23 қаңтар күні кітапханамызда «ZERDE» әдеби клубының кезекті отырысы өтті. Аталмыш шараға Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ-дің «Кітап Life» клубының мүшелері мен @qjptk_krg Қарағанды жоғары политехникалық колледж, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Іс-шара барысында клуб мүшелері «Менің сүйікті кітабым» атты пікірлесу алаңында  ғалым, академик Е.Бөкетовтің «Жас Қаныш» деректі хикаятын талқылап, шығармадағы жас кейіпкер Қаныштың жастық шағы, өскен ортасы, үлкендерден алған үлгі өнегесі, тәлім-тәрбие ерекшеліктеріне кеңірек тоқталып өз ойларын ортаға салды.

Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің студенті Советов Батырхан  Қаныш Сәтбаевтың кішкентай кезінде әкесі Имантайдың үйреткен тәрбиесі, әжесі Нұрымның тағылымы жайлы баяндаса, Олжабай Бүркіт әдеби туындының идеясы мен мазмұны, кейіпкерлердің образдары оқырмандарға ықпал жасайды, ойландырады, тағылым береді деп ой түйді. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенті Нұрдәулет Амандық шығармада негізінен қазақ халқының сахаралық тұрмыс-тынысын, әдет-ғұрпын суреттейді десе, Нүркенова Риза бір әулеттің орныққан дәстүрі, кісі күтуі, қазақы ғұрып -салтты сақтауы, ұрпақ тәрбиесі, ата салты қызықты суреттеледі және алатын тәлім-тәрбиесі мол екенін жеткізді.

Қатысушылар шара соңында автордың әлеуметтік болмысты көркем шындықпен егіз өрістетіп отырғанын, Болашақ тұлға Қаныштың жастық шағын суреттей   отырып, жас Қаныштың белгілі бір өмір кезеңінен қызғылықты, шағын шығарма жасаған деп ой түйді.