ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті әйел образын жаңа қырынан суреттеген шығармаларға өте бай. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», Бейімбет Майлинның «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздың күні», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу», Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» т.б. көптеген туындыларда әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген. Шығармаларда көтерілген басты мәселе – қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі. Шығармалардың айтар ойы сол кездегі қазақ даласындағы өз теңіне қолы жетпеген қазақ қыздарының бақытқа жетудегі күресі.
Сіздердің назарларыңызға кітапхана қорымыздағы қазақ әдебиетіндегі әйел теңсіздігі тақырыбына жазылған шығармалар туралы шолу ұсынамыз.