31 мамыр  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

1993 жылдың 14 сәуірінде "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңы ел тәуелсіздігі тұсындағы алғашқы заңдардың бірі болып қабылданды.  Биыл осы заңның қабылданғанына 20 жыл толып отыр. 1997 жылы Елбасының Жарлығымен ел күнтізбесінде 31 мамырар найы  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып бекітілді.

Өркениетті қоғамға қадам басқалы тұрған ел үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу  өте қажетті іс.

Осыған орай, 2013 жылы 13 мамырда  Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК-да "Тағдырлар тарихы – История судеб" атты естелік кеш өтті. Кешке "Болашақ" университетінің тарих ғылымдарының  кандидаты,  политология  кафедрасының доценті  Рысбекова Балқия Түсіпбекқызы, Орталық Қазақстан Академиясының азаматтық құқық кафедрасының доценті  Ли Валерий Вонбонович,  облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жағыпар  Әділет  Бауыржанұлы қатысты. Олар ҚГТК және "Фемида" колледждері оқушыларына үрейлі жылдардың зобалаң кезеңі жайлы, сонымен қатар ел азаматтарының жан кешті тарих тылсымындағы тағдырлары жөнінде әңгімелеп берді.  Кеште репрессияға ұшыраған қазақ ақындары  А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтың және елінің ертеңі үшін күресуді мақсат еткен  С. Торайғыровтың өлеңдерін жас ақын Қуатбек Ерболат және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің оқушылары  Медеубаева Гакку мен Нұрманбаев Ерік нақышына келтіріп оқыды.

Көрермендер назарына "Өмірін халыққа арнаған - Жизнь, отданная народу" атты безендірілген кітап көрмесі ұсынылды.  

Кештің мақсаты – қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріп, сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру, ұлы есімдерді ұмытпау, оларды мәңгі құрметтеп өту болды.

Қазақ халқының қилы тарихына шолу жасап, өткенді ұмытпауға бағытталған бұл естелік кеш жастардың саналарына ой ұялатқандай.