арналған онлайндық қызмет көрсету, кітапхананың веб-сайттарының онлайндық құрылымдары, онлайн каталог). «Электрондық үкіметті» дамыту және «Ақпараттық қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламаламасын ақпараттық қолдау.

Осы мәселелерді шешу үшін облысымызда ОӘҒК директоры қысқаша сипаттап берген арнайы шарттар бар.

Сөз соңында кітапхана саласы бойынша мәселелер туралы айтылды:

  1. Кітапхана қорының жаңартылу мәселелері.
  2. Ақпараттандыру проблемалары
  3. Автоматтандыру проблемалары.
  4. Штат мен кадр проблемасы
  5. Материалдық-техникалық база проблемалары.

«Кітапханаларда үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» туралы Шахтинск ОКЖ-ң директоры И.А. Калинина сөз сөйледі. Шахтинск ОКЖ кәсіпкерлік және шағын бизнеске жәрдемдесуде ерекше тәжірибеге ие. Кітапхананың шарасына «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны ақпараттық қамтамасыздандыру бағдарламасының жоспары» де енгізілді.

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.А. Бекбалакованың «Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы: заманауи реалия» және Абай атындағы ОБК-ң инновациялық әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Ж.М. Карипованың «Шығармашылық арқылы балаларды оқуға тарту» туралы сөзінде балалар мен жасөспірімдер арасында кітапты және оқуды дамыту туралы айтылды. ОЖК оқуды дамыту бойынша «Оқуға ұмтыл», «Оқыған жастар - ұлт болашағы», ақпараттық технологиялар бойынша «Шуақ» сайтын жасау бойынша жобалар, «Дәнекер» Ж.Бектұров мұражайының қорын цифрлау және т.б. қызықты жобаларын ұсынды. ОЖК жастарды толерантылыққа, халықаралық мәдениетке тәрбиелеу бойынша жобаларды дамытып келеді, ол Ресей. Украина елдерімен Интернет-конференция бейнебаянын ұйымдастырды. Г.А. Бекбалакова 2012 жылы өткен Ж.Бектұровтың 100 жылдығына арналаған халықаралық конференциясына да тоқталып өтті.

Ж.М.Карипова балалар шығармашылығын ұйымдастыру бойынша үйірмелік жұмыстар туралы айта келіп, барлық үйірмелік жұмыстар кітап негізінде құрылатындығын ерекше атап өтті.

Үзілістен соң Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК-ң жетекші мамандары кітапхана қызметінің өзекті бағыттары туралы презентациялар ұсынды: автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі А.А. Болдыш «Кітапхана сайтында ақпараттық сервисті дамыту» тақырыбының мазмұнын ашып берді, алғаш рет кітапханада і-код технологиясын қолдануға мүмкіндік берілді. Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ф.Х. Тимершина кітапхана сайтындағы Әдіскер кабинетінің ақпаратпен толықтырылуы жөнінде айтып берді. «Аналитика» бөліміне ерекше тоқталды. Цифрлау проблемаларына туралы өзекті мәселесі туралы өлкетану бөлімінің меңгерушісі С.О. Телпекбаева сөз сөйледі.

Кітапханалар Күнінің екінші жартысында «Кітапханаларда ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту» шығармашылық алаңы Сұхбат залында өтті. Бағдарламада жарияланған шараға қатысам деушілер залға сыймай қалып жатты.

«Кітапханада АБИС жергіліктендіру тәжірибесі бойынша» Н.В. Гоголь атындағы ОӘҒК жүйелік әкімшілігінен Қ. Рахим өз тәжірибесімен бөлісті. Кітапханаларды автоматтандыру жүйесінде ИРБИС ұлттық тілде, сонымен қатар қазақ тілінде жұмыс істеу бірқатар мәселелерді туындататынын атап өтті. 2007 жылдан бастап ИРБИС-ті енгізу барысында біздің кітапханада бұл мәселе сәтті шешімін тауып келеді.

Автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі А.А. Болдыш «Кітапхана сайтында ақпараттық сервисті дамыту» туралы шеберлік-класын өткізді. Кез келген кітапханашыға қол жетімді әрі қарапайым кезеңдік ережелері туралы айтылды. Екі ноутбукта Павлодарлық және Ақмолалық өкілдері жұмыс жасады.

«Е-Үкіметтің интерактивтік және транзакциондық қызмет көрсету» тренингін ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Б.Қ. Уатаева өткізді. Ол электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мүліктік салық салу туралы анықтама алу көмегімен қызмет көрсетудің технологиялық тізбектерін көрсетті.

ҚР ҰАК бас директорының 1-ші орынбасары Ж.К. Шаймуханбетова Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасын ҚР ҰАК Сертификатымен марапаттап, Қарағанды облысының кітапханалар Күнін қорытындылады. Сондай-ақ «Жастар бастамасы» шығармашылық алаңын ерекше атады.

С.Торайғыров атындағы Павлодар ОӘҒК-ң директоры М.А. Жиенбаева: «Қарағандылықтардан үйренетін нәрсе көп екендігін білеміз, сондықтан да біз үлкен делегация болып келдік» - деп ерекше ықыласын білдірді. Ф.Х. Тимершинаның орындаушылық шеберлігіне ерекше тоқталып облыстық әдіскерлік орталығының биік мәртебесін тағы бір дәлелдеп бергендігін айтты. Павлодарлықтардың сөзіне Ақтөбе және Қостанай облыстарының өкілдері де қолдау көрсетті.

Қарағанды облысының Кітапханалар күнінің соңында естелікке барлық ұжым болып суретке түсті.