Америкалық бұрыштар — бұл Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен облыстық әмбебап кітапханалар базасында ашылған ақпараттық-ресурстық орталықтар. ОӘҒК Н. В. Гоголь атындағы Америка бұрышы жоғары сапалы ағылшын тіліндегі ресурстарға, зерттеу базасына, американдық кітаптарға, фильмдерге, ойындарға және басқа да қызығушылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Американдық бұрышқа келушілер жаңа достар таба алады, ағылшын тілін үйреніп, АҚШ мәдениеті туралы мағлұмат ала алады.

2020 жылдың наурыз айынан бастап пандемияға байланысты Қарағандыдағы Америка бұрышы онлайн-форматта жұмыс жасай бастады. Әр ай сайын Қазақстандағы америкалық бұрыштардың белгілі бір тақырыпқа сайбағдарламалар арнайды, атап айтқанда халықаралық мерекелерге және АҚШ тарихындағы маңызды күндерге арналады. Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде апта сайын Қарағанды қаласының Америка бұрышы әр түрлі іс-шаралармен апталық кестені жариялайды. Американдық бұрыштарда пікірталас және сөйлесу клубтары, семинарлар және шеберлік сағаттар және т.бшаралар өткізіледі. Сонымен қатар, америка бұрышының танымал бағыттардың бірі ол -STEAM (ғылым, технология, инженерия, өнер, математика). STEAM бағдарламалары аталмыш салаларда «жұмсақ дағдылардың» дамуына көмектеседі.

 Әдетте, өткізілген сессиялар жазылып отырады, содан кейін Kazakhstan American Corners YouTube арнасында жарияланады. Қарағандыдағы Америка бұрышы апта сайын АҚШ-тағы мерекелер мен маңызды күндеріне арналған кем дегенде екі онлайн-шара өткізеді.Сонымен қатар, Америка бұрышында түрлі байқаулар жиі өткізіледі, оларға қатысушылар Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және ACK логотиптері бар кәдесыйларды сыйға тартады.Америкалық бұрышта кітапхана бағдарламалары аясында балалар клубы жұмыс істейді, онда балалар ағылшын тілін үйрене алады. Клубтың негізгі мақсаты - ағылшын тілінде сөйлесу дағдыларын дамытуға көңіл бөлу.

Клуб кіші (7-10 жас) және үлкен (11-13 жас) екі топтан құралған: Сонымен қатар, біздің оқырмандар аптасына бір рет дөңгелек үстел форматында өткізілетін «ағылшын тілінде сөйлесу клубының» қатысушы бола алады.Ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын үйренгісі келетіндердің барлығы клуб жұмысына қатыса алады.  Дөңгелек үстелдердің тақырыбы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар мен мереке күндерін ескере отырып әзірленеді.

Қазіргі таңда Америкалық бұрыш өз қызметінде АҚШ Елшілігінің ақпараттық қызметімен, KazTEA ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығымен және қаланың жоғары оқу орындарының шет тілдер кафедраларымен тығыз қарым-қатынаста.