Көктем шақырады!
Наурыз шақырады!
Біз шақырамыз!
Ақбоз үйді үлпілдеткен, Боз даланы бүлкілдеткен. Қуанышты күлкің – көктем, Әсем едің, шіркін, неткен, Наурызым! |
Құлпырады сәнді бақтар, Жұлқынады арғымақтар. Сылқылдайды бал бұлақтар, Мерекемсің мәңгі мақтар, Наурызым! |
Құрметті оқырмандар!
Кітапханада 19 наурыз күні сағат 15:00 де "Жыр-Жауһар" поэзия клубының ұйымдастыруымен ұлыстың ұлы күніне арналған "Ауылдар аламаны" атты топтық сайыс өтеді.
Сайыста есімі елге насихатталмай жүрген жерлес дүлдүл ақындарымыз Тұрсын Жұмаш, Дәулет Ырысбайұлы, Дәуітәлі Стамбеков, Көшен Елеуов атындағы ауылдардың өнерпаздары ән шашу, өлең оқу, айтыс, күй тартыс, салт-дәстүр, ұлттық ойындар сынды өнер түрлерінен өзара аламанға түседі.
Мерекелік іс-шараның қонақтары – жерлес ақын-жазушылар С. Сағынтай, Қ. Асқар, Р. Нұрбай, Б. Мүбәрак, Р. Абдрахманов.
Мерекеге ат салысып, өз өнерімді ортаға салам деушілерді шақырамыз!
Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, байырғы қазақ ауылына саяхат шегіп қайтыңыздар!